«ҰМҒТСО» АҚ-да «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» деген атпен дөңгелек үстел өтті.

Ашылу барысында сөз алған орталық президенті Ә.Ибраев өз сөзінде еліміздің тәуелсіз ел ретінде іргетасын қалауға атсалысқан Елбасымыздың стратегиясының өміршеңдігін атап өтті. Шекарамызды айқын белгілеп, көршілерімізбен бейбіт қарым-қатынас орнатуымыздың сыры да Президент Н.Назарбаевтың сыралғы саясаткер екендігін көрсететіндігін айтты.

Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Н.Жұмақан «Қазақстандықтардың өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдап берді. «Қазақстанның осы уақытқа дейінгі білім саласына ЖІӨ-нің 2,98%-ын жұмсап келгенін ескеретін болсақ, оның 10%-ға артуы білім мен ғылым саласына үлкен серпіліс туғызатыны анық. Осы орайда Қазақстанның бұлл көрсеткішті 3,5 есеге арттыру ниеті – батыл шешім деп қабылдауға болады. Бұл өз кезегінде шетелдік тәжірибені өзімізге енгізіп, білім мен ғылым салаларын одан әрі жетілдірудің алғышартына айналатыны сөзсіз», – деп ойын қорытты. Ал бөлімнің бас маманы Б.Құлынбаева тәуелсіз Қазақстанның сырты саясатындағы Н.Назарбаевтың рөлі мен жасаған еңбектерін жан-жақты талдады.

Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің бас маманы Ж.Бүркітбаев Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына талдау жасаса, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаментінің бас маманы Н.Келімсейіт «Тәуелсіздік идеяларының маңызы және ұлттық бірегейлік» тақырыбында баяндама жасап, ұлттық бірегейліктің негізгі белгілерін сақтау, құрметтеу және оны атадан балаға мұраға қалдырудың маңыздылығын саралады.

Қоғаммен байланыс бөлімі бас маманы

Бимендиева Арайлым

30.11.2018
214