Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ғылымның «АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде өтінімдер қаралғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 658 Қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің 19-тармағының және «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысының негізінде ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтініш беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.

Бұл ретте, Ереженің 17-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынына назар аударуды сұраймыз:

1) өтінімдері ҰҒК қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;

2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері бойынша өтініштер;

3) анонимді өтініштер;

4) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштер;

5) ҰҒК қойған  немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша алынған балдардың ұлғаюына немесе азаюына байланысты мәселелер бойынша өтініштер».

Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.

 

 

 

05.07.2023
385