ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP05130235, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК01204

АтауыТазартылған кремний мен моносиланнын технологиясын жаңғырту

Басымдық бағытыЭнергетика и машиностроение

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіСерекбол Жарылгапович Токмолдин

Ғылыми жетекшіТокмолдин Серекбол Жарылгапович

МҒТС балдары30

Жалпы бекітілген сома35920681


Күтілетін нәтижелер

Кремнийді қождық тазалау және бағытталған кристалдану қатынас үрдістерін атқару үшін графитті отбақыры бар индукциялық балқыту пешін жетілдірудің эскиздік жобасы жасалынады Металлургиялық кремнийді тазалау үрдісінің фукционалды кестемесі дайындалынады Кремнийдің қождық тазалау және бағытталған кристалданудың біріктірілген үрдісін әзірлеу Металлургиялық сападағы кремнийдің қождық тазалау бір стадиялық үрдісін даярлау Жетілдірілген пеште Al/Ca/Si үштік қоспалар алынады және олардың параметрлері анықталынады.


2018 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Аса таза металлургиялық кремний алуға арналған әдістер мен жабдықтар

Жұмыс мақсаты

Жұмыстың мақсаты күн фотоэнергетикасына арналған аса таза кремний алудың технологиясы мен жабдықтарын жетілдіру болып табылады

Зерттеу әдістері

Индукциялық балқыту пешінде кремнийді алюмотермиялық қалпына келтіру және қождық тазалау, тотықтандыра тазарту, металдық алюминий қосу, кристалдық тазалау, Чохральский әдісімен кристалл өсіру, кремнийдің фазалық құрамын анықтауға арналған Дрон-6 дифрактометрі көмегімен ретгенді фазалық дифрактометрия, қоспаның құрамын анықтауға арналған индуктивтік-байланысқан плазмалы Optima 2000DV спектрометрі көмегіменмен оптикалық спектроскопия

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Металлургиялық кремнийді тазартудың бақыланатын үрдісінің функционалдық сызбасы жасалынды. Жұмыс отбақырында кремнийдің кристалдануының бұрын қолданылған кремнийді қождан ажырату әдістерінен артықшылығы тазаланылған кремнийдің қожбен араласу технологиялық зянды әсері жойылатыны көрсетілді. Отбақырдың биіктігі бойында электр қуатымен қамтамасыз етудің үш аймағы бар индукциялық пештің жобасы әзірленді, ол қарқынды қыздыру аймағын балқыманың төменгі бөлігіне ауыстыруға және оның қарқынды конвекциялық араласуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Балқытпаны кремний мен қожға бөлуін бақылауға арналған, сондай-ақ кремнийдің бағыттық кристаллизациясы үшін графитті отбақыр жасалынды. Жұмыс газының балқымамен әрекеттесу үрдісінің аса тиімділігін, газдың төменгі шығынын және диффузорда газ қысымын шектеуді қамтамасыз ететін балқытпаны жұмыс газымен барботаждауға арналған құрылғының сызбасы жасалынды. Жаңа графитті отбақыры бар индукциялық балқыту пешінде металлургиялық кремнийді тазалауының біріктірілген үрдісінің операциялық сызбасы жасалынды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Құрамындағы қиын жойылатын қоспалары азырық және бағасы арзанырақ металлургиялық кремнийді алудың бәсекеге қабілетті, ғылымды қажет ететін, экологиялық таза өндірісін ұйымдастыру. Күтілетін оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже жоғары және жоғары білікті мамандары тарту үшін жаңа жұмыс орындарын құрумен байланысты.

Тиімділігі

жоғары

Қолдану облысы

Күн фотоэнергетикасы мен жартылай өткізгіштік микроэлектроникаға арналған материалдарды өндіру, химиялық өнеркәсіп, металлургия.

2019 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Аса таза металлургиялық кремний алуға арналған әдістер мен жабдықтар

Жұмыс мақсаты

Жобаның мақсаты күн фотоэнергетикасына арналған аса таза кремний алудың технологиясы мен жабдықтарын жетілдіру болып табылады

Зерттеу әдістері

Индукциялық балқыту пешінде кремнийді алюмотермиялық қалпына келтіру және қождық тазалау, тотықтандыра тазарту, металдық алюминий қосу, кристалдық тазалау, Чохральский әдісімен кристалл өсіру, кремнийдің фазалық құрамын анықтауға арналған Дрон-6 дифрактометрі көмегімен ретгенді фазалық дифрактометрия, қоспаның құрамын анықтауға арналған индуктивтік-байланысқан плазмалы Optima 2000DV спектрометрі көмегіменмен оптикалық спектроскопия.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Металлургиялық сапалы кремнийді қождардан тазартудың бір сатылы үрдісі жасалынды. CaO/SiO2 қатынасы кремнийді бор мен фосфордан тазалауға әсер ететін негізгі параметрлердің бірі болып табылатыны анықталды. Кремний мен қождың жіктелінуі және отбақырдан нысаналы өнімді шығарып алу үрдістері зерттелінді. Индукциялық балқыту пешінің графитті отбақырында балқытпаның гравитациялық жіктелуі жалпақ шектіде ұйтқымаған сұйық күйде кремнийдің қожбен араласу зиянды эффекттерді жоятыны анықталды. Секцияланған индуктордың графитті отбақырдың бүйір қабырғасында бөлінетін магнит өрісі энергиясының күшінің тік градиенті есебінен балқытпа температурасының тік градиентін жасауға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Индукцияланған балқыту пешінің конструкциясының тиісті жетілдіруі негізінде акценті бар кремнийді қождық тазалау және бағытталған кристалдануының біріктірілген үрдістері зерттелінді және меңгерілді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Құрамындағы қиын жойылатын қоспалары азырық және бағасы арзанырақ металлургиялық кремнийді алудың бәсекеге қабілетті, ғылымды қажет ететін, экологиялық таза өндірісін ұйымдастыру.

Енгізу дәрежесі

енгізілмеген

Тиімділігі

Күтілетін оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже жоғары және жоғары білікті мамандарды тарту үшін жаңа жұмыс орындарын құрумен байланысты.

Қолдану облысы

Күн фотоэнергетикасы мен жартылай өткізгіштік микроэлектроникаға арналған материалдарды өндіру, химиялық өнеркәсіп, металлургия.

2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Аса таза металлургиялық кремний және CaAl2Si2 үштік қорытпа алуға арналған әдістер мен жабдықтар.

Жұмыс мақсаты

Жобаның мақсаты күн фотоэнергетикасы мен электрондық өнеркәсіпке арналған поликремний және CaAl2Si2 үштік интерметаллдық қорытпа алудың технологиясы мен жабдықтарын жетілдіру болып табылады.

Зерттеу әдістері

Индукциялық балқыту пешінде кремнийді алюмотермиялық қалпына келтіру және қождық тазалау, кристалдық тазалау, кремнийдің фазалық құрамын анықтауға арналған Дрон-6 дифрактометрі көмегімен ретгенді фазалық дифрактометрия, қоспаның құрамын анықтауға арналған индуктивтік-байланысқан плазмалы Optima 2000DV спектрометрі көмегіменмен оптикалық спектроскопия.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Графитті отбақыры бар индукциялық пеште Al/Ca/Si үштік қорытпасы алынды. СаО-Al2O3-SiO2 үштік жүйелерінің фазалық диаграммаларында кремний алу арқылы кремний тотығын қалыпына келтіру, оны синтетикалық қождармен тазарту, сондай-ақ CaAl2Si2 үштік қорытпасын дайындау алюмотермиялық процестеріндегі бастапқы шикіқұрамның және соңғы қождардың қол жетімді құрамы анықталды. CaF2 сұйылтқыш қоспасын қолданбай балқымалардың тұтқырлығын төмендету мүмкіндігі көрсетілген. Сұйық кремний ортада кальций тотығының алюмотермиялық қалпына келтіру үрісі кезінде алынған үштік қорытпаның негізгі компоненті CaAl2Si2, қосылысы екендігі көрсетілген, оның кристалдары кубтық құрылымға ие. CaF2 сұйылтқыш қоспасын қолданбаған алюмотермиялық үрдіс барысында CaO-Al2O3 бинарлық жүйесін компоненттік үлестерін белгілі бір диапазонында ұстау керек, бұл СаО үлесінің критикалық мәннен төмендеуіне жол бермейді, бұл кезде балқыманың қатқылдануы температурасы 1550℃ жоғары көтерілуі мүмкін.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Құрамындағы қиын жойылатын қоспалары азырық және бағасы арзанырақ металлургиялық кремнийді алудың бәсекеге қабілетті, ғылымды қажет ететін, экологиялық таза өндірісін ұйымдастыру.

Енгізу дәрежесі

Күтілетін оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже жоғары және жоғары білікті мамандарды тарту үшін жаңа жұмыс орындарын құрумен байланысты

Тиімділігі

жоғары

Қолдану облысы

Күн фотоэнергетикасы мен жартылай өткізгіштік микроэлектроникаға арналған материалдарды өндіру, химиялық өнеркәсіп, металлургия.