Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі  - ҚР ЦДИАӨМ АҒК)  Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағытты «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеу жұмыстарын (қолданбалы ғылыми зерттеулер) жүргізуге  конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлғалар – Гүлжан Смаилова, телефоны 8 (7172) 74-24-86, ұялы телефоны 8 (777)0405261, эл.мекен-жайы: g.smailova@mdai.gov.kzМөлдір Мамырова, телефоны 8 (7172) 74-25-83, ұялы телефоны 8(701)4460049, эл.мекен-жайы: m.mamyrova@mdai.gov.kz. Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер ҚР ЦДИАМ АҒК-не электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2021 жылғы 25 қаңтар (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама

 

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/documents/details/102385?lang=kk