Құрметті конкурсқа қатысушылар!
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басымбағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурс аясындағы өтінімдерін қарастырғанын хабарлайды (ҚР ҒЖБМ).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 658 Қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің 19-тармағы және «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысы негізінде ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтінім беруші) ҰҒК қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.
Бұл ретте, Ереженің 17-тармағы бойынша апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынына назар аударуды сұраймыз:
1)ҰҒК қарауына өтінімдері жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;
2)жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері бойынша өтініштер;
3)анонимді өтініштер;
4)мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштер;
5) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша алынған балдардың ұлғаюына немесе азаюына байланысты мәселелер бойынша өтініштер.
Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.