Томсон ройтерс Қазақстанның ғылыми зерттеулерін дамыту үшін

2014 жылдың 13 маусым күні Сараптама орталығында ғылым өлшеуде маманданатын қызметкерлер үшін Web of Science негізінде әзірленген Томсон ройтерс аналитикалық ресурстарын пайдалану жөніндегі семинар өтті. 

Web of Science ақпаратының белсенді пайдаланушылары әлемнің 80 елінің қауымдастығының ғалымдары болып табылады, соның ішінде мемлекеттік қолдау шеңберінде 2011 жылғы осы ресурсқа ұлттық жазылымды ресімдейтін Қазақстан да бар.

Осы дерекқордың ғылыми журналдарын іріктеу саясаты Брэдфорд заңын, жарияланымдарды баспалар бойынша үлестірудің эмпирикалық заңдылығын қолдануға негізделген, оған сәйкес 3000 журнал мақалалардың 80%, бірақ ең маңыздысы – дәйексөз келтірілетіннің 92% қамтитындығы анықталған. Осылайша, журналдардың азшылығы маңызды ғылыми нәтижелердің абсолюттік көпшілігін қамтиды. Импакт факторы бар журналдардың қатаң іріктелуі тұрақты негізде болып тұрады. Орташа есеппен дерекқорда 12,5 мың журнал мен шамамен 2 мың журнал жыл сайын шығарылып отырады.    

Т&R сараптама қауымдастығы пән салаларындағы көшбасшыларды анықтап, олардың арасынан бірлесіп жұмыс істеуге әріптестерді таңдай алатындығына сенімді. Ел, қала шеңберіндегі авторлық ынтымақтастыққа немесе жеке түрде жүргізілген зерттеулерге қарағанда халықаралық ынтымақтастықтарға, әдеттегідей, анағұрлым жақсырақ дәйек келтіріледі. Ғалымның аты мен беделі, гранттық қаржыландыру алу мүмкіндіктері, халықаралық ынтымақтастықтарға қатысу мүмкіндігі – барлығы ғылыми қауымдастықтағы адамдардың жеке пікіріне байланысы аз да, көбінесе – жарияланымдық белсенділік пен дәйек келтіру көрсеткіштеріне көбірек байланысты деп мәлімдейді Т&R.     

Тиімділікті бағалау, ғылыми зерттеулерді салыстыру және бағалау үшін өнімділік, жарияланымдар саны мен дәйек келтіру санынан бөлек, InCites құралын пайдалануға негізделген тағы бір шешім ұсынылады – дәйек келтірудің қалыптасқан көрсеткіштері, оған сәйкес ресейліктердікіне қарағанда, Қазақстан зерттеулерінің нәтижелілік пен беделділік деңгейі жоғарырақ және бұл жарияланымдардың ғылыми әлеуетін әрі қарай арттыруға жақсы негіз.