Ұсынылған материалдар  «Аграрлық сектордың тұрақты дамуы, азық-түлікті қайта өңдеу және қауіпсіздігі»  бағыты аясында «Ғылым мен технологиялар саласындағы жүйелік талдау және болжау» жобасы бойынша зерттеудің аралық  нәтижелерінен тұрады.

 

Зерттеулердің негізгі мақсаты 2030 жылға дейінгі мерзімдеҚазақстан Республикасында ғылым мен технологияларды дамыту бойынша мақсатты ұсыныстарды дайындау болып табылады. 

 

Жұмыстардың аралық нәтижелері 2030 жылға дейінгі мерзімде  Қазақстанда Аграрлық сектордың тұрақты дамуы, азық-түліктіқайта өңдеу және қауіпсіздігісценариін қамтиды.  Осы Сценарий бойынша жұмыстарға  ғылыми-техникалық ақпаратты, мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламаларды,  жетекші  отандық және халықаралық  зерттеу ұйымдарының, «үлкен төрттіктің» консалтингілік компанияларының талдамалы  есептерін талдау, библиометриялық және патенттік іздеу жүргізу кіреді. 

 

Жұмыстардың нәтижелері  «Аграрлық сектордың тұрақты дамуы, азық-түліктіқайта өңдеу және қауіпсіздігі» бағыты бойынша ғылым мен технологияларды дамытудың ішкі және сыртқы трендтерін анықтау,болашақ дамуға әсер ететін  негізгі факторлар мен олардың өзара байланыстарын анықтау, мықты және әлсіз жақтарды табу, сондай-ақ сыртқы орта тарапынан қауіптер мен мүмкіншіліктерді анықтау болды.  Сценариде  R&D өткізу саласындағы  Қазақстанның құзыреті қаралды, бағытты дамыту үшін іс-шаралар кешені мен стратегия ұсынылды, осы сценариді іске асырумен байланысты әлеуетті тәуекел анықталды.     

 

Сценариді талқылау сараптамалық панельдер, сондай-ақ сарапшылардың үлкен тобының (академиялық, ғылыми сала, бизнес қауымдастық, мемлекеттік органдардың өкілдері) қатысуымен дөңгелек  үстел шеңберінде өткізілді.

Сіздерден форумда Сценариді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер қалдыруларыңызды сұраймыз. 

Тұсаукесер

Сценарий рефераты

Сценарий

Сарапшылар

 


«Аграрлық сектордың тұрақты дамуы, азық-түліктіқайта өңдеу және қауіпсіздігі» форумы