ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ

ЖТНAP05130297, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК00358

АтауыҚатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы екінші реттік шикізаттар мен тауарлық өнімдерді алудың экологиялық үйлесімді және тиімді технологиясын жасау және ендіру (Түркістан-Кентау-Отырар аймақтары мысалында)

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіУчреждение "Международный Казахско-Турецкий университет имени Ходжа Ахмета Ясави"

Ғылыми жетекшіАкбасова Аманкул Джакановна

МҒТС балдары23.67

Жалпы бекітілген сома24160000

Күтілетін нәтижелер

- Зерттелетін аймақтың 24 полигонындағы қалдықтарға инвентаризация жүргізіледі; қалдықтардың қоршаған орта нысандарының жағдайына тигізетін әсеріне мониторинг өткізіледі; қалдықтардың жинақталатын жерлерінде бөлінетін парниктік газдар мен озонды бұзатын заттардың мөлшері есептеу және газанализаторлардың көмегімен өлшеу арқылы анықталады; - Қалдықтардың аймақтық қолдану жүйесін дамыту мен тиімді түрде басқару жолдары табылады; әрбір қалалық және ауылдық полигондар үшін қалдықтарды басқарудың жеке және кешенді жобалары құрылады; өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың кемінде 50% екінші реттік ресурс ретінде өндірістік технологиялық циклға қайтарылынып, өңдеуді арттыру үшін арнайы кластерлік жүйе құрылады; қалдықтарды ұтымды пайдалануды ұйымдастырып, жобаны кеңінен жүзеге асыру үшін жастар докторанттар, магистранттар, студенттер, оқушылар) осы жұмыстарға жұмылдырылады; - Полигондарда және ҚТҚ түзілетін көздерде қалдықтарды бөлектеп жеке-жеке сұрыптау енгізіледі; қауіпті қалдықтардың төлқұжаттары жасалады; қалдықтар келесі санаттар бойынша жiктеледі: 1) тiкелей пайдалану; 2) қайтара іске асыру мен өңдеу; 3) жерлеу үшін; - Вермитехнологияның жақсартылған нұсқаларын әзірлеуге негіз ретінде органикалық қалдықтарды (көң, құс саңғырығы, бау-бақша, өсімдік шаруашылығын, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары және т.б.) алдын ала ашыту үдерісін жеделдетуге целлюлозаны ыдырататын және басқа да бактериялар таңдалады; экологиялық таза және тиімді органикалық

2018 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны ретінде Түркістан облысының Отырар мен Түркістан аудандарының қатты тұрмыстық қалдықтары мен полигондары, қоршаған орта нысандары, парниктік, озонды бұзатын газдармен бірге басқа газдар қарастырылды.

Жұмыс мақсаты

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты түрлі ассортиментті қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жақсартылған сападағы әртүрлі өнімдерді алудың құрамдастырылған технологиясын жасау.

Зерттеу әдістері

Әдіснамалық негіз ретінде жүйелік талдау әдісі, екіншілік ресурстарды тиімді пайдаланудың іргетасты классикалық зерттеулері, министрліктер мен бөлімдердің әдістемелік, статистикалық, нормативті-нұсқаулық материалдары, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өңдеу мәселелеріне арналған аймақтық есептер мен семинарлардың, конференциялардың, конгресстердің материалдары, физика-химиялық қасиеттерге талдау жасау мен заттарға аналитикалық сандық талдау жасау әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Кешенді бақылау зерттеулері негізінде полигондар мен полигонға жанасқан қоршаған орта нысандарының (атмосфералық ауа, жер асты сулары, топырақ, өсімдіктер дүниесі, т.б) жағдайы туралы жаңа мәліметтер алынды. Қалдықтарды 3 санат бойынша жіктеу ұсынылды: 1) тікелей қолдануға арналған; 2) утильдеу мен өңдеуге арналған; 3) көмуге арналған.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Қалдықтар көлемін қысқарту, екінші реттік қайта өңдеу мен компостау арқылы бағалы материалдар алу, қоқыстарды өртеу және кәдеге жаратылмаған полигон қалдықтарын көму

Енгізу дәрежесі

Бірінші реттік қолданыстан шыққан шыны және пластик бөтелкелер екінші шикізат ретінде Түркістан қаласында салынып жатқан нысанның еденін жылытатын қабат жасауға пайдаланылды.

Тиімділігі

Экономикалық тиімділігі қатты тұрмыстық қалдықтарды нормадан тыс орналастыруды шектеумен экологиялық- экономикалық зияндылық анықталады, бұл жағдай қоршаған ортаны сауықтандырумен қатар, екінші реттік шикізат ретінде ҚТҚ қолданылуында.

Қолдану облысы

Қолдану саласы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, ауылдық және жекеленген шаруашылықтар, қоқыс іріктеуші және қоқыс өңдеуші мекемелер, агроөнеркәсіп, құрылыс индустриясы мекемелері.

2019 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны ретінде Түркістан облысының Отырар мен Түркістан аудандарының полигондары, қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтар, қоршаған орта нысандары, топырақтың ферментативті белсенділігі, парниктік, озонды бұзушы және басқа да газдар қарастырылды.

Жұмыс мақсаты

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты түрлі ассортиментті қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жақсартылған сападағы әртүрлі өнімдерді алудың құрамдастырылған технологиясын жасау.

Зерттеу әдістері

Әдіснамалық негіз ретінде жүйелік талдау әдісі, екіншілік ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі классикалық зерттеулері, министрліктер мен ведомстволардың әдістемелік, статистикалық, нормативті-нұсқаулық материалдары, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өңдеу мәселелеріне арналған аймақтық есептер мен семинарлардың, конференциялардың, конгресстердің материалдары, заттардың физикалық-химиялық қасиеттерді талдау мен сандық және сапалық аналитикалық әдістері қолданылды. Жұмыста сонымен бірге ҚТҚ құрылымының бұзылу үрдістері, қоршаған орта нысандарына ҚТҚ полигондарының әсер етуі бойынша мониторингтік зерттеулердің көрсеткіштері, мониторинг жүйесінде қалдықтарды басқарудың отандық және шетелдік іс-тәжірибелерінде қолданылатын сараптамалары, бақылау бойынша нормативті-әдістемелік құжаттар және де 2018-2019 жж аралығында жүргізілген жеке ғылыми-зерттеу жұмыстары зерттеуге негіз болып есептелінеді.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Жұмыстың нәтижелері мен оның жаңалығы. Кешенді мониторингтік зерттеулер негізінде полигондар мен оған жанасқан қоршаған орта нысандарының (атмосфералық ауа, жер асты сулары, топырақ, өсімдіктер дүниесі, т.б) жағдайы туралы, құрамына өндірістік экологиялық бақылау бойынша парниктік газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды инвентаризациялау мен тәжірибелік және есептік мәліметтер келтірілген жаңа нәтижелер алынды. Ферментативті көрсеткіштерді топырақ мониторингінде қолдану маңызды факторлардың бірі екені айқындалды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Жұмыстың экономикалық тиімділігі немесе маңыздылығы экологиялық экономикалық және әлеуметтік зияндылықтың алдын алу, ҚТҚ және басқа да өндірістік қалдықтарды тиімді басқару арқылы Түркістан облысының экологиялық тұрақтылығының әлеуетін арттыру болып табылады. Қалдықтардан өңдеу және утильдеу әдістері арқылы құнды коммерциялық өнімдерді шығару жұмыстары, полигонға жиналған қалдықтардың көлемін азайтуға, атмосфералық ауаның, топырақтың және басқа биосфера объектілерінің ластану деңгейін төмендетуге, қатты тұрмыстық қалдықтар саласында тиімді мониторинг жүйесін құруға мүмкіндік береді. Нақты мысалдар ретінде экономикалық, экологиялық, техникалық, әлеуметтік және мінез-құлықтың рухани нормалары табиғатты пайдалану үрдісін интенсификациялаудың біртұтас жүйесі екендігін көрсетеді.

Енгізу дәрежесі

Өндірістік деңгейде ҚТҚ жинауға, сұрыптауға, утильдеуге қатысты жұмыстар негізінде медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру және өңдеу арқылы құрылыс материалдарын алу тәсілі өндіріске енгізілді.

Тиімділігі

Экономикалық тиімділігі қатты тұрмыстық қалдықтарды нормадан тыс орналастыруды шектеумен экологиялық- экономикалық зияндылық анықталады, бұл жағдай қоршаған ортаны сауықтандырумен қатар, екінші реттік шикізат ретінде ҚТҚ қолданылуында.

Қолдану облысы

Қолдану саласы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, ауылдық және жекеленген шаруашылықтар, қоқыстарды іріктеуші және өңдеуші мекемелер, агроөнеркәсіптер, құрылыс индустриясы мекемелері.

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны ретінде Түркістан облысының Отырар мен Түркістан аудандарының полигондары, қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтар, қоршаған орта нысандары, топырақтың ферментативті белсенділігі, парниктік, озонды бұзушы және басқа да газдар қарастырылды.

Жұмыс мақсаты

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты түрлі ассортиментті қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жақсартылған сападағы әртүрлі өнімдерді алудың құрамдастырылған технологиясын жасау.

Зерттеу әдістері

Әдіснамалық негіз ретінде жүйелік талдау әдісі, екіншілік ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі классикалық зерттеулері, министрліктер мен ведомстволардың әдістемелік, статистикалық, нормативті-нұсқаулық материалдары, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өңдеу мәселелеріне арналған аймақтық есептер мен семинарлардың, конференциялардың, конгресстердің материалдары, заттардың физикалық-химиялық қасиеттерді талдау мен сандық және сапалық аналитикалық әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Кешенді мониторингтік зерттеулер негізінде полигондар мен оған жанасқан қоршаған орта нысандарының (атмосфералық ауа, жер асты сулары, топырақ, өсімдіктер дүниесі, т.б) жағдайы туралы, құрамына өндірістік экологиялық бақылау бойынша парниктік газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды инвентаризациялау мен тәжірибелік және есептік мәліметтер келтірілген жаңа нәтижелер алынды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Жұмыстың экономикалық тиімділігі немесе маңыздылығы экологиялық экономикалық және әлеуметтік зияндылықтың алдын алу, ҚТҚ және басқа да өндірістік қалдықтарды тиімді басқару арқылы Түркістан облысының экологиялық тұрақтылығының әлеуетін арттыру болып табылады. Нақты мысалдар ретінде экономикалық, экологиялық, техникалық, әлеуметтік және мінез-құлықтың рухани нормалары табиғатты пайдалану үрдісін интенсификациялаудың біртұтас жүйесі екендігін көрсетеді.

Енгізу дәрежесі

Қоғамдық орындардан жиналған шыны және полимерлі бөтелкелер, Түркістан қаласындағы Назарбаев көшесі, 8, «Экология» ҒЗИ территориясында соғылып жатқан жылыжай құрылысында және де күзетшілерге арналған үйге жылы еден жасауға пайдаланылды, ендіру актілерімен рәсімделді. Өндірістік деңгейде келесі қызмет түрлерін ендіру жұмыстары ұйымдастырылды: ҚТҚ жинау, сұрыптау, утильдеу. Инсинераторлы қондырғыда жағу тәсілін Түркістан қаласының 2 мекемесінде, яғни Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің клиникалық диагностикалық орталығы мен Түркістан облысының КМБ «№4 арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған орталығы» жинақталған А, Б сыныптарына жататын медициналық қалдықтарына қатысты ұйымдастырылды. Полигондарда вермитехнологияның жылдамдатылған әдісі өндірістік жағдайда сыналуда.

Тиімділігі

Қалдықтардан өңдеу және утильдеу әдістері арқылы құнды коммерциялық өнімдерді шығару жұмыстары, полигонға жиналған қалдықтардың көлемін азайтуға, атмосфералық ауаның, топырақтың және басқа биосфера объектілерінің ластану деңгейін төмендетуге, қатты тұрмыстық қалдықтар саласында тиімді мониторинг жүйесін құруға мүмкіндік береді.