ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


IRNAP09057934, Number of state registration0121РК00271

TitleDevelopment of novel membranes for the separation of water-oil mixtures

Scientific priorityГеология, добыча и переработка минерального и углеводородного сырья, новые материалы, технологии, безопасные изделия и конструкции

Type of researchApplied

ApplicantНекоммерческое акционерное общество "Евразийский Национальный университет имени Л.Н. Гумилева"

Project InvestigatorЗдоровец Максим Владимирович

SSTE score30.33

Total approved sum53998985


Expected results

Стеарилметакрилді фотоиницирленген егу полимеризация жолымен полиэтилентерефталатты тректі мембраналарды (ПЭТФ ТМ) модификациялау әдістері зерттелді, кеуек құрылымын және гидрофобтауды (сулану бұрышы 106° жетті) сақтауға әкелетін оңтайлы параметрлер табылды. Трихлор(октил)силанмен технологиялық қарапайым реакция арқылы мембраналарды гидрофобтау әдісі жасалды. Оңтайлы параметрлерде гидрофобтау арқылы суланудың шеткі бұрышын 99° дейін жеткізуге болады. Газ өткізгіштігі кеуек мөлшерінің аз ғана өзгеруін көрсетті, ЭДТ силанның мембрана бетіне біркелкі таралуын растады. Гидрофобтандырылған ПЭТФ ТМ хлороформдағы су және цетандағы су құрамды эмульсияларды бөлу негізінде сыналды. Мембраналар хлороформ-су және цетан-су эмульсиялары үшін сүзу барысында 10 цикл бойы тұрақты өнімділік мәндерін және бөліну дәрежесін көрсетті. Кеуек диаметрі ~ 350 нм және қысымы 700 мбар болған мембраналар хлороформ-су үшін 305 мл/м2с және цетан-су эмульсиясы үшін 75 мл/ м2с ағын мөлшерін көрсетті. Нәтижелерге сәйкес су-май эмульсияларын бөлу кезінде алынған мембраналарды пайдалану мүмкіндігінің жоғары дәрежесі байқалды.