Португалия ғалымдары семинар өткізді

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары Португалия ғалымдары ТомашД'Акино Роуз Фрейтас Фигуейредо мен Луиш Де Шоуша Кошта   өткізген семинарға қатысты.

Семинарлың басты мақсаты – магистранттардың халықаралық академиялық ұтқырлығын арттырып, оқытушылар мен зерттеушілердің қазақстандық ғылымға деген құлшынысын арттыру.
Семинар барысында аграрлық мектептің профессоры ТомашД'Акино Роуз Фрейтас Фигуейредо табиғатты қорғау және ұтымды пайдалану, топырақ және су ресурстары технологияларын көгалдандыру, террасалар және топырақтағы эрозия процесі жайында быраз мағлұмат берді. Ал, «Геологиялық ғылымдар» кафедрасының жетекшісі, профессор Луиш Де Шоуша Кошта оқытушыларға атмосфера, метеорология, биометрология, агрометрология сынды ғылыми жайында дәріс оқыды.
Семинарға қатысушылар португалиялық ғалымдарға көкейлерінде жүрген сұраққтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушылар семинар соңында сертификат алды.

Дереккөзі: tarsu.kz

Дата публикации: 
03.08.17