Басқарма Төрағасы

Ыбыраев Әділ Жүнісұлы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы Президенті.

Әділ Ыбыраев С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді және Алматы саясаттану және басқару инстиутын бітірген, саяси ғылымдар кандидаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет белгісінің иегері.

ҚазКСР Министрлер кеңесінде кеңесші, Министрлер кеңесі Төрағасының көмекшісі, Президент пен Үкіметтің біріккен әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Премьер-Министр кеңсесінің әлеуметтік бөлім саласының меңгерушісі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Сондай-ақ, ҚазТАГ-ТАСС тілші, «Ленинской  смены» газеті бас редакторының орынбасары және «Караван» республикалық басылымын басқарған. 2013 жылы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» президенті, 2016 жылдың қыркүйек айынан бері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ал 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Президенті қызметін атқарып келеді.

 

Әбубәкірова Лейла Пернебайқызы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы вице-президенті

Лейла Әбубәкірова 1993 жылы Жамбыл технология институтының жеңіл және тамақ өнеркәсібі бөлімінің тері және былғары технологы мамандығы бойынша аяқтаған. 2005 жылы Қарағанды экономика университетінде экономист мамандығын, 2011 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін юриспруденция мамандығын меңгерді.

1993-2011 жылдар аралығында мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Қаржы және экономикалық жоспарлау департаментінің директоры, 2013 жылы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы вице-президенті қызметіне тағайындалды. Ал 2016 жылдың желтоқсан айынан бері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның вице-президенті қызметін атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальімен марапатталған.

 

Гаухар Алмас Төлегенұлы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның вице-президенті.

Алмас Төлегенұлы 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша аяқтаған. 2015 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын юриспруденция мамандығын бойынша бітірген.

2007-2009 жылдар аралығында «Қазбілімжабдықтау» ЖШС директорының көмекшісі болып жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Астана қаласындағы филиал директорының орынбасары, ал 2017 жылдан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Кеңесшісі,  Ұлттық ғылыми кеңес жұмысын ұйымдастыру басқармасы бастығы болды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Вице-президенті қызметін атқарып келеді.

 

 

Мәулітов Азамат Ерсайынұлы,

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның вице-президенті.

Азамат Мәулітов 2005 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін физика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.

2005-2011 жылдар  аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығында Қызмет көрсету және жүйелік-техникалық қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Қызмет жолын «Мегаком Астана» ЖШС директоры, «Астана қаласының аймақтық технопаркі»  ЖШС директоры, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры болып жалғастырады.

2017 жылдың қараша айынан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Вице-президенті қызметін атқарады.

 

Каримова Толқын Жаңатайқызы,

2017 жылдың қаңтар айынан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ вице-президенті.

Т.Ж. Каримова Қазақ мемлекеттік заң университетін «Халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылдан бастаған. 2002-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінде бас маман қызметінен Басқарма бастығы лауазымына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс атқарған.

2009-2016 жылдар аралығында квазимемлекеттік субъекттерде басшылық қызметтер атқарған.