Ұсынылған  материалдар  «Қоршаған орта және табиғат ресурстары»  бағыты аясында «Ғылым мен технологиялар саласындағы жүйелік талдау және болжау» жобасы бойынша зерттеулердің аралық  нәтижелерінен тұрады.

Зерттеулердің негізгі мақсаты 2030 жылға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында ғылым мен технологияларды дамыту бойынша мақсатты ұсынымдарды дайындау болып табылады. 

Жұмыстардың аралық нәтижелері 2030 жылға дейінгі мерзімде  Қазақстанда «Қоршаған орта және табыиғат ресурстары» бағытын дамыту сценариін қамтиды.  Осы Сценарий бойынша жұмыстарға  ғылыми-техникалық ақпаратты, мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламаларды,  жетекші  отандық және халықаралық  зерттеу ұйымдарының, «үлкен төрттіктің» консалтингілік компанияларының талдамалы  есептерін талдау, библиометриялық және патенттік іздеу жүргізу кіреді. 

Жұмыстардың нәтижелері  «Қоршаған орта және табиғат ресурстары» бағыты бойынша ғылым мен технологияларды дамытудың ішкі және сыртқы трендтерін анықтау, болашақ дамуға әсер ететін  негізгі факторлар мен олардың өзара байланыстарын анықтау, мықты және әлсіз жақтарды табу, сондай-ақ сыртқы орта тарапынан қауіптер мен мүмкіншіліктерді анықтау болды.  Сценариде  R&D өткізу саласындағы  Қазақстанның құзыреті қаралды, бағытты дамыту үшін іс-шаралар кешені мен стратегия ұсынылды, осы сценариді іске асырумен байланысты әлеуетті тәуекел анықталды.     

Сценариді талқылау сараптамалық панельдер, сондай-ақ сарапшылардың үлкен тобының (академиялық, ғылыми сала, бизнес қауымдастық, мемлекеттік органдардың өкілдері) қатысуымен дөңгелек  үстел шеңберінде өткізілді.

Сіздерден форумда Сценариді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер қалдыруларыңызды сұраймыз. 

 

Тұсаукесер

Сценария рефераты

Сценарий

Сарапшылар


«Қоршаған орта және табиғат ресурстары» форумы