МҒТСҰО мен KISTI ынтымақтастық жолдарын талқылауда

2014ж. 18 маусымда Сараптама орталығында KISTI (Корей ғылыми-техникалық ақпарат институты) делегациясымен кездесу болып өтті, онда ғылыми-техникалық саладағы, жоғары технологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау және дамыту бағытындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Қазақстан тарапы үшін KISTI пайдаланушылардың сұранымдары бойынша дербестендірілген ақпараттық-талдау қызметтерін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар саласындағы негізделген шешімдерді қабылдауға қажетті ғылыми ақпаратты, сондай-ақ ғылым мен технология саласында ұлттық сандық ғылыми кітапхана мен білім жүйесін құрудағы тәжірибе ұсынатын ұйым ретінде қызықты.