Ағымдағы жылғы 22 тамызда ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) отырысы  өтті. 

ЖҒТК отырысында Ұлттық ғылым академиясы 2017 жылға дайындаған Ғылым жөніндегі ұлттық баяндама қаралды.

Баяндама 2015-2017 жылдар аралығында ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, зерттеу университеттері, салалық мемлекеттік органдар іске асырған ғылыми-зерттеу жобаларының деректері мен нәтижелеріне негізделді. Аяқталған бағдарламалар мен жобалар аясындағы басым бағыттар бойынша маңызды деп танылған әзірлемелер атап көрсетілді.

Алғаш рет қорғаныс мүддесінде ғылымды дамыту мақсатында  қорғаныс, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2019-2021 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы мақұлданды.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында жас ғалымдарға ғылыми гранттар бөлу арқылы қолдау көрсету бойынша жүйелі саясатты құру туралы тапсырма берілді. Тапсырманы орындау үшін ЖҒТК 2019-2021 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру, оның ішінде 35 жасқа дейінгі және оны қоса алғандағы жас ғалымдардың жобаның ғылыми жетекшісі ретіндегі ғылыми зерттеулері үшін мақұлданды.

Сонымен қатар, ЖҒТК отырысында білім және ғылым, қорғаныс, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық министрліктерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаралды.

25.07.2018
174

Ақпарат көзі: http://sc.edu.gov.kz/ru/news/drugoe/22-avgusta-tg--sostoyalos-zasedanie--visshei-nauchno-tehnicheskoi-komissii-pri-pravitelstve-respubliki-kazahstan-_2018-08-25-181400