Орталық туралы

Мемлекеттік ұлттықғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – Сараптама орталығы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысымен құрылды және ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ғылым комитетінеқарасты,жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам болып табылады.

Сараптама орталығы  ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар сараптамасын басқарудың, тәуелсіздігінің, ашықтығы мен жариялылығыныңбірыңғайлығынқамтамасыз етеді.

Орталықтың миссиясы  – анағұрлым келешегі бар ғылыми жобалар мен бағдарламаларды анықтауға  сондай-ақ ғылыми зерттеулер сапасын арттыруға бағытталған тәуелсіз және объективті ғылыми-техникалық сараптама арқылы отандық ғалымдардың, ғылыми ұйымдар мен ұжымдардың  әлеуетін іске асыруға  ықпал ету.

«Ғылым туралы» ҚР Заңында анықталған Орталықтың негізгі міндеттеріне гранттық  және бағдарламалы-мақсатты қаржыландыруға берілген ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі -МҒТС) ұйымдастыру,жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру,  орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін бағалау және Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру жатады.

Өз қызметінде Сараптама орталығы  анағұрлым құзырлы сарапшыларды тарту, ұйымдастыру процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ ғылыми этиканың жоғары стандарттарын енгізу арқылы МҒТС объектілерін сапалы және объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыттарды кешенді іске асыру Орталықтың негізгі жұмыс принциптерін  -сараптама тәуелсіздігі, объективтілігі, дұрыстығы және жариялылығын   жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Құрылған сәттен бері Орталықта 10 мыңнан аса МҒТС объектісі, оның ішінде 6,5 мыңнан астам гранттық қаржыландыруға берілген сұранымдар өңделді.

Сараптамаға қабылдағаннан бастап Ұлттық ғылыми кеңестер қаржыландыру туралы шешім қабылдағанға дейін сұранымдарды  қарау рәсімі, сарапшыларды іріктеу және олардың қызметі сүйемелдеу әдістемесі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры, АҚШ Ұлттық денсаулықсақтау институты, Жапон ғылым және технология агенттігі, Ресей іргелі зерттеулер қоры сияқты әлемнің аса ірі ғылыми қорларының тәжірибесіне  негізделген. 

Орталықтың функциясы

- мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық  сараптама  (бұдан әрі – МҒТС) жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;

- МҒТС объектілерінің мамандандыруы мен ерекшелігіне сәйкес МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың құрамын сапалық және объективтік іріктеу;

- МҒТС әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық оның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер қорын қалыптастыру және МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы сарапшылармен шарттар жасасу арқылы жасақтау;

- ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру;

- ұлттық ғылыми кеңестерге МҒТС нәтижелерін жіберу;

- орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды, бағдарламаларды бағалау;

- жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігіне мониторинг жү