
Құрметті өтінім берушілер!
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес 2024-2026,2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар шеңберіндегі есептерді қарағанын хабарлайды («Ғылым қоры» АҚ).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің 17-тармағына (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоба орындаушысы ҰҒК қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады. Өтінішті www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі арқылы жолдап, оның көшірмесін info@ncste.kz электрондық поштасына қосымша жіберу қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің 15-тармағына сәйкес, апелляциялық комиссия келесі мәселелер бойынша өтініштерді қарастырмайтынына назар аударуыңызды сұраймыз:
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштерін;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштерді;
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштерді;
4) анонимді өтініштерді;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштерді қарамайды.
Сондай-ақ, өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатынын хабарлаймыз.