Новости

Қазақстан тантал мен ниобий имплантаттарын экспортқа шығарады

Шығыс Қазақстанда Өскеменнің танталы мен ниобиінен медицинаға қажетті құралдар мен жасанды имплантаттар шығарып, өндірісті түбегейлі жаңғыртып, инновациялық бағытта дамытуға мүмкіндік беретін жоба қолға алынды. Шығысқазақстандық ғалымдар бұл істі Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесіп жүзеге асыруда. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өңір тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде мәлім етті.

Қазақстанның ғылыми журналдарын қалай дамытуға болады?

Бұл ұсынымның мақсаты Қазақстанның ғылыми журналдарының деңгейін қазақстандық ғылымды дамытуға септесетін және Қазақстан журналдарының Webof Science Core Collection халықаралық дерекқорына қатысуын кеңейтуге мүмкіндік беретін мерзімдік ғылыми басылымдардың халықаралық стандарттарына дейін көтерудің маңызы зор. Осы ретте еліміздегі Clarivate Analytics компаниясының өкілі Ләзиза Мұқашеваның Webof Science Core Collection дерекқорынаның талаптарына сай ғылыми журналдар шығарудың маңызы жайында ойын ортаға салды.

Алакөлдің су құрамында радон бары ғылыми түрде дәлелденді.

Қазақстанда тұңғыш рет көлдер мен қайнарларға бальнеологиялық зерттеу жүргізілді. Ғалымдар облыстағы 8 көл мен 2 қайнардың суы мен батпағының құрамының физика-химиялық қасиеттеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде Алакөлдің суында адамның буын аурулары, тері аурулары, қан айналымы жүйесіне, тб. пайдасы зор радон көрсеткішінің жоғары екені ғылыми түрде дәлелденді.

АҚШ ғалымдары адам жасушасымен қой ұрығын өсірді

Калифорния университетінің ғалымдары жануар мен адам жасушаларынан қой ұрығын өсірді. Жаңа технология жануарлардың ішінде адам мүшелерін өсіріп, оны ауыстыру үшін қолдануға мүмкіндік береді деп отыр.

Өтінім беруші ҰҒК мүшесі болғанда әділ шешім қалай қабылданады?

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ гранттық және нысаналы бағдарламалық қаржыландыруға ұсылған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) және Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) жұмысын ұйымдастыратын бірден-бір мекеме.

Ұлттық ғылыми кеңес жұмысы қорытындыланды

Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде «2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған Конкурс қорытындысы туралы» брифинг болып өтті. Айтулы шараға ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов бастаған Ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) төрағалары қатысты. 
 

ҰҒК «Энергетика және машинақұрастыру» бағытының төрағасымен онлайн-конференция өтеді

2 ақпан күні сағат 15:00-де Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) «Энергетика және машинақұрастыру» бағыты бойынша төрағасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Максим Здоровцтің қатысуымен «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн-конференция өтеді.

Онлайн сұхбаттасу түсінісуге жол ашты

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ұлттық ғылыми кеңестің Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеулері бағытының жетекшісі Мақсат Қалимолдаев пен осы бағыттың мүшесі жас ғалым Виталий Ким онлайн режимде сұхбаттасты.

Қазақстан АҚШ ғарыш саласы бойынша байланысты нығайтпақ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына іс-сапары барысында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

Беттер