ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP05130225, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК00665

АтауыБьеррум-Гуггенгейм осмотикалық коэффициенті концепциясы негізінде моделді жүйелердегі конгруэнтті балқитын қосылыстардың термиялық тұрақтылығын зерттеу

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріІргелі

Өтінім берушіФилиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья Республики Казахстан" Комитета индустриального развития и промышленной безопасности министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Химико-металлургический институт им.Ж.Абишева"

Ғылыми жетекшіБайсанов Сайлаубай

МҒТС балдары24.67

Жалпы бекітілген сома30200000


Күтілетін нәтижелер

Қосылыстардың балқу температурасына жақын арада және одан жоғарыда Бьеррум-Гуггенгеймнің осмостық коэффициентінің әсерін зерттеу арқылы конгруэнтті балқитын қосылыстардың максимум формасын термодинамикалық зерттеуге дәстүрлі емес әдістеуді қолдану көрсетілетін болады. Модельдік металлды және оксидті жүйелердің осмостық коэффицентін (Фі) есептеу үшін конгруэнтті балқитын химиялық қосылыстар аймағындағы құрам мен температура бойынша бастапқы мәліметтер құрастырылады. Диссоциациялау немесе ассоциациялау (α) дәрежелерінің теңдестіру тұрақтысымен байланысы арқылы конгруэентті балқитын қосылыстың балқу сәтіндегі термодинамикалық тұрақтылықтың бағдарламасы әзірленетін болады. Гетеро-гомогенді реакциялар үшін Гиббстің энергиясын есептеудің бағдарламасы құрастырылады. Гетеро-гомогенді реакциялар үшін Гиббстің энергиясын есептеумен қатар Бьеррум-Гуггенгеймнің осмостық коэффициенті арқылы конгруэнтті балқитын қосылыстардың диссоциациялану(ассоциоциялану ) дәрежесіне бағалау жүргізіледі.


2018 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу ныcаны – конкруэнтті балқитын қосылыстардың кристалдануының айқын көрінген салалары бар модельді металл және оксидті жүйелер.

Жұмыс мақсаты

Жұмыcтың мақcаты - күй диаграммасында химиялық қосылыстың максимум қисығының нысаны туралы мәселелерді қатаң термодинамикалық шешудің әртүрлі тәсілдеріне талдау жүргізу. Бьеррум-Гуггенгеймнің осмотикалық коэффициентін есептеу үшін модельдік жүйелер бойынша бастапқы деректерді дайындау. Фазалардың кристалдану сызығы бойындағы жеке жүйелер үшін Бьеррум-Гуггенгейм осмотикалық коэффициентінің өзгеру сипатын қарастыру.

Зерттеу әдістері

Бьеррум-Гуггенгейм осмотикалық коэффициентінің сұйық және қатты фазалардағы белсенділіктің қатынасына тәуелділігін алумен температура мен концентрация бойынша бастапқы деректерді өңдеу үшін қолданылатын әдіснама проблеманы толық және жан-жақты зерттеу және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті құралдар, әдістемелер мен ғылыми әзірлемелер кешенін қамтиды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Алынған нәтижелер: - күй диаграммасында химиялық қосылыстың максимум қисығының нысаны туралы мәселелерді қатаң термодинамикалық шешудің әртүрлі тәсілдеріне талдау жүргізілді; - FeSi, Fe2Ti, FeCr2O3, Fe2TiO4 конкруэнтті балқитын қосылыстардың кең аймақтарымен модельдік металл (Fe-Si және Fe-Ti) және оксидтері (FeO-Fe2o3 және FeO-TiO2) таңдалды; - Fe-FeSi, FeSi-Si, Fe-Fe2Ti, Fe2Ti-Ti, FeO-FeO•Cr2O3, FeO•Cr2O3-Cr2O3, FeO-2FeO•TiO2, 2FeO•TiO2-TiO2 жеке жүйелері үшін эвтектика нүктесіне дейін ликвидус және солидус сызықтарының кристалдану өрісінен алынған құрамы мен температурасы бойынша бастапқы деректер қалыптастырылды.; Осы жобаның ғылыми жаңалығы Бьеррум-Гуггенгейм концепциясы негізінде жоғары температуралы конкруэнтті балқитын қосылыстар аймағы үшін металл және оксидті жүйелердегі фазалық тепе-теңдіктің ерекшеліктерін анықтаумен қатар балқу кезінде сұйық фазада қабаттану сипатын белгілеу болып табылады.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

-

Енгізу дәрежесі

-

Тиімділігі

-

Қолдану облысы

Осы бағыт бойынша алынған нәтижелер физика-химиялық талдау саласында жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды. Қорытпада болып жатқан үдерістерді принципті түсінудің қазіргі кезеңінде, оларға көзқарас қорытпалардың фазалық жағдайын талдауға және компоненттердің өзара әрекеттесуін есепке алуға негізделген, физика-химиялық талдау саласында бірқатар іргелі зерттеулер жүргізу күрделі қорытулар мен ғылыми негізделген практикалық ұсыныстар үшін негізін береді.

2019 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу объектілері - конкруэнтті балқитын қосылыстардың кристалдану өңірлері айқын көрінген модельді металл және оксидті жүйелердегі фазалық түрленулер.

Жұмыс мақсаты

Жұмыс мақсаты – конгруэнтті балқитын қосылыстардың балқу температурасына жақын Бьеррум-Гуггенгеймнің осмостық коэффициентін шешу және құру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді құру.

Зерттеу әдістері

Зерттеу әдістері: ҒЗЖ орындау кезінде физика-химиялық талдаудың теориялық әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Жұмыста ұсынылған тұрақты химиялық қосылыстардың диссоциация дәрежесін есептеу әдісі жаңа болып табылады. Темір, кремний, хром, титан негізіндегі оксидті және металл жүйелер мысалында алғаш рет Бьеррум-Гуггенгеймнің осмотикалық коэффициенті балқымалардың құрылымын бағалау критерийі бола алады.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

жоқ

Енгізу дәрежесі

Енгізу дәрежесі: ұсынылған әдістер мен фазалық тепе-теңдікті есептеу бағдарламалары Оқу үрдісінде дипломдық зерттеу жұмыстарын орындауда қолданылады.

Тиімділігі

Жұмыстың экономикалық тиімділігі немесе маңыздылығы:Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, жұмыста ұсынылған термодинамикалық деректерді есептеу әдістерін пайдалану гидрометаллургия, экстракция, айдау процестеріне қатысты маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, яғни фазалық тепе-теңдік құбылыстары бар жерде.

Қолдану облысы

Қолдану саласы: металлургия, металлтану және металдарды термиялық өңдеу, материалтану.

2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны болып конгруэнтті балқитын қосылыстардың кристалдануының айқын аймақтары бар модельдік металды және тотықты жүйелердегі фазалық өзгерістер табылады.

Жұмыс мақсаты

Жобаның мақсаты - гетерогенді реакциялар үшін Гиббс энергиясын есептеумен қатар Бьеррум - Гуггенгеймнің осмотикалық коэффициенті арқылы конгруэнтті балқитын қосылыстардың диссоциациялану (ассоциациялану) дәрежесінің шамасына салыстырмалы бағалау жүргізу.

Зерттеу әдістері

Жұмысты жүргізу әдістері. ҒЗЖ орындаудың барысында моновариантты фазалық тепе-теңдіктердің сызығын сипаттаудың математикалық әдістері және қосылыстардың энтальпиясы мен балқу температурасын бағалаудың есептік әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Жұмыс нәтижелері және олардың жаңалығы. Металл және тотық жүйелеріне арналған графиктерін егжей-тегжейлі зерттеу конгруэнтті-балқитын қосылыстың балқу температурасында шамамен бір градусқа жақындағанда Бьеррум-Гуггенгеймнің осмотикалық коэффициенті Fe-Si металл жүйесі мен FeO-Cr2O3 тотық жүйесі үшін сынуға ұшырайтынын, яғни сәйкес балқитын қосылыстың микро құрамы үшін алаң пайда болатынын, ал балқу температурасынан жоғары ликвидус сызығының жалғасы циклды жасап, 1-ге оралатынын көрсетті.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Зерттеу арқылы алынған теориялық нәтижелері сұйық ерітінділер мен бу фазасының бар екендігін көрсетеді, бұл элементтерді бөлу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді, бұл прогрессивті технологияларды құрудың тікелей жолы болып табылады.

Енгізу дәрежесі

Сонымен, метал және тотық жүйелерінің үйлесімді балқитын қосылысының балқу нүктесіндегі графиктерін егжей-тегжейлі зерттеу жоғары температуралы конгруэнтті балқитын қосылыстардың балқуы кезінде сұйық фазадағы бөлінудің сипатын анықтауға мүмкіндік берді, ал бұл элементтердің бөліну мүмкіндігі туралы бағалаудың тікелей жолы.

Тиімділігі

Жұмыстың экономикалық тиімділігі немесе маңыздылығы: бағдарламаларды қолдана отырып, жұмыста ұсынылған термодинамикалық деректерді есептеу әдістерін пайдалану гидрометаллургия, экстракция, айдау үрдістеріне қатысты маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, яғни фазалық тепе-теңдік құбылыстары бар жерде.

Қолдану облысы

Қолдану саласы - металлургия, металтану және металдарды термиялық өңдеу, материалтану.