Скопус халықаралық дерекқор контентті талдауы 1 қазақстандық журналды көрсетеді

Астана, 2014 жылдың 11 маусым күні «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да ірі халықаралық ғылыми-библиометрикалық дерекқорлардың бірі Скопус презентациясы өтті.

Скопустың жаһандық контентті ауқымы әлемнің 105 елінен 50 млн. астам ғылыми абстрактілер, 20 мың басылым, 36 мың кітап, 5 мың баспа және ашық қолжетімділіктегі 2800 журналды қамтиды.  

Қазақстанның ғылымы соңғы жылдары жарияланымдар өсімінің тұрақты қарқынын көрсетіп отыр, және бұл Скопус аналитикасында көрініс тапты. Мысалы, 2009-2011 жж. аралығында орта есеппен 475 ғылыми мақала жарияланып, 2011 жылдан бастап олардың саны күрт өседі. 2012 жылы жарияланымдар саны 2 есеге дерлік өсіп, 812 құрады, өткен жылы статистика алдыңғы жылмен салыстырғанда тағы бір қос күрт өсімді тіркеді – 1654 мақала және бүгінгі күнге жылдың басынан 848 ғылыми зерттеу жарияланып үлгерді. Тағы бір дәлелді, бірақ онша оптимистік емес фактіні келтірсек: дерекқор рецензияланатын 20874 журналдан 2007 жылдан бастап тіркелген бір белсенді қазақстандық «Еуразиялық химиялық-технологиялық журналды» көрсетеді, салыстырма түрінде келтірсек - Скопуста ең жақын көршіміз ресейлік журналдардың саны – 214.  

         Эльзевир баспасы дерекқорының зерттеушілік ландшафты ғылым, техника, медицина, әлеуметтік ғылымдар мен өнерлер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жұмыстарға шолуды қамтамасыз етеді, бұл ретте пәнаралық жұмыстардың артуының үрдісі байқалады.