ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНBR10164228, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0121РК00757

АтауыРахат археологиялық кешенін зерттеу: қола дәуірінен кейінгі ортағасырға дейінгі тарихты реконструкциялау

Басымдық бағыты

Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер

Өтінім берушіРеспубликанское государственное казенное предприятие "Государственный историко-культурный заповедник-музей "Иссык" министерства культуры и спорта Республики Казахстан"

Ғылыми жетекшіМухтарова Гульмира Раиловна

МҒТС балдары22.5

Жалпы бекітілген сома52587102

ҰҒК шешімі
Файл жоқ


Күтілетін нәтижелер

Күтілетін нәтижелер: - Рахат кешеннің археологиялық ескерткіштерінің картасын жасау; - қола дәуірінен кейінгі орта ғасырға дейінгі археологиялық ескерткіштерінің мазмұны мен құрылымын анықтау; - ғылыми басылымдарда және ғылыми конференция материалдарында зерттеу нәтижелерін апробациялауды жүзеге асыру



КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Тапсырманың шифры, жұмыстар кезеңдері Тапсырманың, этаптың аталымы Тапсырманы, жұмыстардың кезеңін орындайтын ұйымның аббревиатурасы Тапсырма, жұмыстың кезеңі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы Күтілетін нәтижелер
01 «Рахат археологиялық кешенін зерттеу: қола дәуірінен кейінгі ортағасырға дейінгі тарихты реконструкциялау» "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна – Рахат кешеннің археологиялық ескерткіштерінің картасын жасау; – зерттеу барысында табылған материалдардың мәдени атрибуциясын және ескерткіштің хронологиялық шеңберін анықтау, оны ғылыми айналыммен енгізу; – қола дәуірінің, дамыған және кейінгі орта ғасырдың археологиялық ескерткіштерінің мазмұны мен құрылымын анықтау; – қола дәуірі мен ерте темір дәуіріндегі тұрмыстық дәстүрлерді және аймақтағы ежелгі тұрғындардың шаруашылық-мәдени типтерін реконструкциялау; – Рахат шатқалының бөктерлі аймағының қола дәуіріндегі, ерте темір дәуіріндегі және орта ғасырлардағы мәдени-типологиялық сипаттамалары; – Рахат археологиялық кешенінің тарихи топографиясын құру; – қазылған объектілерді консервациялау және ішінара реконструкиялау; – зерттеу нәтижелерін республиканың және шетелдің жоғары, орта оқу орындарына арналған оқулықтар, баяндамалар мен ғылыми мақалалар жазуда қолдану. – ғылыми мақала Scopus немесе Web of Science мәліметтер базасына енгізілген рецензияланған ғылыми журналда, сондай-ақ, БҒССҚК-да және халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында мақалалар жарияланды. – аймақтың туристік тартымдылығының артуы және «Есік» қорық-музейіне келушілірдің кобеюі.
01.01 Далалық қазба жұмысына дайындық: қазба жұмысының әдісі мен жоспарын түзу. Еңбекті ұйымдастыру және экспедицияны қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. Рахат шатқалындағы қола дәуірі ескерткіштеріне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна 1. Қола дәуірінің қабірлерін археологиялық зерттеу бойынша әдебиеттер мен дереккөздер базасын қалыптастыру. 2. Қола дәуіріндегі тұрғындардың тас қоршаулары бар (Рахат шатқалы) 2 қорғанда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, өлшемдері: биіктігі шамамен 1 м, диаметрі 5-7 м. 3. Зерттелген объектілерді консервациялау және рекультивациялау.
01.02 Рахат шатқалында ауқымды барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу. Жалпы алғанда, тарихи ғылымды, мәдениетті, экскурсиялық-туристік қызметті дамыту үшін өңірдің тарихи-мәдени әлеуеті туралы толық түсінік алу мақсатында барлық ескерткіштерді анықтау. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна 1. Бұрын соңды тіркелмеген тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтау, жалпы жай-күйін бағалау, содан әрі жедел зерттеу жүргізілуге тиісті нысанды анықтау. 2. Объектілердің және ескерткіштер топтарының географиялық координаттарын анықтай отырып, алдын ала археологиялық карта жасау.
01.03 Артефактілерді камералдық өңдеу, фотофиксациялау, жүйелеу және ғылыми атрибуциялау. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна 1. Анықталған артефактілерді камералдық өңдеу, сызбасын салу. 2. Фото және графикалық материалды цифрландыру. 3. Зерттелетін мәселе бойынша ақпаратты жүйелеу, артефактілерді атрибуттау.
01.04 Қазба барысында анықталған материалдарды зерттеу және зертханалық-сараптамалық талдау жасау (қыш, метал, тас, сүйек). "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна 1. Далалық зерттеу жұмыстары кезінде алынған материалдарды зертханалық жағдайда өңдеу. 2. Қола дәуіріндегі тұрғындардың материалдық және рухани мәдениеті туралы мәліметтерді анықтау. 3. Қола дәуіріндегі тұрғындардың шаруашылық дәстүрлерінің ерекшеліктерін анықтау (дала жұмыстары барысында алынған материалдар арқылы). 4. Аэрофотосуреттер арқылы табылған ескерткіштердің жоспарын және қорғандардың географиялық координаттарын жасау.
01.05 Қазақстан музейлерінің қорындағы ұқсас артефактілермен салыстырмалы-тарихи, типологиялық талдау жүргізу. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорларындағы музей заттарымен салыстырмалы талдау арқылы археологиялық материалдардың типологиялық және хронологиялық жақындықтарын анықтау.
01.06 Өңірдің ежелгі тұрғындарының күнделікті және дәстүрлі шаруашылғын реконструкциялау үшін материалдар жинастыру. Қола дәуірі объектілеріндегі қазба жұмыстары материалдары бойынша ғылыми мақала жазу. Жетісу өңірінің қола дәуірі тайпаларының өмірі мен шаруашылығының түрлі аспектілерін қайта құру үшін дала жұмыстары барысында алынған материалдарды толыққанды талдау, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна 1. Қола дәуіріндегі Жетісу өңірінің шаруашылық дәстүрлері мен типологиялық ерекшеліктерін анықтау. 2. Жетісу өңірінің қола дәуірі тайпаларының мәдени-хронологиялық дамуының толық көрінісін анықтау үшін қола дәуірі материалдарының жинақталған кешенін зерттеу. 3. Ақпараттық стратиграфия жасау және жерлеу архитектурасын талдау. 4. Шектес өңірлердің қола дәуіріндегі жерлеу-еске алу құрылыстарымен салыстыру және сәулет тәсілдерінің ерекшеліктерін анықтау. 5. 4-тоқсанда «Әл-Фараби ат. ҚазҰУ хабаршысында» «Рахат археологиялық кешеніндегі далалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» атты ғылыми мақала жариялау.
01.07 Өңір аймағындағы қола дәуірі, ерте темір дәуірі және ортағасырлардағы мал шаруашылығының қалыптасуы мен даму кезеңдерін реконструкциялау. Табиғи-географиялық ортаны анықтау. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна 1. Ежелгі тұрғындардың мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытудың негізгі кезеңдерін анықтау. 2. Ежелгі мәдениеттегі табиғи-ландшафттық айырмашылықты реконструкциялау. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Жалпы генетика және цитология институтында Жетісудың ежелгі тұрғындарының қазып алынған сүйек қалдықтарын генетикалық зерттеулер, генетикалық идентификация жүргізу. 4. Ежелгі популяцияның сабақтастық дәрежесін анықтау.
01.08 Толық иллюстрациялық ғылыми есеп дайындау. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Мухтарова Гульмира Раиловна Орындалған жұмыс бойынша ГОСТ 7.32-2017 сәйкес қорытынды есепті дайындау, жазу.