«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Қазақстанның ғылыми қауымдастық өкілдерін «ҰМҒТСО» АҚ көрсететін мемлекеттік қызметтер: ғылыми қауымдастыққа арналған практикалық ұсыныстар» вебинарын өткізетіні туралы хабарлайды. Өтетін күні: 24-25 қыркүйек 2026 ж. Өткізу уақыты: нақтылануда. Мақсатты аудитория: Қазақстанның ғылыми қауымдастық өкілдері Өткізу форматы: ZOOM-конференция ZOOM-конференцияға сілтеме алу үшін тіркеуден өтіп, өз деректеріңізді (толық аты-жөніңіз, жұмыс орны, лауазымы) электрондық поштасына жіберу қажет. Сұрақтарды электрондық поштасына жазбаша түрде алдын ала жіберуді сұраймыз. «ҰМҒТСО» АҚ PR қызметі.
Құрметті өтінім берушілер! Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес 2024-2026,2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар шеңберіндегі есептерді қарағанын хабарлайды («Ғылым қоры» АҚ). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің 17-тармағына (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ұлттық ғылыми кеңестің...
Біліктілік талаптары: 1. Басқарма мүшелігіне үміткерлердің кәсіби тәжірибесі, білімі және іскерлік беделі, Басқарма жұмысына үлес қосу қабілеті және ортақ мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыс істеуге деген ұмтылысы болуы керек. 2. Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейіні Экономикалық қызмет түріне сәйкес келетін ұйымда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл, ал ғылыми дәрежесі болған кезде ұйымның тиісті бейіні бойынша басшы лауазымдарда мамандығы бойынша – кемінде 3 жыл. «Іскерлік әкімшілік магистрі (MBA)» дәрежесі немесе менеджмент саласында қосымша білімі болғаны құпталады. Түйіндемені поштаға жіберуге болады: Байланыс телефоны: 222-11-02 (ішкі. 160)
Құрметті конкурсқа қатысушылар! «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 11-тармағының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 9-13 шілде аралығында, қоса алғанда (үш жұмыс күні ішінде) 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі) аясында ұсынылып, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдерге пысықтау жүргізілетінін хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 13 шілде сағат 23:59-да аяқталатынына назар аударамыз. Осыған орай, белгіленген мерзімде «Пысықтау» кезеңіндегі өтінімдердегі ескертулерді ескере отырып, қажетті өзгерістер енгізуді...
Құрметті конкурсқа қатысушылар! Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы аясындағы өтінімдерді қарастырғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 17-тармағы және «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығы негізінде,...