Орталық туралы

Мемлекеттік ұлттықғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – Сараптама орталығы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысымен құрылды және ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ғылым комитетінеқарасты,жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам болып табылады.

Сараптама орталығы  ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар сараптамасын басқарудың, тәуелсіздігінің, ашықтығы мен жариялылығыныңбірыңғайлығынқамтамасыз етеді.

Орталықтың миссиясы  – анағұрлым келешегі бар ғылыми жобалар мен бағдарламаларды анықтауға  сондай-ақ ғылыми зерттеулер сапасын арттыруға бағытталған тәуелсіз және объективті ғылыми-техникалық сараптама арқылы отандық ғалымдардың, ғылыми ұйымдар мен ұжымдардың  әлеуетін іске асыруға  ықпал ету.

«Ғылым туралы» ҚР Заңында анықталған Орталықтың негізгі міндеттеріне гранттық  және бағдарламалы-мақсатты қаржыландыруға берілген ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі -МҒТС) ұйымдастыру,жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру,  орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін бағалау және Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру жатады.

Өз қызметінде Сараптама орталығы  анағұрлым құзырлы сарапшыларды тарту, ұйымдастыру процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ ғылыми этиканың жоғары стандарттарын енгізу арқылы МҒТС объектілерін сапалы және объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыттарды кешенді іске асыру Орталықтың негізгі жұмыс принциптерін  -сараптама тәуелсіздігі, объективтілігі, дұрыстығы және жариялылығын   жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Құрылған сәттен бері Орталықта 10 мыңнан аса МҒТС объектісі, оның ішінде 6,5 мыңнан астам гранттық қаржыландыруға берілген сұранымдар өңделді.

Сараптамаға қабылдағаннан бастап Ұлттық ғылыми кеңестер қаржыландыру туралы шешім қабылдағанға дейін сұранымдарды  қарау рәсімі, сарапшыларды іріктеу және олардың қызметі сүйемелдеу әдістемесі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры, АҚШ Ұлттық денсаулықсақтау институты, Жапон ғылым және технология агенттігі, Ресей іргелі зерттеулер қоры сияқты әлемнің аса ірі ғылыми қорларының тәжірибесіне  негізделген. 

Тарихы

Орталық қызметінің ерекшелігі  сандық түрі жоқ «сараптама объективтілігі», «сарапшылардың іріктеу сапасы», ғылыми зерттеулер сараптамасына тартылған ғалымдардың кәсіби деңгейін бағалап, салыстырумен, яғни ғылыми-негізді әдіснама негізінде регламенттелген іріктеудің айқын ережесі болмаған  субъективтік факторлардың пайда болуына және соның салдарынан жобалардың қорытынды бағасының объективті болмауына әкелуі мүмкін  процедураларға байланысты  «сарапшының құзыреттілігі»  сияқты  сапалық түсініктерді тәжірибелік іске асыру болып табылады.

Осылайша, құрылғаннан кейін Сараптама орталығының алдынан туындаған бірінші міндеттердің бірі бекітілген заңнама талаптарына сәйкес келетін және ғылыми қауымдастықтағылымижұмыстарды бағалау және іріктеудің жаңа жүйесіне деген сенім қалыптастыратындай жеткілікті негізделген  МҒТС  ұйымдастыру және жүргізу әдіснамасын әзірлеу болды. 

Орталық қызметкерлерінің өтінім қабылдаудан бастап Ұлттық ғылыми кеңестерге МҒТС қорытындысын бергенге дейінгі жұмысының  бүкіл технологиялық үдерісін  регламенттейтін  МҒТС ұйымдастыру және өткізу бойынша уақытша нұсқаулық әзірлеген кезде әдіснамалық негіз ретінде  пайдаланылатын төмендегі құжаттарды қабылдады:

• European peer-review guide. Integrating Policies and Practices into Coherent Procedures.

• Writing the NIH grant proposal. A step-by-step guide.

• The European Science Foundation (EFC) Principles of Good Practice.

• Parmenides Foundation Rules for Ensuring Good Scientific Practice.

• NSF Grant Proposal Guide.

• NSF Grant Policy Manual.

• Academy of Finland: general guidelines.

• Academy of Finland: guides for reviewers.

• Academy of Finland: guidelines on research ethics.

• NIH GeneralGuidelines.

• Ғылыми қызметтің этикалық қағидаттары туралы:  талдамалы шолу және ТМД қатысушы мемлекеттері үшін декларация жобасы.

Ішкі құжаттарды әзірлеумен қатар  аса қысқа мерзімде  талап етілетін білім салаларында жоғары құзыреті бар ғалымдарды табуға, оларды салыстыруға  және  сараптама жүргізу үшін анағұрлым релевантты  үміткерлерді іріктеуге мүмкіндік беретін құралдарды іздеу басталды.   Шешім ғалымдардың жариялау белсенділігі, дәйексөз алу индексі,  автор мен оның Хирш индексі жарияланған  импакт-фактор журналы  сияқты ғылыми қызметті бағалаудың формальды  ғылыми-метриялық көрсеткіштерін пайдаланғанда табылды.  

Гранттық  қаржыландыруға  өткізген конкурстар шеңберінде пайдаланылған,  кестеде берілген инструментарилер өз жұмыстарын жетекші рецензияланатын  ғылыми журналдарға

жариялайтын шетелдік және отандық ғалымдардың, осы ғалымдардың, патенттік ақпараттың нәтижелілігінің библиометриялық көрсеткіштерін, сондай-ақ 5000-нан астам қаржыландыру көздерінен бөлінген шетелдік гранттартуралы деректерді қосқанда,  ғылыми қызметі туралы ақпаратқа қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Scopus           

Scopus шамамен 5000 халықаралық басылымдардың 18500  атаудан артық  ғылыми-техникалық және медициналық журналды индекстейтін әлемдегі жалғыз рефераттық және ғылыми-метриялық деректер қорын (дәйексөз алу индексін) ұсынады. Күн сайын  жаңартылып отыратын  Scopus деректер қоры  жетекші ғылыми баспалар журналдарының алғашқы шығарылымы, бірінші томына дейінгі жазбаны қамтиды.

WebofKnowledge     

ISI WebofKnowledge 20-ға жуық деректер қорын біріктіретін тұғырнама болып табылады, ол кітаптар, конференция материалдары, патенттер, химиялық формулалар, электрондық жарияланымдар, препринттер, гранттар туралы мәліметтерден тұратын  пәнаралық және тармамандандырылған деректер қорларын қамтиды.

Ұлттық жазылым шеңберінде келесі қорлар қолжетімді:

WebofScience –дүниежүзіндегі 3 қорды біріктіретін ең беделді  талдамалы және журнал мақалаларының дәйексөздік деректер қоры: Science/SocialSciences/Arts&HumanitiesCitationIndex.  Бұл ресурстарға әрбір жарияланымда кездесетін барлық библиографиялық сілтемелер тізімікіреді, бұл қысқа мерзімде қызықтыратын тақырып бойынша ең толық библиографияны  алуға мүмкіндік береді. 

DerwentInnovationsIndex– патенттер, қорлар синтездері туралы ақпаратты қадағалау құралы: DerwentWorldPatentsIndex, DerwentPatentsCitationIndex, ChemistryResource. Осы деректердің  қиыстырылуы патенттер арасындағы байланыстыр мониторингін ұсынады және WebofScienceде  баптармен патенттерді байланыстырады.

MEDLINE –АҚШ Ұлттық медициналық кітапханасы құрған медициналық ғылымдар бойынша мақалалардың ірі библиографиялық  базасы (U.S. NationalLibraryofMedicine, NLM). 75 %-ға жуық әлемдік медициналық басылымдарды қамтиды. Қор 1950 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі  жарияланымдар туралы 18,8 млн. артық жазбадан тұрады.

JournalCitationReports - журналдарды салыстыру және бағалауға арналған құрал. Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласындағы анағұрлым ықпалды ғылыми журналдар туралы, сонымен  қатар журналдар импакт-факторы  туралы ақпараттан тұрады.

SciValFunding          

SciValFunding -  қорларды бөлу бойынша интеллектуалдық веб-шешім. Құрал 5000-нан аса қаржыландыу көзінен бөлінген шетелдік гранттар туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. SciValFunding  кез-келген зерттеу саласынада зерттеушілердің қайсысы анағұрлым маңызды болып табылатынын анықтауға көмектеседі.

Reviewerfinder         

Reviewerfinder -  семантикалық талдау арқылы анықталатын, өтінімдердің кілт сөздері негізінде сарапшыларды табуға мүмкіндік беретін интеллектуалдық веб-шешім.

Бұдан әрі МҒТС  ұйымдастыру әдістемесі және оның негізінде енгізілген технологиялық үдеріс АҚШ және Еуропаның  жетекші грант жасайтын ғылыми қорларының  (АҚШ Ұлттық ғылыми қоры, АҚШ Ұлттық денсаулық институттары, Финляндия академиясы, Швед зерттеушілер кеңесі, Корея  ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институты, Ұлыбритания зерттеушілер кеңесі, Ирландия Ғылыми қоры) өкілдерімен талқыланды. Нәтижесінде МҒТС ұйымдастыру деңгейін сапалы арттыруға және ғылыми жобалар бағаларының  озық тәжірибесін толыққанды енгізуге мүмкіндік бермейтін қолданыстағы нормативтік және құқықтық актілердің кейбір ережелерін өзгерту жөнінде ұсыныстар қалыптасты.  Бұл ұсыныстар жақында қабылданған МҒТС ұйымдастыру және өткізу ережесінде, Ұлттық ғылыми кеңестер туралы қағидада, сондай-ақ Базалық, гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасында өз көрінісін тапты.

2013 жжылғы қыркүйекте  жаңа  МҒТС ұйымдастыру ережесі қабылданумен Орталықта бірқатар рәсімдерді, оның ішінде өтініш берушінің анонимділігін болдырмау, сарапшылар консенсусы негізінде МҒТС жасауды қалыптастыру қажеттілігімен  және т.б. байланысты  рәсімдерді қайта қарау жұмысы басталды.

Орталық өзінің алдына қойған маңызды міндеттердің бірі ғылыми жобаларды дайындау сапасын арттыру үшін білім алу негізіндегі ғылыми қоғамдастықты қолдау, оларды  басқару және   әлемдік деңгейдегі нәтижелерге жету мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.

2012 жылдан бастапОрталық мемлекеттік ғылыми-техникалық гранттық сараптама жүргізетін шетелдік сарапшылардың дәріс беруші ретінде қатысуымен болатын гранттық қаржыландыруға  өтінімдер дайындау  бойынша семинарларды жүйелі түрде өткізеді. Олардың қатарында  Лондон Империя колледжі, Гарвард медициналық мектебі, Мәскеу мемлекеттік университеті, Берклидтегі Калифорния университеті, Испания Ғылыми кеңесінің Эволюциялық биология институты, Сент-Луистағы Вашингтон университеті, Оксфорд университеті, Марбург университеті, Аргентина Ғылыми кеңесі, Финляндия академиясы және Назарбаев университеті сияқты ұйымдардың өкілдері бар. 

Бүгінгі күні Алматы, Астана, Орал және Өскемен  қалаларында 5 семинар ұйымдастырылды. Іс-шараларға барлығы ғылыми қоғамдастықтың  2,5 мыңға жуық өкілі қатысты.

2013 жылы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сараптама орталығы Британ кеңесімен бірге Қазақстан және Ұлыбритания ғалымдары арасында жаңа ғылыми байланыстарды орнатуға және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған  «ResearcherLinks» жобасына бастамашы болды. Жобаның идеясы – жас зерттеушілерге бірлескен ғылыми жобаларды орындау шеңберінде бір-бірімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін ұсынады, мұнымен ғылыми зерттеулер саласында  Қазақстан мен Ұлыбританияның тұрақты серіктестігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жобаны іске асырудағы алғашқы қадам өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан британ университеттері мен қазақстандық ғалымдардың жеке кездесулерін ұйымдастыру болды. Келесі кезеңге жобаға қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық іріктеу кіреді, оның нәтижелері бойынша 2013-2014 жж. Астана және Өскемен қалаларында үш тақырыптық семинар өткізу жоспарланып отыр.

Орталықтың функциясы

- мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық  сараптама  (бұдан әрі – МҒТС) жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;

- МҒТС объектілерінің мамандандыруы мен ерекшелігіне сәйкес МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың құрамын сапалық және объективтік іріктеу;

- МҒТС әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық оның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер қорын қалыптастыру және МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы сарапшылармен шарттар жасасу арқылы жасақтау;

- ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру;

- ұлттық ғылыми кеңестерге МҒТС нәтижелерін жіберу;

- орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды, бағдарламаларды бағалау;

- жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігіне мониторинг жү