ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP05130036, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК00929

АтауыОнкологиялық ауруларға қарсы иммунитетті төмендететін факторына, жасушаларының тіршілік қабілетін жоюға бағдарламаланатын PD-1 рецепторларына қарсы моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридом жасушаларын алу

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіРеспубликанское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный центр биотехнологии"

Ғылыми жетекшіМукантаев Канатбек Найзабекович

МҒТС балдары31.67

Жалпы бекітілген сома39260000


Күтілетін нәтижелер

1 1 жасушаларының тіршілік қабілетін жоюға бағдарламаланған PD – 1 рекомбинантты ақуыз факторын өндіретін штамм микроорганизмдері алынады. Рекомбинатты ақуызды тазалау және экспрессиялау параметрлері оңтайландырылады. 2 Рекомбинатты ақуыздың иммунохимиялық және иммунологиялық қасиеттері зерттеледі, рекомбинантты PD-1 ақуызына моноклоналды антидене өндіруші гибрид жасушаларының штамдары алынады. Рекомбинантты PD-1 ақуызына қарсы моноклоналды антиденелерді алу және тазалаудың әдістері оңтайландырылады. 3 Моноклоналды антиденелердің келесі сипаттамалары анықталады, аффинділігі, белсенділігі және телімділігі. Т-жасушаларының PD-1 тіршілік қабілетін жоюға бағдарламаланған фактор алып жүрушілермен, жасушалармен моноклоналды антиденелердің телімді байланысуы анықталды.


2018 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Онкологиялық ауруларға қарсы иммунитетті төмендететін PD-1 жасушаның тірішілік қабілетін жоюға бағдарламаланған рецепторға қарсы моноклоналды антиденелерді өндіруші гибрид жасушалары

Жұмыс мақсаты

Жобаның 2018 жылға қойған мақсаты рекомбинантты PD-1 ақуызын өндіретін микроағзалардың штамдарын алу болып табылады.

Зерттеу әдістері

Жұмыс барысында генетикалық инженерияның, сонымен қатар иммунологиялық, биохимиялық және биотехнологиялық зерттеу әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Адамның PD-1 рецептордың жасушадан тыс доменнің генін алып жүретін pET28 және pET32 экспрессионды векторлардың негізінде екі генетикалық құрылым жобаланды. De novo шартында PD-1 рецепторының гені синтезделді. Синтезделген ген pET28 және pET32 экспрессионды плазмидаларға клондалды. E.coli BI21/pET28/PD-1 және E.coli BL21/pET32/PD-1 микроағзалар штамдары алынды. Штамдар адамның PD-1 рекомбинантты рецепторың тұрақты ретінде өндіреді. Ақуыздардың молекулярлық массалары 21 және 34 кДа болды. Тазалағаң ақуыздардың концентрациялары 1 мг/мл көлемінде құрастырылды. Отандық ғылыми басылымда нөлден тыс импакт-факторы бар бір мақала жарияланды және бір патентке өтінім берілді. Зерттеу жаңалығы адамның PD-1 рецепторының жасушадан тыс доменін өндіретін микроағза штамдары

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Адамның PD-1 рецепторының жасушадан тыс доменін өндіретін жоғары концентрациялы микроағзалар штамдары алынды.

Енгізу дәрежесі

Жоба жетілдірілу сатысында

Тиімділігі

Жетілдірілудің тиімділігі алынған штамм-продуценттердің жоғарғы өнімділігімен сипатталады.

Қолдану облысы

Медицина

2019 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Онкологиялық ауруларға қарсы иммунитетті төмендететін PD-1 жасушаның тірішілік қабілетін жоюға бағдарламаланған рецепторға қарсы моноклоналды антиденелерді өндіруші гибрид жасушалар.

Жұмыс мақсаты

Адамның PD-1 рецепторының жасушадан тыс доменіне қарсы моноклоналды антиденені өндіретін гибридтты жасушалар штаммдарын алу.

Зерттеу әдістері

Клеточная инженериямен, иммунологиялық және биохимиялық әдістері.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

1:25600 антиденелер титріне түзілуіне рекомбинантты PD-1 себеп болды. Иммундалған тышқаның сарысуы гетерогенді ақуыздармен байланысты көрсетпеді, тек қана салмағы 21 кДа ақуызбен байланысты. MS-MS спектрометрия нәтижесі NCBI және SwissProt дерекқордың ішінде көрсетілген PD-1 аминоқышқыл реттілігімен сәйкес келді. PD-1-ге қарсы моноклоналды антиденелерді өндіретің гибридті жасушалардың 4 штаммы 5B6C9H, 7F5D11G, 8E4D7E, 10E3F5D алынды. Жасушалардың өнімділігі культуралы сұйықтықта 0,5 мг/мл және асцит сұйықтығында 16 мг/мл болды. Моноклоналды антиденелерді оқшаулау және тазарту әдісі жасалды. Бір мақала импакт-факторы бар журналда жариаланды, бір мақала Scopus деректер базасында индекстелген журналда жариялауға қабылданды және бір патентке өтінім берілді. Зерттеу жаңалығы адамның PD-1 рецепторының жасушадан тыс доменіне қарсы моноклоналды антиденені өндіретін гибридтты жасушалар болып саналады.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Моноклоналды антиденені өндіретін гибридтты жасушалар штаммдары жоғары өндіру және тиімді технологиялық қасиетеріне ие болды.

Енгізу дәрежесі

Жоба жетілдірілу сатысында.

Тиімділігі

Жетілдірілудің тиімділігі моноклоналды антиденені өндіретін гибридтты жасушалар штаммдары жоғарғы өнімділігімен сипатталады.

Қолдану облысы

Медицина.

2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеудің нысаны онкологиялық аурларға қарсы имунитетті төмендететін фактор, PD-1 жасушаларының жойылуын бағдарламалайтын рецепторға қарсы моноклоналды антиденелерді өндіретін гибрид жасушаларының штамдары болып табылады.

Жұмыс мақсаты

2020 жылдың жобаның мақсаты адамның PD-1 рецепторының жасушадан тыс доменіне қарсы моноклоналды антиденелерді өндіретін гибрид жасушалардың штамдарын алу болып табылады.

Зерттеу әдістері

Жұмыс барысында гибридомдық технология, сонымен қатар иммунологиялық, биохимиялық және биотехнологиялық зерттеу әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Зерттеу нәтижесінде адамның PD-1 рецепторының рекомбинантты доменін өндіретін 2 микроағзаларының штамдары алынды. PD-1 рекомбинантты ақуызды оқшаулау және тазарту параметрлері жасалып болды. Өндірілген ақуыздың молекулалық салмағы 21 кДа құрастырылды. Рекомбинантты ақуыздың MS-MS спектрометриясы PD-1 ақуызымен толық келісімді көрсетті. PD-1-ге қарсы моноклоналды антиденелерді өндіретен H8, A5, E9, C9, A4 гибридті жасушалары алынды. Гибрид жасушаларының штамдарының культуралды және өнімділік ерекшелігі анықталды. Моноклоналды антиденелердің байланысуы констанциясі 2х107М-1 ден 2х108М-1 құрады. Моноклоналды антиденелер иммуноглобулиндердің G1 класына жатады және лимфоцитермен байланысу қабілетін көресетеді. БҒССҚК-ның ұсынған нөлдік емес импакт-факторы бар журналда 2 мақала, Scopus индекстелетін журналға 2 мақала. Өнертабысқа патент алынды және бір патенттік өтінім берілді. Нәтижелердің жаңалығы: Қазақстан республикасында адамның Т-лимфоциттерінің PD-1 ақуызына қарсы моноклоналды антиденелері алынады және олардың иммунохимиялық және биологиялық қасиеттері зерттеледі.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Адамның PD-1 қарсы алынған моноклоналды антиденелері жоғары сезімталдылыққа, телімділікке, аффинділікке және белсенділікке ие.

Енгізу дәрежесі

Енгізілмеген

Тиімділігі

Әзірлеменің тиімділігі моноклоналды антиденелердің жоғары иммунохииялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады.

Қолдану облысы

Медицина