Новости

ҚазҰУ-ге «жасыл экономикаға» жол салған жастар жиналды

Әлем көз тіккен Астанадағы дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі қыза түскен бұл күндері БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму бойынша Жаһандық хабы болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жаңа Жібек жолы университеттері альянсімен бірге ұйымдастырылған «Future Life, Future Leaders» атты халықаралық жастар форумы өтті. Болашақтың энергиясы тақырыбын арқау еткен ауқымды шараға Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Египет және ТМД елдерінің жүзден астам студенттері қатысты.

Өзбектер әлемде баламасы жоқ электромобиль жасап шығарды

Күн көзінен энергия алатын көлік, эко-капсула, механикалық сағат тәрізді қуатталатын телефон – Өзбекстанның EXPO-2017 көрмесіне алып келген басты жаңалығы.

Жетісудағы әйгілі институт дайындаған қазақ бидайының сортын 11 мемлекеті өсіруде

Таяуда Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасымен және  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҚҚ ұжымымен бірлесе отырып, «Егінжай күні» деп аталатын семинар-кеңес өтті. «Қазақстанның оңтүстік шығысында егістік дақылдардың жаңа сорттары мен оларды өсірудің инновациялық технологиялары» тақырыбында өткен бұл алқалы басқосуға Алматы және Жамбыл облысы ауылшаруашылық басқармасының басшылары, аудандардағы сала мамандары және шаруа қожалықтарының жетекшілері шақырылған болатын.

Қазақ ғылымының таңдаулы тұлғалары

Әр заманның өз тұлғасы, танымал азаматы болады. Қазақтың өткен тарихына көз салған адам еліміздің арғы-бергі тарихында көптеген ел басқарған хан-сұлтандар, қол бастаған жаужүрек батырлар және сөз ұстаған ділмәр би-шешендер өткенін байқайды. Бұл сөз жоқ өткен тарих. Еліміздің мақтанышы. Ал қазіргі заманның ел мақтаған батырларын насихаттап, олардың елімізді өркендету жолында атқарған істері жұртқа жеткізу маңызды. Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының елімізде жүзе аса бастағаны өте орынды болды.

Өзбекстан дрон өндірісін қолға алмақ

Өзбек президенті Шавкат Мирзияев Ташкент облысындағы Шыршық ауданына сапары кезінде квадрокоптерлер мен агродрондарды ауыл шаруашылығында қолдану жобасымен танысып, жақында Өзбекстан ұшқышсыз ұшу аппараттары өндірісін қолға алатынын мәлімдеді.

«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны биотехнологияның биік шыңын бағындырды

Малы ауырса емдеудің де неше түрлі тәсілін бұрынғы қазақтан артық кім білді дейсіз? Аяғына жем түскен жүйрікті сазға байлап емдейтін, аусыл болған сиырына аталадан ас беріп, тілін тұзбен ысып жазатын, тышқан болған жылқының тамағын тесіп, қанын ағызып сауықтыратын да осы жұрт. Тотыяйын мен жалбыздың өзі қанша дертке шипа еді. Біз білмейтін сондай табиғи емдердің түрі көп екеніне дау болсайшы. 

Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік оқу орны атанды

Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік жоғарғы оқу орны атанды. Елордалық университет былтырғы жылғы көрсеткіштен едәуір жоғарылаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Quacquarelli Symonds британдық агенттігінің халықаралық рейтингінде 35-орын иеленіп, ТМД-ның ең үздік жас жоғарғы оқу орны атанды.

Қазақтар ЭКСПО көрмесіне не ұсынды?

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі елімізде дәстүрлі емес қуат көздерін дамытуға тың серпіліс беруде. Қазіргі таңда өзінің болашағын ойлайтын ел энергетика саласыны барынша әртараптандырып жатыр. Түрлі экономикалық, саяси дағдарыстар туындап, көмірсутектің бағасы сан құбылып, көптеген мемлекеттерді әбігерге түсіріп отырғаны жасырын емес. Әрине, энергетикалық отын бойынша Қазақстан ешқандай елге кіріптар емес. Мұнай, газ, электр қуаты және атом стансаларына қажетті таблеткалар дейсіз бе бәрін-бәрі өзімізде  өндірілді.

Беттер