Ұсынылған материалдар  «Қауіпсіз, таза және тиімді энергетика»  бағыты аясында «Ғылым мен технологиялар саласындағы жүйелік талдау және болжау» жобасы бойынша зерттеулердің аралық  нәтижелерінен тұрады.

 

Зерттеулердің негізгі мақсаты 2030 жылға дейінгі мерзімдеҚазақстан Республикасында ғылым мен технологияларды дамыту бойынша мақсатты ұсыныстарды дайындау болып табылады. 

 

Жұмыстардың аралық нәтижелері 2030 жылға дейінгі мерзімде Қазақстанда  «Қауіпсіз, таза және тиімді энергетика»  бағытын дамытудың сценариін қамтиды.  Осы сценарий бойыншажұмыстарға ғылыми-техникалық ақпаратты, мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламаларды, жетекші  отандық және халықаралық  зерттеу ұйымдарының, «үлкен төрттіктің» консалтингілік компанияларының талдамалы есептерінталдау, библиометриялық және патенттік іздеуді жүргізу кіреді.

 

Жұмыстардың нәтижелері  «Қауіпсіз, таза және тиімді энергетика» бағыты бойынша ғылым мен технологияларды дамытудың ішкі және сыртқы трендтерін анықтау, болашақ дамуға әсер ететін  негізгі факторлар мен олардың өзара байланыстарын анықтау, мықты және әлсіз жақтарынтабу, сондай-ақ сыртқы орта тарапынан мүмкіншіліктер мен қауіптерді анықтау болды. Сценариде  R&D өткізу саласында Қазақстанның құзыреті қаралды, бағытты дамыту үшін стратегия мен іс-шаралар кешені ұсынылды, осы сценариді іске асырумен байланысты әлеуетті тәуекелдер анықталды.

 

Сценариді талқылау сараптамалық панельдер, сондай-ақ сарапшылардың үлкен тобының (академиялық, ғылыми сала, бизнес қауымдастық, мемлекеттік органдардың өкілдері) қатысуымен дөңгелек үстел шеңберінде өткізілді.

Сіздерденфорумда Сценариді жетілдіру бойынша ұсыныстармен түсініктемелер қалдыруларыңызды сұраймыз. 

Тұсаукесер

Сценарий рефераты

Сценарий     

Сарапшылар


Қауіпсіз, таза және тиімді энергетика