Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – Орталық) «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өтінімдерін қарастырғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі).

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже)17-тармағы және «Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығы негізінде, ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетінде www.is.ncste.kz сілтеме бойынша немесе info@ncste.kz электронды поштасына  конкурсқа қатысушы (өтінім беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.

 

Бұл ретте, Ереженің 18-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайды:

1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;

2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштер;

3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштер;

4) иесі бүркемеленген өтініштер;

5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;

6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштер.

02.10.2026
236