Өзбекстан дрон өндірісін қолға алмақ

Өзбек президенті Шавкат Мирзияев Ташкент облысындағы Шыршық ауданына сапары кезінде квадрокоптерлер мен агродрондарды ауыл шаруашылығында қолдану жобасымен танысып, жақында Өзбекстан ұшқышсыз ұшу аппараттары өндірісін қолға алатынын мәлімдеді.

«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны биотехнологияның биік шыңын бағындырды

Малы ауырса емдеудің де неше түрлі тәсілін бұрынғы қазақтан артық кім білді дейсіз? Аяғына жем түскен жүйрікті сазға байлап емдейтін, аусыл болған сиырына аталадан ас беріп, тілін тұзбен ысып жазатын, тышқан болған жылқының тамағын тесіп, қанын ағызып сауықтыратын да осы жұрт. Тотыяйын мен жалбыздың өзі қанша дертке шипа еді. Біз білмейтін сондай табиғи емдердің түрі көп екеніне дау болсайшы. 

Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік оқу орны атанды

Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік жоғарғы оқу орны атанды. Елордалық университет былтырғы жылғы көрсеткіштен едәуір жоғарылаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Quacquarelli Symonds британдық агенттігінің халықаралық рейтингінде 35-орын иеленіп, ТМД-ның ең үздік жас жоғарғы оқу орны атанды.