Қазақстан мен Корей Республикасы арасындағы ғылыми және ғылыми техникалық ынтымақтастық Меморандуммен бекітілді

2014 ж. 19 маусымдағы Корей Республикасының Президенті Пак Кын Хеннің  біздің елімізге жасаған ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі мен Корей Республикасының Ғылым, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және болашақты жоспарлау министрлігі арасында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтер саласындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – екі елдің Министрліктері арасында достастық қатынастарды нығайту және білім, ғылым және технологиялар саласында ынтымақтастықты кеңейту болып табылады, атап айтқанда:

•          Корей тарапынан – Корей ғылыми-техникалық ақпарат институты (KISTI), Корей ғылым мен технологияны бағалау мен жоспарлау институты (KISTEP), Корей орнықты ғылым институты (KBSI);

•          Қазақстан тарапынан – Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (МҒТСҰО), Ғылыми-техникалық ақпарат  ұлттық орталығы (ҒТАҰО) және Ғылым қоры.

Меморандумға қол қойылуына кейінгі екі жыл бойы белсенді түрде жүзеге асырылған халықаралық байланыстардың ұйытқы болғандығын атап өткен абзал, атап айтқанда «МҒТСҰО» АҚ мен корейлік KISTEP арасындағы алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтегі мүмкіндіктерді көтеруге бағытталған байланыстар.

Меморандум екі елдің білім беру, ғылым мен өндірісін үйлестіруге, жаңа әдістемелер мен алдынғы қатарлы жаңашыл технологияларды енгізуге және ғылым мен технологиялар саласында оқу-әдістемелік семинарлар, тренингтер мен ғылыми-техникалық конференцияларды ұйымдастыру және қатысу арқылы ғылыми мүмкіндіктерді көтеруге ықпал етеді.