Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы  «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылымының басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым»  жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде өтінімдер қаралғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 658 Қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің 19-тармағының және «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысының негізінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі ұйым басшысының жеке кабинетінде (www.is.ncste.kz) көрсетілетін ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушы (өтінім беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.  

Бұл ретте, Сіздің назарыңызды Ереженің 17-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынына аударамыз:

1) өтінімдері ҰҒК қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;

2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері бойынша өтініштер;

3) анонимді өтініштер;

4) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштер;

5) ҰҒК қойған  немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша алынған балдардың ұлғаюына немесе азаюына байланысты мәселелер бойынша өтініштер».

  Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.

25.04.2023
349