Жолдау ел азаматтарының интеллектуалды ой-өрісін көтеруді көздейді

Бүгін «ҰМҒТСО» АҚ ұжымы жиналып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылап, көкейге тұнған  ойларын ортаға салды. Басқосуды Қоғаммен байланыс және баспа департаментінің директоры Марат Пернеқұлов жүргізіп, баяндамаға жасаған әріптестеріне сөз кезегін берді.  

ҚазҰУ ғалымдары сары фосфор алудың каталитикалық жүйесін ойлап тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы физика-химиялық талдау жасау әдістемелер Орталығының ғалымдары мен белсенді студенттері оттекті ортадағы фосфоры бар органикалық емес және органикалық қосындыларды алу мақсатымен мыс-полимерлі кешендердің негізінде сулы және спирттік ерітінділерде сары фосфордың қышқылдануы реакциясын алу үшін нәтижелі каталитикалық жүйені жасап шығарды.