ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНBR05236379, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК00749

АтауыАлматы облысы тұрғындарының генетикалық жағдайы мен денсаулығына пайдаланылмаған және тыйым салынған пестицидтердің әсерін кешенді бағалау

Басымдық бағытыНаука о жизни и здоровье

Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер

Өтінім берушіРеспубликанское государственное предприятие На праве хозяйственного ведения "Институт общей генетики и цитологии"

Ғылыми жетекшіБекманов Бакытжан Оракбаевич

МҒТС балдары30.33

Жалпы бекітілген сома497251798


Күтілетін нәтижелер

Алматы облысы Талғар ауданы аймағындағы ескірген пестицидтердің орналасқан орындарының кадастры жасалады; ескірген пестицидтердің орналасқан аймағынан 5 нүктеден топырақ және су үлгілері алынып, оларға химиялық талдаулар жүргізіледі; ескірген пестицидтердің орналасқан 5 және бақылау аймағынан алынған су үлгілеріне әртүрлі үлгі объектілерді қолдану арқылы кешенді генотоксикалық баға беріледі; 3 жылдық зерттеулер (2018-2020 жж.) аралығында пестицидтердің және ауыр металлдардың жергілікті өндірілетін азық-түліктегі динамикалық өзгерісіне баға беріледі; ескірген пестицидтердің орналасқан 5 нүктесіндегі саңырауқұлақтар және микроорганизмдердің әртүрлілігі динамикалық тұрғыдан сипатталады және қоршаған ортадағы мүмкін ыдыратушылар анықталады; ескірген пестицидтердің орналасқан 5 нүктесіндегі флора және фаунаның доминантты түрлеріне, мал азығы өсімдіктеріне және ауыл шаруашылық жануарларына ТОЛ әсерінің сипаттамасы беріледі; ескірген пестицидтердің орналасқан 5 нүктесі аймағындағы тұрғындардың физиологиялық, цитогенетикалық және молекулалы-генетикалық жағдайларына сипаттама беріледі, қауіп топтары анықталады, ұсыныс дайындалады.



КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Алматы облысы Талғар ауданы маңындағы пестицидтер сақталған жерлер аймақтарынан жиналған су, топырақ, азық-түлік, азықтық және ағаш-бұта өсімдіктері, жануарлардың сезімтал түрлері, ауыл шаруашылық жануарлары және жергілікті тұрғындар қолданылды; үлгі тест-жүйелері (Salmonella/микросомдар, Drosophila melanogaster шыбынының зертханалық линиялары және адам мен қойлардың перифериялық қан үлгілерінің культуралары) қолданылды.

Жұмыс мақсаты

Алматы облысы аймағының қоршаған ортасына ауыр металлдар мен тұрақты органикалық ластағыштардың көпжылдар бойына әсеріне биоэкологиялық талдаулар жүргізу және тұрғындардың денсаулығына қаупін бағалау, ұсыныс әзірлеу.

Зерттеу әдістері

Жұмыста химиялық, генетикалық, молекулалы-генетикалық, биохимиялық, физиологиялық және статистикалық әдістер, сонымен қатар классикалық фаунистикалық және флористикалық әдістер қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Алматы обылысы Талғар ауданы 5 ауылдық аймаққа (Қызылқайрат, Бесқайнар, Белбұлақ, Амангелді, Еңбекші) және Еңбекшіқазақ ауданы Тауқаратүрік ауылына кешенді зерттеулер жүргізілді. Пестицидтерге мониторинг жүргізілді; Осы жерлердегі су, топырақ және азық-түлік үлгілері құрамында ауыр металлдар мен тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) анықталды. Қызылқайрат, Бесқайнар және Тауқаратүрік материалдарында ТОЛ және ауыр металлдардың генотоксикалық жағдайын бағаланды; микрофлораға талдаулар жүргізілді; сезімтал және үй жануарлары, азықтық өсімдіктерге техногенді факторлардың әсері анықталды; ағаш-бұта өсімдіктеріне микроклональды көбейту жүргізілді; жергілікті тұрғындардың соматикалық денсаулығы, оларға цитогенетикалық және молекулалы-генетикалық талдау жүргізілді. Бағдарламада 16 ғылыми мақалалар жарияланды, олардың ішінде 2 жоғары рейтингті басылымда (Scopus), 3 жоғары рейтингті отандық басылымда, шет елдегі халықаралық конференцияда 6 тезис және отандық халықаралық конференцияда 4 тезис.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Ғылыми мақалалар

Қолдану облысы

Экология, Медицина, Қоршаған ортаны қорғау

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу объектісі ретінде Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат, Бесқайнар, Белбұлақ, Амангелді, Еңбекші ауылдары маңындағы пестицидтер сақталған жерлер аймақтарынан және бақылау ретінде Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басшы ауылынан жиналған су, топырақ, азық-түлік, азықтық және ағаш-бұта өсімдіктері, бал аралары, жануарлардың сезімтал түрлері, ауыл шаруашылық жануарлары (қойлар, ірі қара мал) және жергілікті тұрғындар қолданылды. Сонымен қатар, үлгі тест-жүйелері (Salmonella/микросомдар, Drosophila melanogaster шыбынының зертханалық линиялары және адам мен қойлардың перифериялық қан үлгілері) қолданылды.

Жұмыс мақсаты

Алматы облысы аймағының қоршаған ортасына ауыр металлдар мен тұрақты органикалық ластағыштардың көпжылдар бойына әсеріне биоэкологиялық талдаулар жүргізу және тұрғындардың денсаулығына қаупін бағалау, ұсыныс әзірлеу.

Зерттеу әдістері

Бағдарламада зерттеу жұмыстарына көпдеңгейлі тәсіл (су, топырақ, өсімдіктер, жануарлар, жергілікті тұрғындар) және жергілікті тұрғындарға тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) әсерлерін бағалайтын әртүрлі әдістер қолданылды. Жұмыста химиялық, генетикалық, молекулалы-генетикалық, биохимиялық, физиологиялық және статистикалық әдістер, сонымен қатар классикалық фаунистикалық және флористикалық әдістер қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

2019 жылы Алматы обылысы Талғар ауданы 5 ауылдық аймаққа (Қызылқайрат, Бесқайнар, Белбұлақ, Амангелді, Еңбекші) және Алматы облысы Кербұлақ ауданына қарасты Басшы (бақылау) ауылына кешенді зерттеулер жүргізілді. Осы аталған елді мекендер аймағында пестицидтердің сақталған орындарына мониторинг жүргізілді; зерттеу нүктелерінен жиналған су, топырақ және азық-түлік үлгілері құрамында ауыр металлдар мен ТОЛ анықталды. Амангелді, Белбұлақ және Басшы ауылынан жиналған материалдардағы ТОЛ және ауыр металлдардың генотоксикалық жағдайын бағалау үшін әртүрлі деңгейдегі үлгі жүйелерге зерттеулер жүргізілді; микрофлораға талдаулар жүргізілді және ауыр металлдар мен ТОЛ ыдыратушы микроорганизмдер іріктелді; әртүрлі факторларға сезімтал жануарларға, ауылшаруашылық жануарларына, азықтық өсімдіктерге техногенді факторлардың әсері анықталды; сипаты жағынан «мүмкін» фиторемедиаторларға – ағаш-бұта өсімдіктеріне микроклональды көбейту жүргізілді; жергілікті тұрғындардың соматикалық денсаулығы, олардың цитогенетикалық және молекулалы-генетикалық талдаулары бағаланды. Бағдарлама бойынша жалпы саны 29 ғылыми еңбектер жарияланды: оның ішінде 2 мақала жоғары рейтингті Scopus қорындағы басылымда, 7 мақала жоғары рейтингті отандық басылымдарда (БҒСБК), 1 монография, 1 әдістемелік құрал, 1 мақала коллективті монография құрамында, шет елдердегі халықаралық ғылыми конференцияларда 8 тезис, отандық халықаралық конференцияларда 9 тезис жарыққа шықты. 2 патент алынды және патент алуға 2 өтініш берілді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Ғылыми мақалалар.

Қолдану облысы

Экология, медициналық генетика, медицина

2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты бұрынғы пестицидтер сақталған 5 нүктеден және бақылау ретінде таңдалған 2 нүктеден жиналған су үлгілері, топырақ үлгілері, үлгі тест жүйелері, азық-түлік, азықтық және ағаш-бұта өсімдіктері, бал аралары, индикаторлы жануарлар, ауыл шаруашылық малдары және жергілікті тұрғындардан жиналған перифериялық қан үлгілері қолданылды.

Жұмыс мақсаты

Алматы облысы аймағының қоршаған ортасына ауыр металдар мен тұрақты органикалық ластағыштардың көпжылдар бойына әсеріне биоэкологиялық талдаулар жүргізу және тұрғындардың денсаулығына қаупін бағалау, ұсыныс әзірлеу.

Зерттеу әдістері

Жұмыста химиялық, молекулалы-генетикалық, цитогенетикалық, морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық және статистикалық талдау әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Алғаш рет Алматы облысы Талғар ауданына қарасты 5 елді мекенде және бақылау ретінде таңдалған 2 елді мекенде су және топырақ үлгілеріне және жануар және өсімдік тектес азық-түлік өнімдері құрамындағы ТОЛ және ауыр металлдарға кешенді зерттеулер жүргізілді. Осы аймақтардағы судың және топырақтың үлгі тест-жүйелерге генотоксикалық әсерлеріне баға берілді; осы аймақтың флорасы мен фаунасы зерттелді, мал азықтық өсімдіктердегі ТОЛ және ауыр металлдар құрамы анықталды, ауыр металлдар қойлардың жүнінде анықталды, индикаторлы және ауыл шаруашылық жануарларының цитогенетикалық жағдайлары зерттелді; жергілікті тұрғындардың соматикалық денсаулығы бағаланды, оларға цитогенетикалық және молекулалы-генетикалық зерттеулер жүргізілді. Сонымен бірге жергілікті тұрғындардың денсаулығы қаупінің қысқа және ұзақ мерзімділігіне баға берілді. Зерттеу жүргізілген аймақтардағы бұрынғы пестицидтер сақталған қоймалар аймақтарына инвентаризациялау арқылы кадастр жасалды. Топырақты биоремедиациялау бойынша деструктор-микроорганизмдердің жаңа консорциумы және ТОЛ өзіне сіңіретін ағаш өсімдіктерін қолдану арқылы фиторемедиациялау әдістері қарастырылды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Жалпы бағдарлама бойынша 73 ғылыми еңбек жарыққа шықты, оның ішінде, 7 Scopus базасына кіретін ғылыми журналдарда.

Енгізу дәрежесі

4 патент алынды.

Тиімділігі

Жергілікті тұрғындарға пестицидтердің әсерінің экологиялық және генетикалық қауіптері алғаш рет анықталды, пестицидтердің теріс әсерлерін төмендетуге ұсыныстар әзірленді, қоршаған ортаны тазалаудың жаңа технологиялары ұсынылды.

Қолдану облысы

Экологиялық генетика, медициналық генетика.

Тапсырманың шифры, жұмыстар кезеңдері Тапсырманың, этаптың аталымы Тапсырманы, жұмыстардың кезеңін орындайтын ұйымның аббревиатурасы Тапсырма, жұмыстың кезеңі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы Күтілетін нәтижелер
01.01. Алматы облысындағы (Талғар ауданы мысалында) пестицидтердің ескірген қалдықтарын және сақталған орындарын анықтап, оларға кадастр жасау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ескірген қорлардың кадастрын және Алматы облысындағы (Талғар ауданы мысалында) пестицидтерді бұрынғы сақтау орындарының аумағын жетік тексеру жұмыстары жалғастырылады: ескірген пестицидтер қорының сипатын анықтау арқылы мониторингті зерттеулер жүргзілді.
01.02 Пайдаланылмаған пестицидтердің орналасқан жеріндегі су және топырақ үлгілеріндегі ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықтау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Пайдаланылмаған пестицидтердің орналасқан жеріндегі су және топырақ үлгілеріндегі ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықталады: 2018 жылы су және топырақ үлгілерінің химиялық талдауы нәтижелері алынды.
01.03 Әртүрлі деңгейге жататын үлгі жүйелер негізінде топырақтың және судың мүмкін ластаушыларының генотоксикалық жағдайын бағалау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Әртүрлі деңгейге жататын үлгі жүйелер негізінде Алматы облысы аймағында пестицидтердің ескірген қалдықтары сақталған 2 аймақтан және бақылау ретінде экологиялық таза аймақтан алынған топырақ пен судың мүмкін ластаушыларының генотоксикалық жағдайын бағалау.
01.04 Жергілікті өндірушілердің өнімдеріндегі (көкөністер және жеміс-жидек культуралары, бал, ет) ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықтау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Жергілікті өндірушілердің өнімдеріндегі (көкөністер және жеміс-жидек культуралары, бал, ет) ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықталады: 2018 жылы пестицидтер және ауыр металлдардың құрамы бағаланады.
01.05 Пестицидтерді жою орындарына жақын аймақтарда экологиялық объектілердің микробтық әртүрлілігін анықтау, химиялық ластағыштарды ыдырататын микроорганизмдерге скрининг жүргізу. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич 2018 жылғы мәліметтер бойынша пестицидтер сақталған аймақтарда экологиялық объектілерде миробтық әртүрлілік анықталады, микробтық және саңырауқұлақ өсімдіктерінің сипаттамалары көрсетіледі, қоршаған ортаның химиялық ластаушыларын ыдырататын мүмкін микроорганизмдер анықталады.
01.06 Флора және фаунаның эндемикалық түрлеріне, азықтық өсімдіктерге, ауыл шаруашылық жануарларға ТОЛ әсерін зерттеу. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ескірген пестицидтер қорының орналасқан екі жеріне жүргізілген зерттеулер бойынша флора және фаунаның доминантты түрлеріне, азықтық өсімдіктерге, ауыл шаруашылық жануарларға ТОЛ әсерінің сипаттамасы беріледі.
01.07 Қоршаған ортаның ұзақ мерзімді пестицидтік ластануының халықтың генетикалық жағдайға және адам денсаулығына әсер ету қаупін бағалау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Қоршаған ортаның ұзақ мерзімді пестицидтік ластануының тұрғындардың генетикалық жағдайына және денсаулығына әсер ету қаупін бағалау жұмыстары жүргізу басталады.
02.01 Ескірген қорлардың кадастрын және Алматы облысындағы (Талғар ауданы мысалында) пестицидтерді бұрынғы сақтау орындарының аумағын жетік тексеру. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ескірген қорлардың кадастрын және Алматы облысындағы (Талғар ауданы мысалында) пестицидтерді бұрынғы сақтау орындарының аумағын жетік тексеру жұмыстары жалғастырылады: ескірген пестицидтер қорының сипатын анықтау арқылы мониторингті зерттеулер жүргзілді.
02.02 Пайдаланылмаған пестицидтердің сақталған жеріндегі су және топырақ үлгілеріндегі ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықтау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Пайдаланылмаған пестицидтердің сақталған жеріндегі су және топырақ үлгілеріндегі ТОЛ өнімдерінің ыдырауы анықталады: 2019 жылы су және топырақ үлгілерінің химиялық талдау нәтижелері алынады.
02.03 Ластаушылардың әртүрлі деңгейінде үлгі тест жүйесі әдісін пайдаланып су және топырақ ластаушылары басымдылығының генотоксикалық потенциалын бағалау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ескірген пестицидтер қорының орналасқан екі жерінен алынған су және топырақ ластаушылары басымдылығының генотоксикалық потенциалы бағаланады.
02.04 Жергілікті өндірушілердің өнімдеріндегі (көкөністер және жеміс-жидек культуралары, бал, ет) ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықтау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Жергілікті өндірушілердің өнімдеріндегі (көкөністер және жеміс-жидек культуралары, бал, ет) ТОЛ өнімдерінің ыдырауы анықталады: 2019 жылы пестицидтер және ауыр металлдардың құрамы бағаланады.
02.05 Пестицидтерді жою орындарына жақын аймақтарда экологиялық объектілердің микробтық әртүрлілігін анықтау, химиялық ластағыштарды ыдырататын микроорганизмдерге скрининг жүргізу. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич 2019 жылғы мәліметтер бойынша пестицидтер сақталған аймақтарда экологиялық объектілерде миробтық әртүрлілік анықталады, микробтық және саңырауқұлақ өсімдіктерінің сипаттамалары көрсетіледі, қоршаған ортаның химиялық ластаушыларын ыдырататын мүмкін микроорганизмдер анықталады.
02.06 Флора және фаунаның эндемикалық түрлеріне, азықтық өсімдіктерге, ауыл шаруашылық жануарларға ТОЛ әсерін зерттеу. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ескірген пестицидтер қорының орналасқан екі жеріне жүргізілген зерттеулер бойынша флора және фаунаның доминантты түрлеріне, азықтық өсімдіктерге, ауыл шаруашылық жануарларға ТОЛ әсерінің сипаттамасы беріледі.
02.07 Қоршаған ортаның ұзақ мерзімді пестицидтік ластануының халықтың генетикалық жағдайына және денсаулығына әсер ету қаупін бағалау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Қоршаған ортаның ұзақ мерзімді пестицидтік ластануының халықтың генетикалық жағдайына және денсаулығына әсер ету қаупін бағалау жұмыстары жалғасады.
03.01 Ескірген қорлардың кадастрын және Алматы облысындағы (Талғар ауданы мысалында) пестицидтерді бұрынғы сақтау орындарының аумағын жетік тексеру. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ескірген қорлардың кадастрын және Алматы облысындағы (Талғар ауданы мысалында) пестицидтерді бұрынғы сақтау орындарының аумағын жетік тексеру жұмыстары аяқталады. Кадастр жарыққа шығады.
03.02 Пайдаланылмаған пестицидтердің орналасқан жеріндегі су және топырақ үлгілеріндегі ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықтау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Пайдаланылмаған пестицидтердің орналасқан жеріндегі су және топырақ үлгілеріндегі ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықталады: 2020 жылы су және топырақ үлгілерінің химиялық талдау нәтижелері алынады.
03.03 Ластаушылардың әртүрлі деңгейінде үлгі тест жүйесі әдісін пайдаланып су және топырақ ластаушылары басымдылығының генотоксикалық потенциалын бағалау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ластаушылардың әртүрлі деңгейлеріндегі үлгі тест жүйесі әдісін пайдаланып 1-ші мониторингті жерден су және топырақ ластаушылары басымдылығының генотоксикалық потенциалын бағаланды, 5 мониторингті жерлер бойынша зерттеулер нәтижелері біріктіріледі және су және топырақ үлгілерінің генотоксикалық әсеріне кешенді бағалау жасалады.
03.04 Жергілікті өндірушілердің өнімдеріндегі (көкөністер және жеміс-жидек культуралары, бал, ет) ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықтау. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Жергілікті өндірушілердің өнімдеріндегі (көкөністер және жеміс-жидек культуралары, бал, ет) ТОЛ өнімдерінің ыдырауын анықталады: 2020 жылғы мәліметтер бойынша пестицидтер және ауыр металлдардың құрамына бағалау жасалады. 3 жыл бойына тамақ өнімдеріндегі ТОЛ құрамына баға беріледі.
03.05 Пестицидтерді жою орындарына жақын аймақтарда экологиялық объектілердің микробтық әртүрлілігін анықтау, химиялық ластағыштарды ыдырататын микроорганизмдерге скрининг жүргізу. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич 2020 жылғы мәліметтер бойынша пестицидтер сақталған аймақтарда экологиялық объектілерде миробтық әртүрлілік анықталады, микробтық және саңырауқұлақ өсімдіктерінің сипаттамалары көрсетіледі, қоршаған ортаның химиялық ластаушыларын ыдырататын мүмкін микроорганизмдер анықталады.
03.06 Флора және фаунаның эндемикалық түрлеріне, азықтық өсімдіктерге, ауыл шаруашылық жануарларға ТОЛ әсерін зерттеу. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Ескірген пестицидтер қорының екі орналасқан жеріне жүргізілген зерттеулер бойынша флора және фаунаның доминантты түрлеріне, азықтық өсімдіктерге, ауыл шаруашылық жануарларға ТОЛ әсерінің сипаттамасы беріледі.
03.07 Қоршаған ортаның ұзақ мерзімді пестицидтік ластануының тұрғындардың генетикалық жағдайына және денсаулығына әсер ету қаупін бағалау. Ұсыныс әзірлеу. "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Бекманов Бакытжан Оракбаевич Қоршаған ортаның ұзақ мерзімді пестицидтік ластануының тұрғындардың генетикалық жағдайына және денсаулығына әсер ету қаупі бағаланады: 5 аймақта шоғырланған елді мекендегі тұрғындардың денсаулығына ТОЛ әсеріне, физиологиялық, цитогенетикалық және молекулалық генетикалық сипаттамасы және қауіпті топтар анықталады. Ұсыныс әзірленеді.