Все новости и события

Clarivate Analytics бойынша ғылыми мақаласы жоғары сілтемеге ие болған қазақ ғалымдары марапатталды

Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы мен Clarivate Analytics компаниясының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы тапсырылды. Жыл сайын берілетін дәстүрлі сыйлыққа Web of Science Core Collection ресурсында 2014-2016 жылдары ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдар қол жеткізді.

Ертең үздік ғалымдар марапатталады

Ертең «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы мен Clarivate Analytics компаниясының бірлесіп «Ғылым лидері – 2017» сыйлығын тапсырады. Жыл сайын берілетін дәстүрлі сыйлыққа Web of Science Core Collection ресурсында 2014-2016 жылдары ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдар қол жеткізді деп күтілуде. Шара «ҰМҒТСО» АҚ-ның ғимаратында өтеді.

Туризм жайында ғылыми мақала жазып, жоғары сілтемеге ие болған жас ғалым

«ҰМҒТСО» АҚ мен Clarivate Analytics компаниясы  жыл сайын шетелдің импакт-факторы жоғары журналдарына ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған ғалымдарды марапаттауды дәстүрге айналдырығаны белгілі. Биыл да тараптар қалыптасқан дәстүр бұзбай «Ғылым лидері – 2017» байқауы аясында үздік ғалымдарды 8 қараша күні марапаттамақшы. Осы айтулы шара қарсаңында ғылыми мақаласы жоғары сілтемеге ие болып, үздік деп танылған жас ғалым – Ғалымжан Сейловпен жолығып, сұхбаттасудың сәті түсті.

«Ғылым лидері – 2017». Эллипстік шеттік есептердің мәселелері

Аталым: Шетелдің авторларынсыз жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған қазақстандық жарияланым. Web of Science Core Collection, 2014-2016 жылдар аралығы физика ғылымдары саласы бойынша.  
 

Scopus және Science direct базасына 263 ғылыми мекеме қосылды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин өзінің Фейсбуктағы парақшасында 1 қазаннан бастап қазақ ғалымдары үшін Elsevier компаниясының Scopus және Science direct ғылыми мәлімтеттер қорына еліміздегі 263 ғылыми мекеме қосылғанын қуана хабарлады.   

Ұлттық ғылыми кеңес ғылым саласында траспаренттік қағидаларын қалыптастырды

Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысына қатысқан белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, академик, Қазақ өсімдікті қорғау және  карантин ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Абай Сағитов Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысына қатысты пікірін білдіріп, ұсыныстарын айтты.  

Ғылыми мәлімет – ғылымды дамытудың басты құралы

Ақпараттық технологиялар ғылымның дамуы бағытын түбегейлі өзгертті. Қазір ғылымды ғылыми ақпаратсыз көзге елестету мүмкін емес. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымының көштен қалып қоймауы үшін отандық ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың (ЖОО мен ҒЗИ) дүниежүзілік ақпарттық ресурстарына Ұлттық жазылымды ұйымдастыру ісіне ықпал еткені белгілі. Осылайша қазақ ғылымы бәсекеге қабілеттілігін ұштай түсу үшін мемлекет қазынасынан қаржы бөлініп, ғылыми ынтмақтастықтың аясы кеңи түсті. Қазақстан ғалымдарының халықаралық ғылыми мәліметтер базасына қол жетімділігін арттыруда «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-на маңызды міндет жүктелген болатын. Орталықтың Халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттарға қол жетімділікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Кәмилә Ахатова бұл бағытта атқарылаған жұмыстар жайында жан-жақты айтып берді. 

Ғылми сараптама ғалымдардың еңбегін әділ бағалауға жол ашты

Қазақстанда ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша гранттық және нысаналы-бағдарламаларды қаржыландыру жүйесінің енгізіліп жұмыс істеп жатқанына біраз жыл болады. Заман ағымына сай енгізілген жүйе отандық ғылымның дамуына қаншалықты әсер етті? Жалпы, ғылыми ортада бұл жүйені қолдаушылар мен қарсы шығушылар да бар екенін білеміз. Осы ретте бұл жүйенің жұмысын жетік білетін Математика және математикалық модельдеу институтының директоры, академик Тынысбек Кәлменовке көкейле жүрген сұрақтарымызды қою мүмкіндігіне ие болдық.

«Ғылым көшбасшысы – 2017» сыйлығы тапсырылады

2017 жылдың 8 қараша күні «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы мен Clarivate Analyti компаниясының бірлесіп ұйымдастырған «Ғылым көшбасшысы – 2017» дәстүрлі сыйлығы Web of Science CoreCollection ресурсында ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдарды марапаттау рәсімі өтеді.

Беттер