Қазақстан - Ұлыбритания

2014 жылдың 12-14 наурыз күндері Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (ШҚМТУ) ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ («МҰҒТСО» АҚ) және Британдық Кеңеспен (British Council) бірлесіп ұйымдастырылатын «Ғылыми зерттеулерді бағалау және іріктеу жүйесі. Зерттеушілік қызметтегі әріптестікті нығайту» атты семинар өтеді.          

Семинардың жұмысына отандық ғылымның 300-ден астам өкілі мен Ұлыбританияның 15 жетекші зерттеушісі қатысады. Іс-шара Қазақстан мен Ұлыбританияның ғалымдары арасындағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту әрі нығайтуды, импакт-факторды арттыруға септігін тигізетін ақпаратқа тікелей қол жетімділікті қамтамасыз етуді; ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық стандарттар талаптарының деңгейінде білім алмасуға тиімді орта құруды, әлемдік ғылыми кеңістікпен бірігуді және аймақтық тосқауылдарды жоюды көздейді. Британдық тараптан семинардың үйлестірушілері - Жаратылыстану мұражайы (Лондон қаласы) және Экзетер Университетінің Геология мектебі. Қазақстандық үйлестірушілер – Назарбаев Университеті және ШҚМТУ.        

Өз сөз сөйлеуінде «ҰМҒТСО» АҚ президенті Асанбай Жұмабеков былай деп атап айтты: «Қазақстандық ғылымды жаңғырту кезеңінде сараптаманы жетілдіру, сондай-ақ ғалымдардың зияткерлік әлеуетін қолдау және дамыту мақсатында заңнамалық негізді жетілдіру бойынша маңызды шаралар қолға алынып жатыр. Бұл семинар ғылымды интернационалдандыру мен біріктіруге бірден-бір мысал. Бүгінде дарынды ғалымдарға өз әріптестерімен халықаралық деңгейде өзара әрекеттесу мүмкіндігін берудің маңызы зор».     

Қазақстандағы British Council директоры Саймон Уильямс өз жолдауында былай деп атап өтті: «Жүргізілетін зерттеулердің сапасын жақсартуға халықаралық ынтымақтастық жақсы мүмкіндік болып табылады, сонымен қатар ол ғылыми жұмыстың өнімділігін айтарлықтай арттыра түседі. Ұлыбританияның зерттеулер саласындағы тәжірибесі мол, бірақ сонда да келешектегі жаһандық мәселелерді шешуге ойларымен бөлісу үшін британдық ғалымдардың Қазақстанмен халықаралық деңгейде ынтымақтастық құру ниеттері бар. Биыл British Council Қазақстандағы жұмысының 20-жылдығын атап өтпек, және біз осы айтулы күннің аясында ұйымдастырылып отырған бұл семинардың қазақстандық және британдық ғалымдар арасындағы білім және ғылым саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығына бастама болады деп үміттенеміз».     

Білім мен тәжірибе алмасу отандық зерттеулердің сапасын арттыруға, халықаралық бірлескен авторлықтың арқасында дәйексөз алу индексінің өсуіне және ғалымдардың одан да тиімді жұмысына себептесетін болады.

Семинар шеңберінде «Ғылымды жүйелік талдау және болжау» атты жобаның нәтижелері таныстырылды, халықаралық стандарттарға сәйкес гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға өтінімдер дайындау тақырыбы қарастырылып, семинардың тәжірибелік бөлігінде «Қазцинк» компаниясының кенішіне таныстыру сапары ұйымдастырылды. 

            Қосымша ақпарат алу үшін «МҰҒТСО» АҚ PR-менеджері Бағлан Құлымбаевамен Астана – 57-91-50, +7 701 729 17 57 нөмірлері, e-mail: b.kulumbayeva@ncste.kz арқылы хабарласуға болады.