Томсон рейтер аналитикасындағы қазақстандық ғылым

2014 ж. 15 мамырда Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығында Томсон рейтерс өнімдерін аналитикада пайдалану бойынша семинар өтті.   

Семинардың негізгі мақсаты –Томсон рейтерс қорларының салыстыру және аналитика жүргізу үшін кең мүмкіндіктерін көрсету. Инсайдс негізінде қазақстандық ғалымдардың 2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін жылына 300 басылым деңгейінен 800-ге дейін жарияланым белсенділігінің өсімі анықталды. Қазіргі уақытта дәйексөз келтіру көлемі бойынша 0,8 –ден 0,7 арақатынасында орташа әлемдік деңгейден оннан бір бөлік үлеске қазақстандық ғалымдар ресей әріптестерінің алдына түсуде.

Томсон рейтерс аналитикасы Қазақстан басылымдардың саны бойынша  үздіксіз және үдемелі өсімді көрсете отырып, қандай пәндік салаларда алдыңғы қатарда екендігін анықтады. Үздіктер үштігінде физика, химия және материалтану. Әсіресе молекулярлық биология саласында біздің ғалымдардан дәйексөз алу жоғары.

Егер біз физика саласында жақсы нәтижелерге ие болсақ, біз кімге еліктеуіміз, кіммен ынтымақтасумыз және әлеуетті одан әрі арттыруымыз қажет? Аналитика сұралуыдағы саладағы лидер елдерді анықтады, олар: АҚШ, Германия, Жапония, Италия және Қытай. Әрі қарай қандай ұйымдар ғылыми басылымдардың ең жоғары көлеміне ие екендігін анықтап, осы тізімнен әріптестерді, пікірлестерді тауып, бірлескен басылымдар арқылы ынтымақтасуға болады. Егер біздің лидер ұйымдар туралы айтатын болсақ, олар бұрынғыша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Назарбаев Университеті.