Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есеп қандай құжатқа сәйкес рәсімделеді?

Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепГОСТ 7.32-2017 «Зерттеу жұмысы туралы есеп» Мемлекетаралық стандартына сәйкес рәсімделеді. 

 

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепті тіркеу тәртібі қандай?

Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №149 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және Ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығымен өзгертулер енгізілді) Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларына сәйкес.

 

Сұрақ: Ғылыми жобалар/бағдарламаларды және олардың орындалуы туралы есептерді электронды түрде тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет алудың қандай жолдары бар?

Жауап: Электрондық түрде – «ҰМҒТСО» АҚ www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі арқылы.

 

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте орындаушылардың тізімі қалай рәсімделеді?

Жауап: Орындаушылар туралы мәлімет бағанда болуы керек. Сол жақта орындаушылардың лауазымдары, ғылыми дәрежелері, ғылыми атақтары көрсетіледі, содан кейін түпнұсқаға қол қою үшін бос өріс қалдырылады, оң жағында аты - жөні мен тегі көрсетіледі. Әр фамилияның жанында, жақшада, нақты бір орындаушы қатысқан бөлімнің (кіші бөлімнің) нөмірі көрсетілуі керек.

 

Сұрақ: www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ғылыми жобаның жетекшісі мен орындаушылары ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есептің орындалуын қалай растай алады?

Жауап: «Есеп авторы» бөлімінде ғылыми жоба жетекшісі және орындаушылар есепті ЭЦҚ арқылы растайды.

 

Сұрақ: 2020 жылға арналған бағдарламалық-нысаналық немесе гранттық қаржыландыру бойынша қорытынды есептерін is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімінен қандай объектіні таңдау керек?

Жауап:  1)Бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру бойынша қорытынды есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесіне ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде «Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есептері 2020» таңдау керек.

2) Гранттық қаржыландыру туралы қорытынды есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесіне ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісіне «Гранттық қаржыландыру есептері 2020» таңдау керек.

 

Сұрақ: Бағдарламалық-нысаналы немесе гранттық қаржыландыру бойынша аралық есептерін is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімінен қандай объектіні таңдау керек?

Жауап: 1) 2020 жылғы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы аралық есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсыну кезінде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімнен «Бағдарламалық нысаналық қаржыландыру есептер 2020» таңдау керек.

2) 2020 жылға гранттық қаржыландыру туралы аралық есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде ұсынған кезде «МҒТС объектілер тобы» өрісінде ашылатын тізімнен «Гранттық қаржыландыру есептері 2020» таңдау керек.

 

Сұрақ: Рефератта не қамтылуы керек?

Жауап: Есептің жалпы көлемі, есептегі кітаптардың саны, суреттер, кестелер, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар, түйінді сөздер тізімі, реферат мәтіні туралы мәлімет.

 

Сұрақ: Реферат мәтінінің оңтайлы көлемі қандай?

Жауап: Реферат мәтінінің оңтайлы көлемі – 850 баспа белгісі, бірақ машинада басылған мәтін бір парақтан аспауы керек.

 

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте қандай міндетті құрылымдық элементтер болуы керек?

Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте міндетті құрылымдық элементтер: титул парағы, орындаушылар тізімі, реферат, мазмұны, кіріспе, ҒЗЖ  есебінің негізгі бөлімі, қорытынды.

Сұрақ: Есепте дереккөзге сілтеме қалай рәсімделеді?

Жауап: Сілтеменің реттік нөмірі араб цифрларымен мәтіннің соңында квадрат жақшада беріледі.

 

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте сызбалар, графиктер, схемалар, компьютерлік шығарылымдар, диаграммалар, фотосуреттер қалай рәсімделеді?

Жауап: Суреттер (сызбалар, графиктер, схемалар, компьютерлік шығарылымдар, диаграммалар, фотосуреттер) есепте мәтінінен кейін, олар бірінші рет аталған жерде немесе келесі бетте (мүмкіндігінше есеп мәтінінің тиісті бөліктеріне жақын) орналастырылуы керек. Суреттер араб цифрларымен нөмірленуі тиіс.

 

Сұрақ: Кестенің атауын қалай орналастыру керек?

Жауап: Кестенің атауы кестенің үстінде сол жақта абзацтық бос жер қалдырылмай орналастырылуы керек.

 

Сұрақ:Кестенің бір бөлігін келесі бетке ауыстыру қалай жасалады?

Жауап: Кестенің бір бөлігін басқа бетке ауыстырған кезде «Кесте» сөзі, оның нөмірі мен атауы кестенің бірінші бөлігінің үстіндегі сол жағында бір рет, ал келесі бөліктерінде «Кестенің жалғасы» сөздерін жазу арқылы кесте нөмірі көрсетіледі.

 

Сұрақ: Басқа бетке ауысқан кезде кестені шектеу керек пе?

Жауап: Кестелер сол, оң, жоғарғы және төменгі сызықтармен шектеледі.

 

Сұрақ: Графикалық материалдың немесе кестенің ескертпелері қалай жасалады?

Жауап: «Ескертпе» деген сөздің асты сызылмай, абзацтық шегіністен бас әріппен жазылады. Ескертпелер осы ескертпелер жататын графикалық материалдан немесе кестеден кейін орналастырылуы керек.

 

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепті is.ncste.kz ақпараттық жүйесінде мемлекеттік есепке алу үшін ҒЗЖ туралы есепті кім растайды?

Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепті мемлекеттік есепке алу үшін ұйым басшысы ЭЦҚ қол қоюы арқылы жібереді.

 

Сұрақ: Формулаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар қандай?

Жауап: Есептегі формулалар жолдың ортасына орналастырылады және есеп барысы бойынша реттік нөмірі жақшаның ішінде араб цифрларымен жолдың оң жақ шеткі жағында белгіленуі керек.

 

Сұрақ: Қандай жағдайда есепте міндетті «Орындаушылар тізімі» құрылымдық элементі болмауы мүмкін?

Жауап: Егер есепті бір орындаушы орындаған жағдайда, оның лауазымы, ғылыми дәрежесі, тегі және аты-жөні титулдық бетте көрсетіледі.

 

Сұрақ: Есеп мәтініндегі тізілімдер қалай рәсімделеді?

Жауап: Есеп мәтінінде тізілімдер рәсімдеу кезінде тізілімдердің әрбір элементінің алдына сызықша қойылады (шеңберлер, квадраттар емес).

 

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте сілтемелер қолдануға бола ма?

Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте қосымша түсіндірмелер қажет болған жағдайда сілтеме түрінде рәсімделеді (жоғарғы әріптік араб цифрларымен немесе жұлдызшамен (*).

 

Сұрақ: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есепте бөлімдер мен бөлімшелер қандай құрылымдық элементтен тұрады?

Жауап: Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есептің негізгі бөлімінде. Есептің негізгі бөлімі бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлінеді.

 

Сұрақ: Қосымшаларда кестелер мен суреттер қалай рәсімделеді?

Жауап: Әрбір қосымшаның кестелері мен суреттері араб цифрларымен жеке нөмірленіп, нөмірдің алдына қосымшаның белгісін қосумен белгіленеді.

 

Сұрақ: Есептің құрылымдық элементтерінің тақырыптары қалай рәсімделеді?

Жауап: Құрылымдық элементтердің тақырыптарын жолдың ортасында, соңында нүктесіз, бас әріптермен, қою шрифтпен орналастыру керек. Есептің әрбір құрылымдық элементі және әрбір негізгі бөлігінің бөлімі жаңа беттен басталады.

 

Сұрақ: Қою шрифт қандай жағдайларда қолданылады?

Жауап: Қою шрифт тек бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары, құрылымдық элементтердің тақырыптары үшін қолданылады.

 

Сұрақ: Есеп мәтініне қандай талаптар қойылады (шрифт түсі мен өлшемі, беттің параметрлері, абзац шегінісі)?

Жауап: Шрифт түсі қара, шрифт өлшемі кем дегенде 12 бт.  Есеп мәтіні келесі жиектерді сақтай отырып басылуы керек: сол жақ - 30 мм, оң жақта - 15 мм, жоғарғы және төменгі жақта - 20 мм.  Абзацтық шегініс есептің бүкіл мәтінінде бірдей және 1,25 см-ге тең болуы керек.

 

Сұрақ: Кестелер мен қосымшалардағы суреттер қалай рәсімделеді?

Жауап: Әрбір қосымшаның кестелері мен суреттері араб цифрларымен жеке нөмірленіп, цифрдың алдында қосымшаның белгісін қосумен белгіленеді.

25.09.2020
1555