ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


IRNAP09258896, Number of state registration0121РК00128

TitleStudy of the penetrating component of cosmic rays using «Adron-55», hybrid ionization- neutron calorimeter with the infrastructure of scintillation detectors

Scientific priorityНаучные исследования в области естественных наук

Type of researchFundamental

ApplicantТоварищество с ограниченной ответственностью "Физико-технический Институт"

Project InvestigatorСадыков Турлан Хамзинович

SSTE score29.66

Total approved sum57088557.9


Expected results

Жарық өткізбейтін корпустан, фотоэлектронды түрлендіргіш (ФЭТ) және СЦ-пластикпен сегіз СЦ-детекторы жасалды, оның төрт детекторының өлшемі 1×1×0.10 м3 және төрт детекторы 0.5×0.5×0.05 м3 өлшемде. СЦ-детекторларын құрастыру мен баптау жұмыстары жүргізілді. Калориметрден 25м, 40м айналада, қосымша 100м қашықтықта және әр шеңберде 4 СЦД орнатылған концентрлі шеңберлер бойымен тұрған СЦ-детекторларға монтаждау жұмыстары жүргізілді. Тіркеу жүйесіне қосылу үшін қуат беру кабельдері мен сигналдық кабельдер детекторларға дейін созылды. СЦ-детекторларының орналасу координаттары спутниктік GPS навигациясы көмегімен есептелді. Іске қосу жұмыстары аяқталды. Найзағай мен өндірістік шудың дабылдарын жою үшін жалпы триггерлік тізбекте антисәйкестендіру жүйесі құрастырылып, жасалды және орнатылды. СЦ-детекторларын «Адрон-55» кешенді қондырғысының жалпы тіркеу бағдарламасына қосу үшін бағдарламалық модульдер құрылды. Импульстердің жетекші жиектері бойынша кідірістерді анықтау үшін СЦ-детекторларының импульстік формасын талдауға арналған бағдарлама жазылды.