Директорлар кеңесінің құрамы

Тойбаев Амангелды Сағынбайұлы       

ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмысы жөніндегі басқарманың басшысы.

 

Ыбыраев Әділ Жүнісұлы

 «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы Президенті.

Әділ Ыбыраев С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді және Алматы саясаттану және басқару инстиутын бітірген, саяси ғылымдар кандидаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет белгісінің иегері.

ҚазКСР Министрлер кеңесінде кеңесші, Министрлер кеңесі Төрағасының көмекшісі, Президент пен Үкіметтің біріккен әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Премьер-Министр кеңсесінің әлеуметтік бөлім саласының меңгерушісі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Сондай-ақ, ҚазТАГ-ТАСС тілші, «Ленинской  смены» газеті бас редакторының орынбасары және «Караван» республикалық басылымын басқарған. 2013 жылы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» президенті, 2016 жылдың қыркүйек айынан бері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ал 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Президенті қызметін атқарып келеді.

 

Цеховой Алексей Филиппович         

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ техника ғылымдарының докторы, «Жобаларды басқару» кафедарасының профессоры, тәуелсіз директоры.