Бүгін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ 1 мамыр мерекесіне орай дөңгелек үстел болып өтті. Басқсоуды «ҰМҒТСО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев жүргізіп, еліміздегі этностардың береке бірлігі ел дамуына негіз болып отырған алға тартты.

Жиын барысында «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Бағлан Құлымбаева еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі Қазақстан халықы Ассамблеясының орыны жайында баяндады. Ол еліміздегі Қазақстан халықы Ассамблеясы еліміздегі ұлттардың татулығын сақтап, ортақ мақсатқа жұмылдыруда маңызды мемлекеттік институтқа айналғанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанды Отаны санайтын азаматтар қоғамдық өміріміздің әр саласында аянбай еңбек етіп, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып келеді. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Ассамблея барша қазақстандықтарды тұтастырған бірегей ұйымға айналғанын байқауға болады.

Мерекелік басқосуда «ҰМҒТСО» АҚ-ның белсенді қызметкері Жасқайрат Бүркітбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына қатысты өзінің түйген ойын ортаға салды.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында Қазақстанның басты рухани құндылықтарын нақты атап көрсетіп берді. Бұл –мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы қазіргі заман талабына сәйкес ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы ойы көптің көкірегіне шуағың сепкен күн нұрыңдай болды десем артық айтқаным болмас. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық, – деді.

Осыдан біршама уақыт бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауын алдағы 9 мауысымда өткізу турасында шешімін Қазақстан халқына жариялаған болатын. Еліміздің бірлігі Президент сайлауында сыналатыны анық. Президент шешімі жариялағаннан кейін халық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі орынды екенін айтып, қолдау білдіргені белгілі. Осы ретте «ҰМҒТСО» АҚ қызметкері Нұрлан Жұмақанов Президент сайлауына қатысты өз ойын ортаға салды.

– Сайлау – елімізді алға бастау үшін маңызды саяси шара екенін қоғам өкілдері айтып, барынша қолдау білдіргенін өздеріңіз білесіздер. Иә, елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу ел дамуына серпін беріп, бағыт-бағдарымызды айқындауға мүмкіндік береді. Халықтың көкейінде сенім ұялатып, елімізде заңдылықтың салтанат құруына ықпал етеді. Бұл сайлау – елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, әлеуметтік-саяси жаңғыруға, әлемнің озық елдері қатарына қосылу жолында жаңа демократиялық еркін болашақты құруға мүмкіндік беретін маңызды саяси шара, – деп баяндамашы өз бағасын беріп, орталық қызметкерлерін 9 маусымды өтетін саяси науқанға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Мерекелік басқосуға қатысқан орталық қызметкерлері бір-бірін 1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күнімен құттықтап, көңілді тарқады.

 

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

30.04.2019
663