«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ қызметкерлері 9 мамыр жеңіс күні қарсаңында орталық орналасқан ғимарат ішінде арнайы бұрыш ұйымдастырып, Ұлы Отан соғысы кезінде толарсақтан қан кешіп, соғысқан хас батырларды еске алды.

Бұл шараға орталық қызметкерлері белсене араласып, соғысқа қатысқан аталары жайында қысқаша ақпарат пен фотосуреттерін жинады. Осы ақпараттың негізінде арнайы бұрыш жасақаталып, майдагерлердің фотосуреттері мен олардың жасаған арнайы ерліктері тақтаға ілінді.

Естелік жинау барысында 23 майдангердің естелігі мен суреттері жұртшылық назарына ұсынылды. Осылайша Орталық қызметкерлері батыр аларын еске алып, олардың рухына мінәжат етті.

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

08.05.2019
750