Басқарма Төрағасы

Ыбыраев Әділ Жүнісұлы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы Президенті.

Әділ Ыбыраев С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді және Алматы саясаттану және басқару инстиутын бітірген, саяси ғылымдар кандидаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет белгісінің иегері.

ҚазКСР Министрлер кеңесінде кеңесші, Министрлер кеңесі Төрағасының көмекшісі, Президент пен Үкіметтің біріккен әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Премьер-Министр кеңсесінің әлеуметтік бөлім саласының меңгерушісі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Сондай-ақ, ҚазТАГ-ТАСС тілші, «Ленинской  смены» газеті бас редакторының орынбасары және «Караван» республикалық басылымын басқарған. 2013 жылы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» президенті, 2016 жылдың қыркүйек айынан бері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ал 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Президенті қызметін атқарып келеді.

 

Әбубәкірова Лейла Пернебайқызы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы вице-президенті

Лейла Әбубәкірова 1993 жылы Жамбыл технология институтының жеңіл және тамақ өнеркәсібі бөлімінің тері және былғары технологы мамандығы бойынша аяқтаған. 2005 жылы Қарағанды экономика университетінде экономист мамандығын, 2011 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін юриспруденция мамандығын меңгерді.

1993-2011 жылдар аралығында мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Қаржы және экономикалық жоспарлау департаментінің директоры, 2013 жылы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы вице-президенті қызметіне тағайындалды. Ал 2016 жылдың желтоқсан айынан бері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның вице-президенті қызметін атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальімен марапатталған.

 

Бапиева Маринат Кайырбайқызы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы вице-президенті

Маринат Бапиева Қазақстанның Менеджмент, Экономика және Старатегиялық жоспарлау институтын (KIMEP), МАБ-тың бухгалтерлік есеп және қаржы мамандығын және Абай атындағы ҚазМП университетін орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Алматы бөлімшесінің директоры және Оқытуды ұйымдастыру департаментінің директоры, «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры және «Ақпараттық-сараптама орталығы» АҚ президенті сынды жауапты қызметтерді атқарған.

2013-2016 жылдар аралығында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ вице-президенті, 2016 жылдың желтоқсан айынан бері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның вице-президенті қызметін атқарып келеді.

 

Пернеқұлов Марат Мұхтарұлы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы вице-президенті

Марат Пернеқұлов 2003 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді саясаттану мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын «Регион-Консалтинг» ЖШС бастады. «Қазақстан» РТРК қарасты Қазақ радиосында ақпараттық-бағдарлама қызметінің редакторы, «Қазақпарат» АҚ-да шолушы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі басқармасы бастығының м.а., «Қазарнаулыэкспорт» РМК Импорттау департаментінің директоры сынды қызметтерді атқарған».

2016 жылдың қыркүйек айында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары, ал 2016 жылдың желтосқан айынан бері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы вице-президенті қызметін атқарып келеді.