Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы аясындағы өтінімдерін қарастырғанын хабарлайды (№1, №2, №4, №5, №6, №7, №9, №10, №13, №14, №15, №16, №17, №19, №20, №21, №22, №23, №24, №25, №26, №27,№28, №29,№33,№34,№35 техникалық тапсырмалар). 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығы бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің 17-тармағының (бұдан әрі – Ереже) және «Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығының негізінде ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтініш беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.

Бұл ретте, Ереженің 15-тармағына сәйкес комиссия:

1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштерін;

2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштерді;

3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштерді;

4) иесі бүркемеленген өтініштерді;

5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;

6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштерді қарамайды.

 

Өтініштердің апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатынын хабарлаймыз.

17.06.2024
619