ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP05130243, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК00203

АтауыЛюминесценттік қасиеттері бар наноқұрылымдалған материалдарды синтездеудің әдістерін жасау

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіДочернее Государственное предприятие На праве хозяйственного ведения "Национальная Нанотехнологическая Лаборатория Открытого Типа" Республиканского Государственного Предприятия На праве хозяйственного ведения "Казахский Национальный университет им. Аль-Фараби"

Ғылыми жетекшіАбдуллин Хабибулла Абдуллаевич

МҒТС балдары30

Жалпы бекітілген сома27180000


Күтілетін нәтижелер

- NR-ZnO үлгілеріндегі фотолюминесценцияның сыртқы жағдайларға байланысты тәуелділігі мен беткі бөлігінің күйі, термиялық және плазмалық әсер ету кезінде пайдаболатын ZnO-дағы ұсақ сутегі донорлары зерттелетін болады. Олардың табиғаты әлемде интенсивті теоретикалық және эксперименталды зерттеудің нысаны болып отыр. - Алынған нәтижелердің негізінде, NR-ZnO синтезделген үлгілерінде газды және оптикалық сенсорлардың эксперименттік үлгілері жасап шығарылады. - Люминесценция интенсивтілігі жоғары және жерде сирек кездесетін элементтері қосылған наноқұрылымды материалдарды (вольфрам цинкінің оксиді жәнеY3Al5O12 матрицасы негізінде) синтездеу әдістері дамытылады. - Синтезделген материалдардың люминесценциялық қасиеттері зерттеледі, алынған үлгілердің берілген люминесценциялық сипаттамаларына қолжеткізу үшін оңтайлы технологиялық параметрлер және синтезделген үлгілердің қасиеті мен құрылымының люминесценттік қасиеті мен өзара байланысы анықталады.


2018 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Люминесцентті материалдар, наноқұрылымдалған жартылай өткізгіштер

Жұмыс мақсаты

Датчиктер мен люминофорлар жасауға жарайтын люминесцентті материалдарды синтездеудің эксперименталды әдістерін жасау болып табылады.

Зерттеу әдістері

Электронды микроскопия, оптикалық микроскопия, раманды шашырау, рентгенді дифракция.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Синтезделген ZnO үлгілерінің газдық сыртқы әсерлерге, атап айтсақ, газды атмосфераға, ультракүлгін сәулелені мен сутекті өңдеуге жоғары сезімталдығы анықталды. Газдық фазалық және гидротермалды синтездеу әдістерімен ZnO үлгілерін алуда үлгі қасиеттерінің синтез параметрлеріне тәуелділігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Гидротермалды әдіспен ZnO ұнтақтарын, жұқа қабаттарын және нанобіліктер массивін синтездеудің режимдері анықталды, нанобіліктер массиві үшін синтездейдің оңтайлы параметрлері анықталды, ZnO қабыршақтарын алу үшін синтез параметрлері анықталды. Синтезделген ZnO қабаттарының морфологиясының өзгерісіне өсу ерітіндісіне қосылатын легирлеуші және нейтрал қоспалардың аз ғана мөлшері синтезделетін қабаттардың морфологиясы мен кристалдық ориентациясын тез өзгертетіндігі көрсетілді. Пиролиз аэрозоль әдісімен прекурсорлардың ерітіндісінен интенсивті фотолюминесценцияға ие майда кристаллды YAG:Ce алынды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Люминофорлар мен датчиктер жасау үшін люминесцентті материалдарды синтездеудің эксперименталды әдістері жасалды. Материалдар люминофорлар мен датчиктер жасау үшін перспективті болып табылады.

Қолдану облысы

Датчиктер мен люминофорлар жасау үшін люминесцентті материалдар.

2019 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу объектісі - люминесцентті материалдар, фотокаталитикалық материалдар, наноқұрылымдалған жартылай өткізгіштер.

Жұмыс мақсаты

Зерттеу мақсаты датчиктер мен люминофорлар жасауға жарайтын люминесцентті материалдарды синтездеудің эксперименталды әдістерін жасау болып табылады.

Зерттеу әдістері

Зерттеудің негізгі әдістері: электронды микроскопия, оптикалық микроскопия, раманды шашырау, рентгенді дифракция.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Зерттеу жаңалығы - сутегі атмосферасында қысқа мерзімді плазмалық өңдеуге ұшыраған ZnO синтезделген үлгілерінің фотолюминесцентті және электрлік қасиеттеріне алдын ала термоөңдеудің әсері анықталды. Гидротермалдық әдіспен өсірілген ZnO пленкалары мен массивті наностержді үлгілерінің фотолюминесценция спектрлері мен электрлік қасиеттері зерттелді. Гидротермалды әдіспен наноблоктар, WO3 вольфрам оксидінің наножапырақтары және ZnWO4 мырыш вольфраматының наностержендері синтезделді. Гидротермалды синтездің аз шығынды әдісімен ZnO/CuO нанокомпозиттері алынды, олардың фотокаталитикалық белсенділігі, морфологиясы, синтезделген үлгілердің құрылымдық және фотолюминесценттік қасиеттері зерттелді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Гидротермалды әдіспен наноблоктар, WO3 вольфрам оксидінің наножапырақтары және ZnWO4 мырыш вольфраматының наностержендері синтезделді. Гидротермалды синтездің аз шығынды әдісімен ZnO/CuO нанокомпозиттері алынды. Синтезделген үлгілер датчиктер мен люминофорлар жасауға перспективті болып табылады.

Қолдану облысы

Қолдану аймағы – датчиктер мен люминофорлар жасау үшін люминесцентті материалдар, органикалық заттарды ыдырату үшін фотокаталитикалық материалдар.

2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу объектісі – люминесцентті материалдар, фотокаталитикалық материалдар, наноқұрылымды жартылай өткізгіштер.

Жұмыс мақсаты

Зерттеудің мақсаты – датчиктер мен люмирофорларды жасауға жарамды люминесцентті материалдарды синтездеудің эксперименттік әдістерін жасау.

Зерттеу әдістері

Зерттеудің негізгі әдістері: Электронды микроскопия, оптикалық микроскопия, Раман шашырауы, рентгендік дифракция.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Зерттеудің жаңалығы – синтезделген ZnO үлгілерінің фотолюминесценттік және электрлік қасиеттеріне алдын ала термоөңдеудің тигізер әсері, яғни сутегі атмосферасында қысқа мерзімді плазмалық өңдеуге ұшыратудың әсері анықталды. Негізгі нәтижелер: Қарапайым және аз шығынды химиялық тұндыру әдісі арқылы электр параметрлері тұрақты, меншікті кедергісі төмен ρ=0.016 Ом*см және қабаттарының кедергісі ~ 160 Ом/□, заряд тасымалдаушылардың қозғалғыштығы жоғары µ=17 cm2В-1с-1 қоспасыз ZnO пленкалары алынды. Алғаш рет меншікті кедергінің біртіндеп артуы әсерін жеңу үшін және заряд тасымалдаушылардың жоғары қозғалғыштығы және электр параметрлері тұрақты ZnO пленкаларын алу үшін ~400°C температурада ауада үлгілерді термиялық күйдіру арқылы бетті өзгерту қажет, содан кейін сутегі плазмасында қысқа мерзімді өңдеу керектігі орнатылды. Жоғары дисперсті қарқынды фотолюминесцентті YAG:Ce3+ ұнтағы қарапайым аэрозоль пиролизі әдісімен алынған, жоғары кристалдылыққа қол жеткізу және қарқынды ФЛ алу үшін оңтайлы жағдайлар анықталды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Төмен шығынды ерітіндіден химиялық тұндыру әдісімен мырыш оксидінің наностержендері мен мырыш оксидінің пленкалары синтезделді. Қарапайым аэрозоль пиролизі әдісімен, одан кейінгі қысқа мерзімді күйдіру жолымен церимен легирленген алюмоиттрий гранатының жоғары дисперсті ұнтақтары синтезделді. Синтезделген үлгілер датчиктер мен люминофорлар жасау үшін перспективті.

Қолдану облысы

Қолдану саласы – датчиктер мен люминофорларды жасауға арналған люминесцентті материалдар, органикалық заттарды ыдыратуға арналған фотокаталитикалық материалдар.