Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Ұлттық ғылыми кеңестердің жаңа құрамдары қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы                № 519 қаулысымен бекітілген «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Ереженің 5-тармағына сәйкес кеңес мүшелерінің кеңестің бағытына жататын негізгі салаларға өкілдік етуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Ереженің 7-тармағына сәйкес қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу өзінен өзі дәйексөз алу есепке алынбаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылдағы олардың жарияланымдарынан дәйексөздердің алыну саны бойынша сараланған тізімнің негізінде жүргізілді.

Бұл ретте, Ереженің 10-тармағына сәйкес әрбір кеңестің құрамына:

1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің басшылары мен олардың орынбасарлары;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің құрылтайшылары;

      3) әрбір кеңес үшін аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын бір ұйымнан бір қызметкерден артық кірмеу талаптары сақталды.

ҰҒК қалыптастыру процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында ҰҒК құрамының жобасы орналастырыламыз.

Сондай-ақ, «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚРҮҚ жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz орналастырылғанын хабарлаймыз.

Қосымша 1 (ҰҒК құрамы)

Қосымша 2 (ҚҰҮҚ)

Қосымша 3 (СК) 

27.02.2023
557