Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту»ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестің 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы аясындағы өтінімдерін қарастырғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығы бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің 17-тармағының (бұдан әрі – Ереже) және «Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығының негізінде ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтініш беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.
Бұл ретте, Ереженің 15-тармағына сәйкес комиссия:
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштерін;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштерді;
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштерді;
4) иесі бүркемеленген өтініштерді;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштерді қарамайды.
Өтініштердің апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатынын хабарлаймыз.