ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНBR10164221, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0121РК00723

АтауыҚазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: Ұлы қоныс аударудың және Еуразияның этномәдени құрылымының бастаулары

Басымдық бағыты

Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер

Өтінім берушіРеспубликанское государственное казенное предприятие «Государственный историко-культурный заповедник – музей «Берел» министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Ғылыми жетекшіСамашев Зайнолла

МҒТС балдары36.33

Жалпы бекітілген сома120000010

ҰҒК шешімі
Файл жоқ


Күтілетін нәтижелер

Жеке бір ауданның б.д. I мың ж. бірінші жартысына қатысты барлық ескерткіштері айқындалып, есепке алынды. Зерттеулер мен құжаттаманың жаңашыл әдістерін қолдана отырып, жоғарыда көрсетілген ескерткіштерге археологиялық қазбалар жүргізілді. Б.д.д. І мыңжылдықтың соңы мен б.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысындағы Алтай ескерткіштерінің осындай кешенді және ауқымды ғылыми зерттеулерінің шетелде де, отандық ғылымда да баламасы жоқ, бұл дегеніміз жүзеге асырылған жобаның Қазақстан тарихы мен мәдениеті үшін ғана емес, шекаралас елдер, тіпті жалпы Еуразия құрлығы үшін де тың әрі маңызды жобалардың бірі дегенді білдіреді.



КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Тапсырманың шифры, жұмыстар кезеңдері Тапсырманың, этаптың аталымы Тапсырманы, жұмыстардың кезеңін орындайтын ұйымның аббревиатурасы Тапсырма, жұмыстың кезеңі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы Күтілетін нәтижелер
01 «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: Ұлы қоныс аударудың және Еуразияның этномәдени құрылымының бастаулары» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла Бағдарламаны іске асыру Қазақстан мен Еуразияның ғылымы мен мәдениеті үшін маңызды әрі жан-жақты нәтижелер әкеледі.
01.01 б.д. І мыңжылдықтың басындағы (II-V ғғ.) Қазақ Алтайының, Қазақстанның және жалпы Еуразияның ескерткіштері бойынша барлық мүмкін болатын библиографиялық және мұрағаттық деректерді жинау және талдау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла Қазақ Алтайы, Қазақстан және Еуразияның б. д. І мыңжылдықтың басындағы (II-V ғғ.) ескерткіштері бойынша бастапқы деректер базасы қалыптастырылатын болады. Бұл келесілерге ықпал етеді: - Жоба тақырыбы бойынша тарихнаманың дайындалуына; - Тақырып аясында мәдени-хронологиялық және т. б. сипаттағы кең тарихи-археологиялық аналитикалық құрылыстар үшін библиографиялық негіздің құрылуына; - Ғылыми жарияланымдарды дайындау бойынша жұмыстар шеңберінде зерттеу тақырыбы бойынша толық библиографияның жасалуына.
01.02 Қазақ Алтайы - Катонқарағай ауданының Аққайнар, Жамбыл, Өрел, Катонқарағай және Белқарағай ауылдық округтерінде кең ауқымды барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла Б.д. І мыңжылдықтың археологиялық ескерткіштері, сондай-ақ өзге де тарихи дәуірлердің нысандары анықталып, ғылыми есепке алынатын болады. Келесі пәнаралық жұмыстар кешені жүзеге асырылады: қазба жұмыстарына дейінгі электромагниттік терең зондтау, археологиялық объектілердің кешендерін және жекелеген элементтерін фотограмметрия әдістерімен сызбалық-графикалық бекіту, пилотсыз ұшу аппараттарынан объектілерді шолу және әр нүктелік тіркеу (ПСҰА).
01.03 Б.д. І мыңжылдықтың басындағы Аққайнар, Жамбыл және Өрел ауылдық округ аумағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеулер мен құжаттаманың инновациялық әдістерін қолдана отырып археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла Б.д. І мыңжылдықтың басындағы 10-ға жуық археологиялық ескерткіш зерттеліп, көрсетілген дәуірдегі халықтың өмірі мен дүниетанымының әртүрлі аспектілері бойынша ауқымды ғылыми деректер алынатын болады. Зерттеулер мен құжаттаманың инновациялық әдістерін қолдана отырып, келесі жұмыстар кешені жүзеге асырылады: қазба жұмыстарына дейінгі электромагниттік терең зондтау, археологиялық объектілердің кешендерін және жекелеген элементтерін фотограмметрия әдістерімен сызбалық-графикалық бекіту, пилотсыз ұшу аппараттарынан объектілерді шолу және әр нүктелік тіркеу (ПСҰА), жер және жер асты құрылымдары мен жәдігерлерді 3D модельдеу.
01.04 - Зертханалық-камералдық зерттеулер жүргізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла Жануарлар сүйектерін палеозоология әдістерімен зерттеу, көне өсімдіктер қалдықтарын палеоботаника әдістерімен зерттеу, жоғарыда аталған тайпалар өкілдерінің сүйек материалын нәсілдік, тағам түрлілігі, медициналық-ауру-ауытқулық және өзге де ерекшеліктерін анықтау тұрғысынан антропологиялық зерттеу, адамның тірісіндегі келбетін бас сүйегі арқылы қайта құру, зерттелген ескерткіштерді дендрохронология және С14 бойынша радио көміртекті талдау әдістерімен мерзімдеу, жәдігерлерді сақтау және жаңғырту жұмыстарының нәтижелері алынатын болады.
01.05 Далалық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және ғылыми біліктілікті арттыру аясындағы отандық ғылыми іссапарлар Нұр-Сұлтан қаласы (Қазақстан Республикасы) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла ҚР ұлттық музейінің мұрағаттық және кітапханалық қорларында жұмыс істеледі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің мұрағаттық және кітапханалық қорларында жұмыс жүргізіледі. Қазақстан мен Еуразияның тарихы, археологиясы мен мәдениеті бойынша б.з. І мың ж. басындағы ғылыми деректерді Қазақ Алтайының ескерткіштеріндегі далалық жұмыстар нәтижесінде б. з. І мың ж. басындағы (II-V ғғ.) материалдармен, халықтардың ұлы қоныс аударуының бастауын зерделеу және Еуразияның этномәдени құрылымын қалыптастыру тұрғысынан салыстырмалы талдау шеңберінде жинау көзделген.
01.06 Далалық зерттеулер мен зертханалық сараптамалар нәтижелерін Еуразия тарихы мен археологиясы бойынша ғылыми деректермен салыстырмалы талдау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жоба тақырыбы бойынша баяндама жасалатын болады; «I мыңжылдықтың басындағы (II-V ғғ.) Қазақ Алтайының ескерткіштерін алдын ала зерттеулердің нәтижелері» ғылыми мақаласы жарық көретін болады; Ресейлік ғылыми дәйексөз индекісіне кіретін «Үлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журналында бағдарлама қатысушыларының екі мақаласы жарияланатын болады.
01.07 Жоба бойынша жылдық есепті дайындау және тапсыру. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Самашев Зайнолла ГОСТ 7.32-2017 сәйкес, жасалған жұмыс туралы есеп дайындалады және жазылады