ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


IRNAP09259184, Number of state registration0121РК00282

TitleComplex studies of phase transformations in Fe3O4+Nd2O3/NdFeO3 nanoparticles, promising for aqueous media purification from heavy metals

Scientific priorityНаучные исследования в области естественных наук

Type of researchFundamental

ApplicantНекоммерческое акционерное общество "Евразийский Национальный университет имени Л.Н. Гумилева"

Project InvestigatorКадыржанов Кайрат Камалович

SSTE score27.66

Total approved sum57840121


Expected results

Допант концентрациясының жоғарылауы құрылымда 0,4-0,5 моль концентрациясында басым болатын тұрақты NdFeO3 фазасының пайда болуына әкелетіні анықталды. Құрылымдық параметрлердің және нанокомпозиттердің тығыздығының өзгеруі фазалық түрленулер мен құрылымдағы NdFeO3 фазасының басымдылығының нәтижесінде пайда болатын құрылымдық реттіліктермен байланысты. Мессбауэр спектроскопиясы әдісін қолдана отырып, аса жіңішке магниттік параметрлерінің мәндері гематит құрылымына тән екендігі анықталды, ал алынған мәліметтер бойынша парамагниттік қосындылардың болуы байқалмады. Жүргізілген зерттеулер барысында бастапқы күйде алынған нанокомпозиттер Fe2O3 пен Nd2O3 енгізу мен алмастыру қатты ерітіндісінің қоспасы екені анықталды. 600°С күйдіру температурасында NdFeO3 фазасының түзілуінің басталуы байқалады, ол 1000°С температурада толық қалыптасады және композициялық құрылымда үстемдік етеді (құрамы 85%-дан астам). Термиялық қақтау кезінде Fe2O3-Nd2O3→NdFeO3/Fe2O3 типті фазалық түрлену процестері бөлшектер мөлшерінің 1,5-2 есе ұлғаюымен жүретіні анықталды.