Жобаға жетекшілік жасаудан бас тартуға немесе жобаға қатысты басқа да өтінімдер бойынша (күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізу т.б.) кімге жүгінуге болады? |
Жауап: Жобаға жетекшілік жасаудан бас тарту, сондай-ақ Ұлттық ғылыми кеңестерге (ҰҒК) өтінім жасау бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетіне өтінімді және оның дәйектемесін көрсете отырып, арнайы хат жазу керек. Одан кейін көрсетілген мәселелер ҰҒК-тің жақындағы отырысына қарауға енгізіледі. |
Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің нәтижелерімен қай уақытта танысуға болады? |
Жауап: «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 Қаулысының 40 тармағына сәйкес, кеңестер қабылдаған барлық шешімдер шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні мерзімінен кешіктірілмей ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады. |
Ұлттық ғылыми кеңестердің отырыстары қашан өткізіледі? |
Жауап: «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 Қаулысының 23 тармағына сәйкес, кеңестердің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі. Сонымен қатар, 24 тармағына сәйкес, жыл сайын бірінші отырыста кеңестер жылдық жұмыс жоспарын және отырыстарының кестесін ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. |
Өтінімнің қарауда жатқаны туралы ақпаратты қайдан білуге болады? |
Жауап: Басым бағыттың үйлестірушісіне хабарласып, өтінімді ҰҒК отырысының күн тәртібіне енгізу туралы анықтау қажет. |