Форсайт

2013 жылы Сараптама орталығы Қазақстанның ұзақ мерзімді ғылыми және инновациялық даму саясатының негізінде жатуы мүмкін келешегі бар ғылыми және технологиялық бағыттарды анықтау мақсатында жүйелік, болжамды зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысқа бастамашы болды.

 

Бағыттарды анықтау және таңдау жаңа технологиялардың әлеуметтік-экономикалық әсеріне  және оларды іске асыру үшін ресурстық, технологиялық мүмкіншіліктерді бағалауға негізделеді.

 

Осы зерттеулерді жүргізу нәтижесінде  болашақты баламалы дамыту сценариі әзірленетін болады, олардың негізінде әзірлемені синхрондау және ғылым және технологиялар, өнеркәсіп, қоршаған орта, денсаулықсақтау және қауіпсіздік саласында (мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы арқылы)  мемлектетік саясатты одан әрі іске асыру жүзеге асырылуы тиіс.

 

Жүйелік, болжамды зерттеулердің нәтижелері бойынша анықталған технологияларға ғылыми-техникалық бағдарламалар мен  Қазақстанда бар келешекті ҒЗТКЖ проблемалық-бағытталған  не өнімдердің әлемдік аренасында бәсекеге қабілетті өндіріс үшін әлеует жасай алатын жобалар портфелі кіреді.  

Зерттеу нәтижелері бойынша  сондай-ақ жасау не қолданыстағы базаға қажетті өзгерістер енгізу, инфрақұрылым жасау, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруды қаржылық қамсыздандыру саласында  әрекеттердің нақтыланған жоспарымен ғылым мен технологияларды дамыту бағдарламасы немесе стратегиялар жобасы әзірленетін болады.  

Жобаның міндеттері:

• Әлемде және Қазақстанда ғылым мен технологиялардың даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпараттар жинау және талдау, стратегиялық ғылыми-технологиялық  даму жоспарларын, патенттік ақпаратты, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын  портфельдік  талдау.

• Орта мерзімді келешекте Қазақстанда ғылым мен технологияларды дамытудың басым бағыттары аясында негізгі ғылыми тақырыптарды анықтау.

• Басым бағыттар шеңберінде орта мерзімді кезеңде сыни технологияларды дамыту бағдарламалары мен жобаларының портфелін қалыптастыру.

• Басым бағыттар аясында ғылымды дамыту әрекеттері жоспарының жобасын әзірлеу (басым бағыттар бойынша сындарлы технологияларды дамытудың  жол карталары жобасы).

Жоба нәтижелері:

•  Артықшылықты ғылыми бағыттарды дамыту сценариі.

•  ҚР ЖҒТК анықтаған 5 басымдық шеңберінде ғылыми тақырыптар, жобалар мен бағдарламалар тізбесінің жобасы.

• Мақсаттарды, қажетті ресурстарды, индикаторларды, сондай-ақ қойылған мақсаттарды іске асырудың уақытша көкжиектерін көрсетумен 5 басымдық бойынша ғылыми бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың жол картасы.

Қазіргі уақытта жобамен 8 жұмыс тобы мынадай бағыттар бойынша жұмыс істеуде: ұлт денсаулығы, биотехнология, жаңа материалдар, қауіпсіз, таза және тиімді энергия, қоршаған орта және табиғат ресурстары, ақпараттық-коммуникациялық орта, аграрлық сектордың тұрақты дамуы, азық түліктіқайта өңдеу жәнеқауіпсіздігі, машинажасау. Зерттеулерді әдістемелік қолдауды  форсайттық зерттеулер саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қамтамасыз етеді (Манчестер университеті, Корея ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институты, Финляндия Ғылым академиясы, UNIDO, J’son&Partners).