ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНBR06249209, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК01289

АтауыМал шаруашылығы салалары бойынша қарқынды технологияларды әзірлеу

Басымдық бағытыУстойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер

Өтінім берушіТоварищество с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства"

Ғылыми жетекшіОмбаев Абдирахман Молданазарович

МҒТС балдары24.67

Жалпы бекітілген сома2238000000


Күтілетін нәтижелер

ҚР аймақтары бойынша далалық зерттеулер мен сандық технологияларды қолдану нәтижелері бойынша жайылымдарды ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар беріледі; етті малды қорадағы кезеңде азықтандырудың қаржылық шығынды кемінде 10% азайтуды қамтамсыз ететін оңтайлы рацион құрылады; етті бағыттағы малды қысқы жайылым жағдайында ұстауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беріледі; етті тұқымды бұзауларды қосымша азықтандырудың тиімділігі зерттеліп ұсыныстар беріледі; етті бағыттағы тауарлық шаруашылықтарда өндірістік процесті тиімді басқарудың аймақтық модельі құрылады. ҚР түрлі аймақтары үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арнап ұсыныстар беріледі; бұқашықтарды кастрациялаудың практикалық технологиясы және ауыруға ұшырауын азайту әдістерін құрылды; бордақылау алаңдарында өндірістік процесті тиімді басқару үлгісі әзірленеді. Спирт, сыра қайнату және өзге де өнеркәсіп қалдықтары, сондай-ақ пробиотикалық препараттар негізінде сүт қышқылды бактерияларды пайдалана бұқашықтарды бордақылаудың экономикалық тиімділігі зерттеледі; құрама жемге қоспалар өндіру мақсатында жемді кептіру үшін кептіргіш құрылғылар әзірленеді; қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып ет сапасын бағалау бойынша зерттеулер жүргізіледі; ірі қара малды бордақылау алаңдарында азықтандыру технологияларының сандық ақпараттық технологияларды қолдана өңірлік моделі жасалады,; бордақылау алаңдарында өндірістік қызмет жүйесін есепке алу үшін бағдарламалық өнім құрастырылады.



КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Қазақстан республикасының түрлі аймақтарында орналасқан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің малдары, құстары, аралары, маралдары, жайылымдық алқаптары мен жемшөптік қорлары

Жұмыс мақсаты

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мал шаруашылығы.салаларын дамытуды тежеуші экономикалық факторларын анықтау үшін шаруашылық қызметін зерттеу және талдау

Зерттеу әдістері

Жалпы қабылданған зоотехникалық, физика-техникалық, технологиялық, зертханалық, далалық, ғылыми-шаруашылық, селекциялық, жемшөпті, ет сапасын, сүт және жүнді зерттеу әдістерін қолдану.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Ірі қара шаруашылығы: Республиканың облыстары бойынша етті ірі қара шаруашылығының орташа рентабілділігі 35,9%, ең жоғарғы көрсеткіш Алматы – 49,3%, Шығыс - Қазақстан – 41,7%, Қостанай – 44,9% болса, басқа аймақтарда 40% төменгі деңгейде. Зерттелген 4 шауашылықтың жайылымдық алқаптары бойынша мал азығының жетіспеушілігі 5515 -54650 ц құрайды. Жайылымдық кезеңнің ұзақтығы мен жайылымның өнімділігіне байланысты 100 га аймаққа мал жаю мөлшері 7-15 басты аралығында ауытқиды. Етті ірі қараның азықтандыру рационына «Кафостиник», «Фелуцен», ақуызды-дәруменді-минеральді қоспа «РУМИ Вита-Про» қосу арқылы макро-микро элементердің толықтырылуы малдың денсаулығы мен өнімділігіне оң әсер етті. Зерттеудің жаңалығы мал шаруашылығы салаларын, құс шаруашылығы, ара және марал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің аймақтық сипаттамаларын ескере отырып, интеграцияланған басқарудың тиімді технологияларын әзірлеу мен трансфертіне кешенді көзқарастан тұрады.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

жоқ

Енгізу дәрежесі

жоқ

Тиімділігі

жоқ

Қолдану облысы

Еліміздің әр түрлі өңірлеріндегі сүт және ет бағытындағы ірі қара, қой, құс, түйе, жылқы, панталық бұғы және ара шаруашылықтарында.

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Ауыл шаруашылығы жануарлары, жайылымдық жерлер болды

Жұмыс мақсаты

Мал шаруашылығы салаларын тұрақты дамытудың қарқынды технологияларын зерттеу және енгізу

Зерттеу әдістері

Зертханалық, далалық, жалпы қабылданған зоотехникалық әдістер

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Мал шаруашылығының әр түрлі салаларында: малды күтіп-бағу және азықтандыру, мал басын сақтау және емдеу, жайылымдарды алмастыруды, өндірістік процесті басқаруды ұйымдастыру, қазіргі заманғы құрал –бекіткіштерді пайдалану, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу нысандары, бұқашықтарды піштіру, ет сапасын бағалау, RFID құлақ сырғаларын пайдалана отырып, малды қадағалау, мал ауруларын диагностикалаудың экспресс әдістерін сынау, халал-индустрия саласындағы ұлттық стандарт, бекеттік қозы етін өндіру бойынша тиімді технологиялар әзірленді және енгізілді., өнімдерін қайта өңдеу және сақтау. Зерттеулердің жаңалығы мал шаруашылығының жоғары сапалы өнімдерін өндірудің ғылыми-негізделген, ұтымды технологиясын әзірлеу болып табылады.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Ғылыми әзірлемелерді енгізу нәтижесінде мал өнімділігінің артыру, төлдің сақталуы қадағаланады,бұл өндірістің рентабельділігін арттыруды және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Енгізу дәрежесі

Бағдарлама бойынша зерттеулердің нәтижелері енгізіледі немесе енгізу сатысында болады, ол тәжірибелік жұмыстардың толық аяқталуына қарай фрагментті түрде жүзеге асырылады.

Қолдану облысы

Республиканың әр түрлі өңірлерінде сүт және етті ірі қара мал шаруашылығының, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы, түйе шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, панттық бұғы шаруашылығы, омарта шаруашылығы салаларында.

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Ауыл шаруашылығы малдары, құстар, аралар және жайылымдар

Жұмыс мақсаты

Қазақстанда мал шаруашылығы салаларының тұрақты дамуы үшін қарқынды технологияларды зерттеу және өндіріске енгізу.

Зерттеу әдістері

Жалпы қабылданған зоотехникалық әдістер.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Мал шаруашылығының барлық салаларында, құс және ара шаруашылықтарында тиімді ғылыми негізделген жоғары сапалы өнімді өндірудің технологиялары құрылды және өндіріске енгізілді. Жайылымдарға жүктемені азайтып, түрлі қоршау түрлерін пайдалана шөп жамылғыснын желініп кетуден сақтайтын пайдаланудың тиімді схемасы ұсынылды. Ірі қара малдың репродуктивті мүшелері ауруларын емдеудің түрлі схемасының әсері анықталды. Бруцеллёз, аусыл және туберкулёзді анықтаудың экспресс әдістері шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарының сүт фермаларын басқарудың тиімді моделі анықталды. Қой өсіру аймағына қарай қозы етін шығарудың түрлі шағылыстыру мен азықтандыру нұсқаларына қарай жаңа технологиясы өндірске енгізілді. Сүтті жылқы шаруашылығында өндірістік үрдісті тиімді басқарудың моделі құрастырылды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Ғылыми әзірлемелерді енгізу нәтижесінде мал өнімділігінің артыру, төлдің сақталуы қадағаланады,бұл өндірістің рентабельділігін арттыруды және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Енгізу дәрежесі

ҒЗЖ нәтижелері ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы түрлі жекеменшік формаларында өндіріске енгізілді

Тиімділігі

Алынған зерттеу нәтижелерін енгізу өндірісті бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімімен қамтамасыз етеді

Қолдану облысы

Сүтті және етті мал шаруашылығы, қой, құс, түйе, жылқы, панталы марал, ара шаруашылықтары.

Тапсырманың шифры, жұмыстар кезеңдері Тапсырманың, этаптың аталымы Тапсырманы, жұмыстардың кезеңін орындайтын ұйымның аббревиатурасы Тапсырма, жұмыстың кезеңі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы Күтілетін нәтижелер
01 «Мал шаруашылығының салалары бойынша қарқынды технологияларды құру» "Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Омбаев Абдирахман Молданазарович «Етті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды игеру». Республиканың 7 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарда алынған бұзаулардың сақталу деңгейі талданып, олардың шығынға ұшырау себептері анықталатын болады. Аналықтардың төлдеуіне мониторинг жасалынып, сиырлардың қалай төлдегендігінің ара-қатынасы (ауыр, орташа, жеңіл, адамның көмегімен және т.б.) айқындалатын болады. Сиырлардың қалай төлдегендігіне байланысты бұзаулардың өсіп жетілуі зерттеледі. Бұзаулардың шығынға ұшырауы мен олардың қалай төлдеуі және түрлі ауруларға (жұқпалы, жұқпалы емес) ұрынуы арасындағы байланыс зерттеледі. Буаз сиырларды теңгерілімді азықтандыру, мал төлдетуді квалификациялы жүргізу, бұзау өсіруде зоогигиеналық талаптарды сақтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілетін болады. Енелерінен бөлу кезінде бұзаулар шығымдылығын арттыру бойынша ұсыныс дайындалатын болады. Сиырларды көктемде және күзде ректальді тексеру және УДТ диагностика әдістерін пайдалануға негізделген акушерлік-гинекологиялық диспансерлеу жүргізілетін болады. Сиырларды емдеудің тиімді әдістері бойынша іс-шаралар атқарылады. Тұқымдық-бұқалардың ұрық сапасы бағаланатын болады. Сиырлардың жалпы санына шаққанда буаз малдың үлес салмағы анықталады. Репродукторлық мүшелері ауруға ұшыраған сиырлар саны айқындалады. Акушерлік-гинекологиялық ауруға ұшыраған сиырларды емдеу бойынша ұсыныс игеріледі. Бірнеше жыл қатарынан өсімдіктер ассоциация-ларының типтері бойынша контурлар өзгерісін анықтау мақсатында жайылымдық алқаптарға геоботаникалық зерттеу жүргізілетін болады. Жыл маусымдары бойынша жайылымдық өсімдіктердің өнімділігі есепке алынып, жайылымда малды бағудың шекті мөлшері анықталады. Жайылымдық кезеңнің соңында жыныс, жас мөлшерлері түрліше малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы анықталады. Зерттеулердің барлық кезеңі аралығында жыл маусымдары бойынша жайылымның өнімділігіне, малдың тірілей салмақ өзгерісіне және қоңдылығына салыстырмалы талдау жасалынады. Әр аймаққа арналған жайылымды тиімді пайдалану бойынша нақты ұсыныстар игерілетін болады. Жайылымды қоршаудың түрліше нұсқаларын пайдалануға талдау жасалынатын болады: тұрақты және жылжымалы қоршаулар, электрлі қоршаулар. Қажетті құрылыс материалдары, олардың бағасы мен сипаттамасы анықталады. Жайылымды қоршаудың экономикалық тиімділігі анықталады. Жайылымды қоршаудың түрліше нұсқаларын пайдалану арқылы фермерлердің еңбегін жеңілдету және мал жаюды тиімді ұйымдастыру (тұрақты және жылжымалы қоршаулар, электрлі қоршаулар) бойынша технологиялық карталар игеріліп, тиімді технологиялық шешімдер ұсынылатын болады. Республиканың 7 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылықтардың кемінде төртеуінде мал азығы қоры келесідей көрсеткіштер бойынша анықталатын болады: сабақты, шырынды және концентратты мал азықтарының көлемі, мал азықтарының құнарлылық құндылығын анықтай отырып, сапасын бағалау, малды қолда бағу кезеңінің ұзақтығы. Алынған нәтижелер негізінде жыныс, жас ерекшеліктері түрліше ірі қара топтары бойынша қолда бағу кезеңіне арналған теңгерілімді рациондар дайындалатын болады. Ғылыми-шаруашылық тәжірибелер жүргізіліп, олардың тиімділігі (мал азығының желіну және сіңірілу деңгейі, тірілей салмақ өзгерісі) анықталатын болады. Мал санына байланысты мал азықтық дақылдарды егу сызбасы игеріліп, кейіннен олардың өнімділігі анықталады. Мал азығын дайындау мен сақтаудың ғылыми-негізделген әдістері ұсынылатын болады. Детальді рационды пайдаланудың экономикалық тиімділігі есептеледі. Аймақтар ерекшеліктері мен мал азықтарының өзіндік құнын ескеріп, малды қыста бағуды ұйымдастыруда теңгерілімді рациондарды қолдану бойынша тиімді ұсыныстар игерілетін болады. Республикадағы 7 облыстың жетекші асыл тұқымды мал шаршуашылықтарында ірі қара малын қыс мезгілінде бағу технологиялары сарапталып, зерттеулер жүргізіледі. Шаруашылықтардың азық қоры зерттелінеді; жайылым және шабындық жерлер, құрғақ және шырынды азық қоры, арнайы жем қорын дайындау, олардың азықтық құнары және қысқта малды жаюға болатын күндер анықталады. Соңғы 10 жылдағы жауын-шашын және түскен қардың мөлшері зерттеледі. Күздің соңғы уақытында мал жаюға болатын жайылымдық жерлер анықталады. Қысқы жайылымдық жерлерде мал азығын дайындау, сақтау, оларды пайдалану жағдайлары анықталады. 1 табын малды қысқы жайылымда бағу бойынша іс-шаралар жасалынады. Қысқы жайылымдағы мал мен қорада бағылған малдың экономикалық тиімділігі салыстырыла талданады. Осы зерттеулер нәтижесіне байланысты ірі қара малын қысқы жайылымда бағу жөнінде ұсыныстар игеріледі. Республикадағы 7 облыстың жетекші асыл тұқымды мал шаршуашылықтарында ірі қара малын бағу бойынша тәжірибелік және бақылау табындары құрылады. Мал жайылымындағы тәжірибелік бұзауларға 3 ай көлемінде үстеме азық беру жұмыстары жүргізіледі. 2 топтағы бұзаулардың да енелерінен бөлінгеннен кейін салмақ өлшемдері алынады. Үстеме азық берудің тиімді мөлшерлері айқындалады. Қосымша азықтандыру тиімділігі анықталы-нады. Жайылымдағы бұзауларды қосымша азықтандырудың экономикалық тиімділігі есептелінеді. Бұзауларды қосымша азықтандырудың экономикалық тиім-ділігі жөнінде ұсыныстар игеріледі. Республиканың түрлі аймақтарында (Алматы, Ақмола, Қостанай облыстары) орналасқан жетекші асыл тұқымды мал шаруашылық-тарында жайылым-дықтарды пайдала-нудағы суландыру жөнінде құрылыстар, мал суғару жөніндегі отандық (әдеттегі) және шетелдік технология-лық құрылыстар, оның ішінде күн батареяларын және су жеткізуге арналған жел құрылыстарын сарап-тау жұмыстары жүргізіледі. Жайылым-дықтарды суландыру мен мал суғару жөнінде тиімді технологиялық ұсыныстар игеріледі. Республиканың 6 облысындағы тауарлы шаруашылықтарда өндіріс көрсеткіш-терінің мәліметтері жиналынып, сарап-талынады: ішкі құрылым, азық және жайылым қорлары, мал саны, мал табындарының құрылымы, мамандар мен қамтылуы, материалдық техникалық құрамы. Еліміздің әр түрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы тауарлы ет бағытындағы шаруашылықтарға ет өндірудің отандық және шетелдік технология-лары ұсылынады. Өндірістің экономикалық тиімділігі мен рентабельдігі есептелінеді. Тауарлы ет бағытындағы шаруашылықтарда өндірісті тиімді жүргізу мен басқарудың аймақтық экономикалық модельдері игеріледі. АҚШ, Канада, Австралия мемлекеттеріндегі ірі қара мал төлдерін жетілдірумен айналысатын шаруашылықтар тәжірибелері зерттелінетін болады. 3 облыстың жетекші асыл тұқымды мал шаршуашылықтарында ірі қара малы төлдерін бағу және жетілдіру технологиялары мен бұқшықтарды сою жасы мен тірілей салмағы мөлшерін сараптау- зерттеулері жүргізілетін болады. Республика аймақтарының табиғи-климаттық ерекшеліктері ескеріліп, төл өсірудің тиімді шетелдік технологиясы тауарлы шаруашылықтарға енгізіледі. Мал басының сатылатын уақыты мен тірілей салмақ мөлшері анықталатын болады. Жергілікті төл өсіру технологиясы мен шетелдік төл өсіру технологияларының экономикалық тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қазақстанның түрлі аймақтарында төлді жетілдірудің тиімді технологиясы бойынша ұсыныстар дайындалады. 6 облыстың тауарлы мал шаршуашылықтарында тұқымдық-бұқалардың пайдаланылуына сараптау жүргізіледі. Аналық сиырлардың төлдеу мерзімдері анықталады. Жылдың әр мезгілінде туылған бұзаулардың өсіп-жетілуі мен тірі салмағының өзгеру қарқыны зерттеледі. Зерттеулер нәтижесі бойынша табиғи-климаттық аймақтарға байланысты сиырлардың тиімді төлдеу мерзімдері бойынша ұсыныстар игеріледі. Республикадағы 6 облыстың тауарлы мал шаршуашылықтарында аналық сиырларды төлдетудің тиімді мерзімдері, бұзауларды өсіріп-бағу технологиясы, азық қоры мен жайылым жөніндегі мәліметтерге сараптау жүргізіледі. Экономикалық тиімділік анықталады. Зерттеулер нәтижесі бойынша табиғи-климаттық аймақтарға байланысты сиырларды тиімді төлдету мерзімдері жөнінде ұсыныстар жасалынады. Республикадағы 3 облыстың орташа және ұсақ тауарлы шаруашылықтарында аналық сиырларды төлдету технологиясы мен тиімді төлдету мерзімдері, бұзауларды өсіріп-бағу әдістері, азық қоры мен жайылым жөніндегі мәліметтерге сараптау жүргізіледі. Бұзаулардың туылғаннан бастап енесінен бөлінгенге дейінгі салмақ өсімі анықталады. Зерттеулер нәтижесі бойынша республика аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларына байланысты сиырлардың тиімді төлдету мерзімдері және бұзауларды туылғаннан бастап енесінен бөлінгенге дейінгі кезеңде өсіру технологиясы бойынша ұсыныстар жасалынады. Төрт облыстың (батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік өңірлер) тауарлы шаруашылықтарында бұзауларды әр түрлі технологиямен күтіп бағуда төсеніштің шығымы анықталатын болады. Алынған мәліметтер негізінде төсеніштің негізгі түрлерін 1 басқа/тәулігіне пайдалану мөлшері бойынша ұсыныстар жасалынады. Тауарлы шаруашылықтарда малды жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес аурулардан қорғау үшін ветеринариялық-профилактикалық шараларды жүргізудің техникалық деңгейін анықтау жұмыстары жүргізілетін болады. Бұқашықтырды піштіру үшін қолданылатын әдістер анықталады. Аталған шаруашылықтарда бұқашықтарды әр түрлі әдіспен піштіру (қанды, қансыз) жұмыстары жүргізіледі. Піштірудің оңтайлы және аурудың қаупін азайтатын әдістері ұсынылады. Тауарлы шаруашылықтарда зооветеринарлық жұмыстарды жүргізуге қолданылатын арнайы қармауыштар мен қоршаулардың пайдаланылу барысы талданатын болады. Қармауыштар, қоршаулар мен басқа да құрылғылардың өндірісі үшін (өлшемдер, конструкциялық сызбалар, қажетті материалдар, шығындар, Қазақстандағы өндірушілер) технологиялық шешімдер дайындалады. Оларды тиімді қолдану бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілетін болады. Тауарлы шаруашылықтарда мал азығы, еңбек шығындары сондай-ақ, малдың өлім-жітімі, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шығындарына талдау жүргізіледі. Негізгі өнім – бұзау мен оның тірілей салмағы өсуінің өзіндік құны есептелінетін болады. Шаруашылықтардың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері анықталады. Тауарлы шаруашылықтарда бастапқы есеп жүргізуді ұйымдастыру арқылы өндірістік үдерісті тиімді басқарудың, ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, шығындардың барлық түрлерін есептеу, пайда, экономиканың негізгі және қосалқы өнімдерін сату, негізгі құралдардың тозу қарқынын және т.б. есептеу бойынша жұмыстары жүргізуге арналған экономикалық-математикалық модельдер (әдістер) игерілетін болады. Республиканың 6 аймағында орналасқан тауарлы шаруашылықтарда жем-шөп базасы зерттеледі: жайылымдардың, шабындықтардың, жиналған сабақты, шырынды және жемдік азықтардың мөлшері; құнарлылық құндылығын анықтау жолымен азық сапасы бағаланатын болады. Ірі қара малдың қысқы рационындағы негізгі азықтардың химиялық құрамы анықталады. Алынған мәліметтердің негізінде тиімді рациондар құрылып, азықтандырудың негізгі элементтеріне сәйкес теңдестіріледі. Осы рациондардың тірі салмақты жоғарылатуға әсерін зерттеу үшін ғылыми-өндірістік зертеулер жүргізіледі. Малдың тәжірибелік топтарының тірі салмағының өзгеру динамикасы зерттеледі. Ірі қара малды азықтандыру үшін түрлі рациондарды қолданудың экономикалық тиімділігі анықталады. Республиканың әр өңіріндегі шаруашылықтарда жыныс, жас топтары түрліше малға арналған тиімді рациондар ұсынылады. Республиканың әртүрлі өңірлерінде орналасқан тауарлы шаруашылықтарда малды азықтандыруды ұйымдастырудың қазіргі жағдайы, жыныс, жас ерекшеліктері түрліше мал топтары бойынша зерттеледі, мал азықтарының химиялық құрамы анықталады. Алынған мәліметтер негізінде әртүрлі жас топтарындағы малдың қыс мезгілінде макро және микро элементтермен қамтамасыз етілуі анықталады. Ғылыми-өндірістік зерттеулерде минералды қоспаларды рационға қосу арқылы малдың макро және микроэлементтер бойынша тапшылығы толықтырылатын болады. Көктемде, жаз айының соңында және күзгі жайылымдық кезеңдерде минералдық қоспалардың бұзаулардың салмақ өсіміне әсері зерттеледі. Мал азығы рациондарына минералдық қоспаларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленеді. Елдің әртүрлі өңірлерінде орналасқан ірі, орташа және кіші бордақылау алаңдарындағы бұқашықтарды піштіру әдістері, бордақыланған бұқашықтардың белсенділігін басу үшін қолданылатын препараттар, бұқашықтарды сұрыптау бойынша шешімдер, тәуліктік тірілей салмақ өсімі және т.б. анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаруашылықтарда бұқашықтарды әр түрлі әдіспен піштіру (қанды, қансыз) жұмыстары жүргізіледі. Піштірудің тиімді және аурудың қаупін азайтатын әдістері ұсынылады. Еліміздің түрлі аймақтарында орналасқан бордақылау алаңдарында қазіргі заманғы технологияларды (ультрадыбыстық сканерлер) пайдаланып, ет сапасын (еттің мәрмәрлігі, тері астындағы майдың қалыңдығы) бағалау үшін зерттеулер жүргізіледі. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, типтері және азықтандырылу деңгейі әртүрлі рациондардың еттің мәрмәрлігіне және малдың тері астындағы майының қалыңдығына әсері анықталады. Сондай-ақ, салыстырмалы түрде, еттің мәрмәрлігі, тері астындағы майдың қалыңдығына малдың асыл тұқымдылығының әсері анықталады. Республиканың әртүрлі өңірлерінде орналасқан ірі (1000 бастан аса) орташа және кіші (500 басқа дейін) бордақылау алаңдарында малды азықтандыру рациондары, абсолютті және орташатәулік тірілей салмақ өсімі, бордақылау мерзімдерінің ұзақтығы, 1 басқа шаққанда 1 кг салмақ өсіміне мал азығы шығындары зерттеледі. Мал азығы құнарлылық құндылығын анықтау үшін азық сынамалары алынатын болады. Алынған нәтижелердің негізінде ірі бордақылау алаңдарында малдың тірілей орташатәуліктік салмақ өсімін кем дегенде 10%-ға, орта және кіші бордақылау алаңдарында 6-8%-ға арттыруға мүмкіндік беретін, негізгі қоректік заттары теңдестірілген азықтандыру рациондары әзірленетін болады. Құрылған азықтандыру рационын пайдалану кезеңінде бордақылаудағы бұқашықтардың орташатәуліктік тірілей салмақ өсімі өзгерісін бақылау үшін монитонинг жүргізілетін болады. Ірі қара малды ұсынылатын сойыс салмағына дейін бордақылау мерзімдері зерттелетін болады. Теңдестірілген рациондарды енгізуге байланысты бордақылау алаңдарының экономикалық тиімділігі анықталатын болады. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бордақылау алаңдарында сүт қышқылдары бактерияларына негізделген пробиотикалық препараттарды қосу және мал азығы рациондарына сыра қайнатудан, спирт, қант және крахмалөндірісі қалдықтарын пайдаланып мал бордақылау тиімділігі анықталатын болады. Әр түрлі өнеркәсіптік қалдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігі анықталады. Аусыл вирусын индикациялау және идентификациялау үшін молекулярлық-генетикалық тест-жүйе (нақты уақыт RT-ПТР) әзірленетін болады. Бруцеллезді диагностикалауда серологиялық сынау кешенін (РCК/РДСK, РБП) игеру үшін бруцеллез антигені жасалады. Туберкулезге аллергиялық диагноз қою үшін БЦЖ штаммынан жасалған туберкулин әзірленеді және енгізіледі. Жұмыс істейтін зертханалық үлгі жұмыс элементінің өлшемін, қыздыру элементтерінің қуатын, жұмыс элементінің температуралық тәртібін, цеолит қабатының қалыңдығын және жұмыс элементіне кептіруге қойылған барда қабатының қалыңдығын есептеу. Спирт бардасын кептіруге арналған контактілі кептіргіштің зертханалық үлгісінің тетіктері мен бөлшектері жасалынады. Барда кептіруге арналған эксперименттік контактілі кептіру қондырғысы әзірленетін болады. Қондырғыны іске қосу-үйлестіру жұмыстары жүргізілетін болады. Барданы кептірудің технологиялық көрсеткіштері зерттеледі. Көлемі ірі мал бордақылау алаңдарына (Алматы, Ақмола, Қостанай облыстарында) келесідей көрсеткіштер мен баптар бойынша талдау жасалынады: бір мезгілде бордақыланатын мал саны, малдың тұқымы мен жасы, қоршау ауданы, малдың бағылу типі, мал азығының өндірілуі, мал азығы рациондары, еңбек шығындары, өлім-жітімнен болған шығындар, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шығындары, өндірістік процестердің механикаландырылу дәрежесі. Негізгі өнім – тірілей салмақ өсімінің өзіндік құны есептелінеді. Шаруашылықтың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері анықталады. Бордақылау алаңында бастапқы есепті ұйымдастыру, зооветеринарлық іс-шараларды жоспарлау, шығындардың барлық түрлерін, пайданы, экономиканың негізгі және қосалқы өнімдерін сатуды, негізгі құралдардың тозуын және т.б. есептеу арқылы өндірістік процесті тиімді басқарудың экономикалық-математикалық модельдері игеріледі. Малды бордақылау алаңдарында идентификациялау жүйесінің жұмыс істеу принциптері зерттеледі. RFID жүйесінің жабдықтарын орнату (малға арналған сырғалар мен ақпар беру тетіктері, бағдарламалар, малға арналған алғашқы деректерді енгізу және бағдарламалық өнімді жұмыс күйіне келтіру) ұйымдастырылды. Малды бағыттау және дәл идентификациялау жүйесін жұмыс күйіне келтіру іске асырылады. 1С бухгалтерлік есеп және RFID идентификациялау жүйелері сәйкестендіріледі жүйесі. Малды есепке алудың электрондық паспорты жасалды. Мал басы бойынша нақты шығындарды есепке алу жүйесі іске қосылады. Шаруашылықтарға электронды есептеу жүйесі енгізіледі. RFID технологиясы азықтандыру және оңтайлы рационды дайындау жүйелерімен кіріктіріледі. RFID мониторинг ескеріліп, технологиялық карталар және малды азықтандыру технологиялық процестеріндегі өзгерістер дайындалады. Малды мониторингтеудің қарапайым ГАЖ жүйесі әзірленеді. RFID негізінде малды жеке есепке алу бойынша есеп беру жүйесі игеріледі. Бордақылау алаңдарында, өндірісті жүргізудің дәстүрлі әдісімен салыстырмалы түрде, RFID жүйесін пайдаланудың экономикалық тиімділігі зерттелетін болады. " Ірі қара мал етін өңдеу" Тірі малды әр түрлі қашықтыққа тасымалдауға қойылатын нормативтер, ережелер мен талаптар құрылатын болады. Тірі малды тасымалдау нормалары мен талаптары анықталады, тасымалдау кезіндегі тірі салмақты зерттеледі. Түрлі қашықтыққа малды тасымалдау шығындары және тасымалдау құнын төмендету әдістері анықталады. Ет және ет өнімдерінің ұлттық халал стандарты стандарттық жобасы жасалады. Ет өңдеу кәсіпорындарының тоңазытқыш жабдықтарының санитариялық жайын шайуда микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі, ет және ет өнімдерін сақтау мерзіміне тоңазытқыш жабдықтардың санитарлық жағдайының әсері зерттеледі, ет және ет өнімдерін сақтау мерзіміне тоңазытқыш жабдықтардың санитарлық жағдайының әсері бойынша әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қолданыстағы құжаттарға сәйкес ет және ет өнімдерінің логистикасы бойынша нормалары мен талаптары анықталады. Етті рефрижераторларда тасымалдаудың нормативтері, ережелері мен талаптары құрастырылады. Автомобиль-рефрижераторларда жүк тасымалдау тиімділігіне әсер ететін факторлары (жүк көтеру, тасымалдау шарттары, тоңазытқыш қондырғының қуаты, конструкциясы және т. б.). анықталады. Етті автомобиль көлігімен жеткізудің логистикалық сызбасы (тиеу, тасымалдау, түсіру, сақтау және т. б.) жасалады. Логистикалық тізбек бойы етті автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі шығын есепке алынады. Авторефрижераторларда ет тасымалдау шығындарын есептеудің әдістемесі әзірленді. «Сүтті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды құру». Тауарлы фермаларында өндірістік процестерді ұйымдастыру және басқару үшін шаралар әзірленеді. Сүтті тауарлы фермаларда малды ұстауға байланысты жобалау нормаларына сәйкестігі анықталды. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану үшін, сонымен бірге малдың өнімділігі мен физиологиялық жағдайын ескере отырып жемшөп тиімді пайдалану кезінде оларды технологиялық топтарға қалыптастыру әдістемесі қолданылды. Малдың ұрпақ беру қабілетін 5,2% -ға көтеруге байланысты ұдайы өсірудің тиімді әдістері жасалынады. Сүтті тауарлы фермаларында өндірістік процестерді басқарудың тиімді үлгілері анықталды. Сүтті ірі қара малды сауу, ұстау және өсіруге байланысты қарқынды технологияның элементтері әзірленетін болады. Технологиялық үрдістің толық циклі жасалды (ұрықтандыру және ректалды тексеру, сиыр мен құнажындарды төлдеуге дайындау, бұзаулауды жүргізу, бұзау және табынды толықтыратын малды өсіру). Тауарлы шаруашылықтар жағдайында сиырды сауу және ұстаудың технологиялық параметрлері әзірленді, бұл бұзаудың қауіпсіздігін 5-6% -ға арттырып, 14-16 айларда алғашқы ұрықтандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жас төлді өсіруге арналған қаймағы алынбаған сүтті алмастырғыштарды (ҚАСА) қолдану бойынша әлемдік тәжірибе зерттелінді. Төлді толыққанды сүтті алмастырғыштармен сүттендірудің әртүрлі нобайы тәжірибеге қойылды. Сүтті тауарлы фермалар арасында кеңінен таралған нобайдың үздік нұсқасы анықталынды. Бұзауды айыру кезінде стресс жағдайлардың әсерін зерттеу үшін салыстырмалы түрде тәжірибе жүргізілді. Бұзауды айыру кезінде стресске тұрақты әсер етудің негізгі себебі анықталынды. Бұзауды залалсыздандырудың заманауи әдістері зерттелініп, әртүрлі препараттарды қолдану арқылы залалсыздандырудың түрлі нобайын пайдалана отырып тәжірибелер жүргізіледі. Зоогигиеналық талаптарға сәйкес қара - жайдың микроклиматы зерттелінеді. Бұзауды залалсыздандырудың ең тиімді әдісі анықталынып, олар кеңінен таратылады. Үш базалық шаруашылықтарда (n = 200) жұмыс жүргізу отылып, малға стресс тудыратын негізгі себептері анықталынып, олардың технологиялық үрдістері зерттелінеді. Бөлгішті пайдалану немесе пайдаланбауға байланысты малдың өнімділігі зерттелінеді. Арнайы бөлгіш өндірісінде малға аз стресс тудыратын, қолдану тімділігі жоғары қызмет жасайтын әдістеме әзірленеді. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тауарлы шаруашылықтардағы пайдаланғанған мал азықтарына талдау жасалынып, сауын сиырлардың сүт өнімділігі мен азық рационы зерттелінді. Тәжірибелі шаруашылықтарда пайдаланған мал азықтарының химиялық құрамы мен нәрлілігін анықтау үшін азық үлгілері алынып, сауын және туу уақыты жақын қалған сиырларға қажетті негізгі сіңімді заттар белгілі болды. Әр тәжірибелі шаруашылықтардағы бар азық қорының нәрлілігін негізге ала келе, сауын және туу уақыты жақын қалған сиырларға нормаға сәйкес компьютерлік база мәліметтері жасалынады. Тауарлы шаруашылықтарда азық рационын жақсартудың нәтижесінде сиырдың сүт өнімділігі 15-20 % - артады. Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы тауарлы шаруашылықтардағы жергілікті азықтардың химиялық құрамы анықтап, химиялық талдауды ескере келе, есептеу арқылы азықтың лимитті жағдайларын (амин қышқылдарының құрамын, ақуыз, микро және макроэлементтер т.б.) шығарамыз. Әртүрлі түрдегі азықтандырғаштар мен заманауи биологиялық – дәруменді - минералды қоспаларды пайдалану арқылы азықтандыру рационының құрылымына оңтайландыру жасалынады. Салыстырмалы түрде малды күтуіне байланысты азық рационына биологиялық – дәруменді - минералды қоспаларды беріп, сонымен бірге аталған қоспаларды бермеген кездегі өнімділіктері зерттелінеді. Минералды қоспаларды пайдаланған кездегі экономикалық тиімділігі анықталынады. Республика нарығында сатылатын 10 кем емес әртүрлі құрама жемге таңдау жүргізіледі. Оларға нәрлілік құндылығына байланысты сынамаларға химиялық талдау жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысындағы 1 базалық шаруашылық пен Алматы облысындағы 2 шаруашылықта 50 бастан кем емес сүтті малдарға әртүрлі құрама жемді пайдалану арқылы тәжірибе қойылып, олардың түрлі нәрлілік құндылығы ескере келе, сауын сиырлардың сүт өнімділігі анықталынады. Шаруашылыққа әртүрлі құрама жемді пайдалануға байланысты экономикалық есеп жүргізіледі. «Қой шаруашылығы саласындағы тиімді технологияларды әзірлеу» Ғылыми-экономикалық технология негізінде Қазақстанның солтүстік, орталық, батыс және шығыс аймақтарында қысқы малды қорада ұстап азықтандыруды ұйымдастыру дамытылады. Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Шығыс-Қазақстан облыстарында 4900 басты қорада ұстау мезгілін жалғастыру тағайындалады. Қысқы малды қорада ұстауда тиімді азықтандыру рационын пайдаланудың экономикалық тиімділігі зерттеледі. Республиканың аймақтарында жайылым территорияларында оттық шөп сапасын зерттеу мақсатында геоботаникалық зерттеулер жүргізіледі. Жыл мезгілдері бойынша астық өнімділігіне есеп жүргізіліп, 1 гектар жайылым жүктемесі анықталады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Атырау және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда 1600 бас малға көктемгі, жазғы, күзгі мезгілдерде қойды бағудың тиімді әдістерін ұйымдастыру енгізіледі. Жайылып мезгілін тиімді пайдалану әдісі әзірленеді. Азыққа жеткіліксіз элементтердің орнын толтыру жолымен, қойды қыста бағу тиімділігін пайдалану жайылымның мүмкіндігін толық қанды пайдалану есебі зерттеледі. Қысқы жайылымды пайдалану ұзақтығы анықталды. Тәжірибелер 3600 бас қойға Алматы, Жамбыл, Ақмола және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда зерттеу жүргізілетін болады. Қойларды қысқы қорада ұстау мезгілінде күндік қосымша азыққорына құрамына дайындау (сабақты және жемдік азықтар, минералды қоспалар) ұсыныстарды әзірлеу. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында 4200 малдың рационында қойдың етті және жүн өнімділігі қосымша азық беру және минералды қоспалар есебінен жоғарылады. Қосымша азық қоры мен минералды қоспалар қой өнімдлігін 10-15% көтереді. Сапалы майлылығы төмен ет алу мақсатында тиімді мезгілдер ұзақтығы және жас малды будандастыру варианттары, белгілі рациондарды пайдалану есебінен бордақылау, әр тұқымнан қозы етін өндіру және қой өнімділігі бағытын оларды аймақтарында дамыту есебінен жаңа технологиялар енгізіледі. Тәжірибелер 6000 бас қойға Алматы, Жамбыл, Ақмола және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Майлылығы төмен ет алу үшін рационың құрамын әзірлеу. Шағын индустрия инфрақұрылымын құру арқылы қаракөл елтірісін өндірудің, қайта өңдеудің және сақтаудың бәсекелестікке қабілетті технологиясы жасалады. Шағын индустрия инфрақұрылымын құру арқылы тондық қой терісін өндірудің, қайта өңдеудің және сақтаудың бәсекелестікке қабілетті технологиясы жасалады. «Өнімді жылқы шаруашылығы саласында тиімді технологиялар дайындау». Бие сүті өндірісімен айналысатын сайлы шаруашылықтарды дайындап алынады. Шаруашылық және жемшөп жағдайын, өнімділігін, маусымдық жайылымды пайдалануы зерттеледі. Сауын биелердің желін және үрпек пішіндері анықталады. Маусымдық және тұрақты бие сүтін өндірудің экономикалық тиімділігі анықталады. Бие сүті өндірісінің және асылдандыру есебінің жүйесі оңтайландырылады. Маусымдық және тұрақты бие сүтін өндірудегі механикаландырылған технологияларының элементтері енгізіледі. Механикаландырылған сауын қондырғысының тұрақты өткелегі дайындалады. Сауын маусым кезінде құлындарды қосымша жемдеу бойынша тәжірибелер жүргізіледі. Жергілікті жылқы тұқымдарының сүт өнімділігі бақылап сауу әдісі бойынша (n=100) анықталады. Шаруашылықтарда алдын-ала дайындалған жайылымды пайдалану технологиялары арқасында сүт өндіру 15-20% көбейеді. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сүтті жылқы шаруашылықтарындағы өндірістік үдерістерді тиімді басқарудың моделі дайындалады. Сайлы шаруашылықтарда бие сауудың мобильді қондырғыларына сынақ жүргізіледі. «Құс шаруашылығы саласының тиімді технологияларын жасау». Іскерлік жас тауықтардың біртекті тобының шығуын, жұмыртқа өнімділігін, тауықтардың сақталушылығын арттыруға және жем конверсиясын төмедетуге мүмкіндік беретін, жас тауықтарға лимиттелген жем беру және торда ұсталатын ересек тауықтарға фазалық жем беру технологииялары жасалатын болады. Жас тауықтар мен ересек тауықтар үшін шикі протеинге, лизинге, метионинге, цистинге және триптофанға қажеттілік нормалары жасалатын болады. Алмасу энергиясы, шикі протеин, аминқышқылдық, минералдық құрам бойынша жас тауықтарға және ересек тауықтарға жем беру жөнінде ұсыныстар жасалатын болады. Жұмыртқалайтын құстың рациондарында жас тауық пен ересек құстың иммунитететінің, сақталғыштығының 98% дейін артуына жағдай жасайтын, құрамында йод бар жемдік қоспалар пайдаланылады. Жем конверсиясының 2,5%-ға, жұмыртқалайтын тауықтардың жұмыртқала-ғыштығының 4%-ға артуымен және 1000 дана жұмыртқаға жем шығындарының 3%-ға төмендеуімен, зат алмасу және құрама жемдердің сіңімділігі жақсартылатын болады. Табыспен іске асыру және алынған нәтижелерді одан әрі өндірісте пайдалану үшін, Қазақстан өңірлерінің қимасында көпжылдық шөптердің құрамдары зерттелетін болады. Алынған нәтиже пилоттық өндіріске енгізілетін болады. Қазақстанда алғаш рет өндірістік ауқымда жасыл конвейердің негізінде түйіршіктелген жем өндіру технологиясы енгізілетін болады. Жас тауықтарға лимиттелген жем берудің және ересек тауықтарға фазалық жем берудің жасалған технологиялары іскерлік жас тауықтың біртекті тобының шығымын, жұмыртқа өнімділігін, тауықтардың сақталушылығын арттыруға және жем конверсиясын төмендетуге мүмкіндік береді. Жас тауықтар мен ересек тауықтар үшін шикі протеинге, лизинге, метионинге, цистинге және триптофанға қажеттілік нормалары жасалатын болады. Жас тауықтарға және ересек тауықтарға алмасу энергиясы, шикі протеин, аминқышқылдық, минералдық құрам бойынша жем беру жөнінде ұсыныстар жасалатын болады. Құрамында йод бар жемдік қоспаларды жұмыртқалайтын құстың рациондарында пайдалану жас тауық пен ересек құстың иммунитетін, сақталушылығын 98% дейін арттыруға жағдай жасайтын болады. Жем конверсиясы-ның 2,5%-ға, жұмыртқалайтын тауықтардың жұмыртқала-ғыштығының 4%-ға артуымен және 1000 дана жұмыртқаға жем шығындарының 3%-ға төмендеуімен, зат алмасу және құрама жемдердің сіңімділігі жақсартылатын болады. "Түйе өнімдерін өндіру " Түйе популяцияларының өнімділік ерекшеліктері және әр түрлі аймақтарында орналасқан (Арыс-Түркістан, Вавилов, Атырау, Маңғыстау, Каспий маңы, Балқаш маңы, Қаратау-Мойынқұм) өнімді түйе шаруашылығының қолданыстағы технологиялары анықталады. Аналық түйе шаруашылық-құнды белгілері зерттеледі және түбіт талшықтарын олардың ұзындығы мен жіңішкелігі бойынша іріктеу критерийлері орнатылады. Отандық тұқымды түйе өнімділігін арттырудың түйе өнімін дәстүрлі-қолданылатын технологиямен салыстырғанда 30-45% -ға арттыратын қарқынды технологиясы жасалады. «Панталы бұғы шаруашылығы (марал шаруашылығы) саласында тиімді технологияларын құру» Шығыс Қазақстан облысының: (Катонқарағай бұғы паркі» ш/қ, «Багратион-2» ш/қ, «Дамир» ш/қ, «Баян» ш/қ, «Жоғарғы Катон» ЖШС, «Мараленок» ЖШС) 6 марал шаруашылықтарында 2000 мал басымен жұмыстар жүргізілетін болады. Төл алудың шығымы 55-60% арттырылатын болады. Органикалық панты өндірісінің деңгейі 25-30% арттырылды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, соңғы өнімді өткізу бағасын арзандату, органикалық өнімді өндірудің өзіндік құнын төмендету, экспорттқа бағытталған жоғарғы қосымша құнды өнімді алу бойынша марал шаруашылығын жүргізудің моделі дайындалды. «Ара шаруашылығы саласында тиімді технологияларын құру». Негізгі шаруашылықтарда ара шаруашылығының органикалық өнімдердің нормативтік-техникалық құжаттамасын (2 техникалық құжат) қорытынды түпкілікті құжаты әзірлеу болып табылады. Қажетті заттармен байытылған сахарозды ашыту арқылы жаңа азықтарды дайындау әдістемесін әзірлеу. Жұмысшы аралардың ұшу белсенділігіне, ара аналықтарының жұмыртқалағыштығына, ара отбасыларының дамуына азықтандырудың жаңа түрінің әсерін зерттеу. Ара отбасыларының өнімділігіне жасалған азықтандыру түрінің әсерін нақтылау. Негізгі шаруашылықтарда ара шаруашылығының өнімдерін шығаруға ынталандыратын жаңа тыңайтқыштарды (2 рецепт) қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау. Бағаның жоғары өтуіне қарай экспорттық бағытталған өнімді алу үшін ара шаруашылығының өнімдерін терең өңдеу технологиясын жасау. Ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндіру үшін экономикалық-тиімді сараптама жасау. Ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігіне сараптама жасалады. Аралар үшін балды алмастыру технологиясы негізінде жаңа азық құралдарын жасау.
01.01 «Мал шаруашылығының салалары бойынша қарқынды технологияларды құру» "Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Омбаев Абдирахман Молданазарович Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасына 2-қосымша Нысан Ф1-біріздендірілген 2018-2020 жылға (жылдарға) арналған кеңейтілген бағдарламаның көрсеткіштері Бағдарламаның шифры _______ Бағдарламаның атауы «Мал шаруашылығы салалары бойынша қарқынды технологияларды құру» Бағдарламаны орындау негізі болған себептер 2018 жылдың «10» қыркүйегіндегі №2 Келісім-шарт Бағдарламаны орындау мерзімі 2018-2020 жж. Қаржыландырудың көлемі 2018 жылға 746,0 млн. теңге Бас ұйымның атауы (толық және аббревиатурасы) Мекенжай Телефоны Факс, e-mail Бірінші басшыны Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) 1 2 3 4 5 «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ТОО «ҚазМШЖӨҒЗИ» Қазақстан Республикасы 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51 үй 8 (727) 303 63 33 8 (727) 303 63 33, givotnovodstvo@mail.ru Тлевлесов Нурлан Январбекович Жоспарланған мерзімге қаржыландыруға қажеттілік, мың теңге Тапсырманың , кезеңнің шифры Тапсырманың , кезеңнің атауы Ғылыми техникалық ақпаратардың мемлекетаралық топтамасының Коды Түйінді сөздер Тапсырманы, кезеңдерді орындаушы ұйымның аббревиатурасы Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру номері Ұйымдардың аккредитциялық белгілері "1" -иә, "2"-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда "1" қойылады, егер жоқ болса "2") Жұмыс тапсырмасының, кезеңінің жетекшісінің Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, қызметі (бар болған жағдай-да) Жұмыстың жоспарланған орындалу мерзімі (тоқсан, жыл) Барлығы Оның ішінде: Күтілетін нәтижелер ғылыми зерттеулер тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер іргелі қолданбалы тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бұйымдардың (өнімдердің ) тәжірибелік үлгілерін, партияларын дайындау құрылыс үшін жобалау жұмыстары басталауы аяқталуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 01 «Мал шаруашылығының салалары бойынша қарқынды технологияларды құру» 68.39; 68.39.01; 68.39.15; 68.39.17; 68.39.18; 68.39.19; 68.39.29; 68.39.31; 68.39.37; 68.39.43; 68.39.49; 68.39.55 Ірі қара мал, бордақылау алаңы, рацион, жайылымдар, азықтандыру, төл өсіру, піштіру, өзіндік құн, азық қоспалары, тірі мал тасымалы, сүт өнімділігі, жұмыртқалау, қой, қозы еті,биесүті, түйе шаруашылығы, панталы бұғы шаруашылығы, ара, бал «ҚазМШЖӨҒЗИ» ЖШС «ҚазМШЖӨҒЗИ» ЖШС «ҚШҒЗИ» филиалы «СҚАШҒЗИ» ЖШС «ОБМШӨШҒЗИ» ЖШС «ҚАШҒЗИ» ЖШС «ҚАӨКЭААДҒЗИ» ЖШС «ҚАШМЭҒЗИ» ЖШС «ҚӨҚӨАҒЗИ» ЖШС «ҚВҒЗИ» ЖШС РМШАО «Асыл түлік»» АҚ «ААШТС» ЖШС «ШҚАШТС» ЖШС «С.Сейфуллин атындағы ҚАУ» АҚ «Жәңгір хан ат. БҚАТУ» КЕАҚ КЕАҚ «КазҰАУ» «С. Торайгыров ат. ПМУ» ШЖҚ РМК «Ш. Уәлиханов ат. КМУ» ШЖҚ РМК 071040001151 080141007317 081040007093 070940015984 071140009276 081040010330 071140007530 100440018493 071240018450 931040000055 080240010880 080240010711 070740004377 021140000 425 990240005606 990140004654 1 Омбаев Ә.М., а.ш.ғ.д. III тоқсан 2018 IV тоқсан 2020 2238000 - 2238000 - - - «Етті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды игеру». Республиканың 7 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарда алынған бұзаулардың сақталу деңгейі талданып, олардың шығынға ұшырау себептері анықталатын болады. Аналықтардың төлдеуіне мониторинг жасалынып, сиырлардың қалай төлдегендігінің ара-қатынасы (ауыр, орташа, жеңіл, адамның көмегімен және т.б.) айқындалатын болады. Сиырлардың қалай төлдегендігіне байланысты бұзаулардың өсіп жетілуі зерттеледі. Бұзаулардың шығынға ұшырауы мен олардың қалай төлдеуі және түрлі ауруларға (жұқпалы, жұқпалы емес) ұрынуы арасындағы байланыс зерттеледі. Буаз сиырларды теңгерілімді азықтандыру, мал төлдетуді квалификациялы жүргізу, бұзау өсіруде зоогигиеналық талаптарды сақтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілетін болады. Енелерінен бөлу кезінде бұзаулар шығымдылығын арттыру бойынша ұсыныс дайындалатын болады. Сиырларды көктемде және күзде ректальді тексеру және УДТ диагностика әдістерін пайдалануға негізделген акушерлік-гинекологиялық диспансерлеу жүргізілетін болады. Сиырларды емдеудің тиімді әдістері бойынша іс-шаралар атқарылады. Тұқымдық-бұқалардың ұрық сапасы бағаланатын болады. Сиырлардың жалпы санына шаққанда буаз малдың үлес салмағы анықталады. Репродукторлық мүшелері ауруға ұшыраған сиырлар саны айқындалады. Акушерлік-гинекологиялық ауруға ұшыраған сиырларды емдеу бойынша ұсыныс игеріледі. Бірнеше жыл қатарынан өсімдіктер ассоциация-ларының типтері бойынша контурлар өзгерісін анықтау мақсатында жайылымдық алқаптарға геоботаникалық зерттеу жүргізілетін болады. Жыл маусымдары бойынша жайылымдық өсімдіктердің өнімділігі есепке алынып, жайылымда малды бағудың шекті мөлшері анықталады. Жайылымдық кезеңнің соңында жыныс, жас мөлшерлері түрліше малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы анықталады. Зерттеулердің барлық кезеңі аралығында жыл маусымдары бойынша жайылымның өнімділігіне, малдың тірілей салмақ өзгерісіне және қоңдылығына салыстырмалы талдау жасалынады. Әр аймаққа арналған жайылымды тиімді пайдалану бойынша нақты ұсыныстар игерілетін болады. Жайылымды қоршаудың түрліше нұсқаларын пайдалануға талдау жасалынатын болады: тұрақты және жылжымалы қоршаулар, электрлі қоршаулар. Қажетті құрылыс материалдары, олардың бағасы мен сипаттамасы анықталады. Жайылымды қоршаудың экономикалық тиімділігі анықталады. Жайылымды қоршаудың түрліше нұсқаларын пайдалану арқылы фермерлердің еңбегін жеңілдету және мал жаюды тиімді ұйымдастыру (тұрақты және жылжымалы қоршаулар, электрлі қоршаулар) бойынша технологиялық карталар игеріліп, тиімді технологиялық шешімдер ұсынылатын болады. Республиканың 7 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылықтардың кемінде төртеуінде мал азығы қоры келесідей көрсеткіштер бойынша анықталатын болады: сабақты, шырынды және концентратты мал азықтарының көлемі, мал азықтарының құнарлылық құндылығын анықтай отырып, сапасын бағалау, малды қолда бағу кезеңінің ұзақтығы. Алынған нәтижелер негізінде жыныс, жас ерекшеліктері түрліше ірі қара топтары бойынша қолда бағу кезеңіне арналған теңгерілімді рациондар дайындалатын болады. Ғылыми-шаруашылық тәжірибелер жүргізіліп, олардың тиімділігі (мал азығының желіну және сіңірілу деңгейі, тірілей салмақ өзгерісі) анықталатын болады. Мал санына байланысты мал азықтық дақылдарды егу сызбасы игеріліп, кейіннен олардың өнімділігі анықталады. Мал азығын дайындау мен сақтаудың ғылыми-негізделген әдістері ұсынылатын болады. Детальді рационды пайдаланудың экономикалық тиімділігі есептеледі. Аймақтар ерекшеліктері мен мал азықтарының өзіндік құнын ескеріп, малды қыста бағуды ұйымдастыруда теңгерілімді рациондарды қолдану бойынша тиімді ұсыныстар игерілетін болады. Республикадағы 7 облыстың жетекші асыл тұқымды мал шаршуашылықтарында ірі қара малын қыс мезгілінде бағу технологиялары сарапталып, зерттеулер жүргізіледі. Шаруашылықтардың азық қоры зерттелінеді; жайылым және шабындық жерлер, құрғақ және шырынды азық қоры, арнайы жем қорын дайындау, олардың азықтық құнары және қысқта малды жаюға болатын күндер анықталады. Соңғы 10 жылдағы жауын-шашын және түскен қардың мөлшері зерттеледі. Күздің соңғы уақытында мал жаюға болатын жайылымдық жерлер анықталады. Қысқы жайылымдық жерлерде мал азығын дайындау, сақтау, оларды пайдалану жағдайлары анықталады. 1 табын малды қысқы жайылымда бағу бойынша іс-шаралар жасалынады. Қысқы жайылымдағы мал мен қорада бағылған малдың экономикалық тиімділігі салыстырыла талданады. Осы зерттеулер нәтижесіне байланысты ірі қара малын қысқы жайылымда бағу жөнінде ұсыныстар игеріледі. Республикадағы 7 облыстың жетекші асыл тұқымды мал шаршуашылықтарында ірі қара малын бағу бойынша тәжірибелік және бақылау табындары құрылады. Мал жайылымындағы тәжірибелік бұзауларға 3 ай көлемінде үстеме азық беру жұмыстары жүргізіледі. 2 топтағы бұзаулардың да енелерінен бөлінгеннен кейін салмақ өлшемдері алынады. Үстеме азық берудің тиімді мөлшерлері айқындалады. Қосымша азықтандыру тиімділігі анықталы-нады. Жайылымдағы бұзауларды қосымша азықтандырудың экономикалық тиімділігі есептелінеді. Бұзауларды қосымша азықтандырудың экономикалық тиім-ділігі жөнінде ұсыныстар игеріледі. Республиканың түрлі аймақтарында (Алматы, Ақмола, Қостанай облыстары) орналасқан жетекші асыл тұқымды мал шаруашылық-тарында жайылым-дықтарды пайдала-нудағы суландыру жөнінде құрылыстар, мал суғару жөніндегі отандық (әдеттегі) және шетелдік технология-лық құрылыстар, оның ішінде күн батареяларын және су жеткізуге арналған жел құрылыстарын сарап-тау жұмыстары жүргізіледі. Жайылым-дықтарды суландыру мен мал суғару жөнінде тиімді технологиялық ұсыныстар игеріледі. Республиканың 6 облысындағы тауарлы шаруашылықтарда өндіріс көрсеткіш-терінің мәліметтері жиналынып, сарап-талынады: ішкі құрылым, азық және жайылым қорлары, мал саны, мал табындарының құрылымы, мамандар мен қамтылуы, материалдық техникалық құрамы. Еліміздің әр түрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы тауарлы ет бағытындағы шаруашылықтарға ет өндірудің отандық және шетелдік технология-лары ұсылынады. Өндірістің экономикалық тиімділігі мен рентабельдігі есептелінеді. Тауарлы ет бағытындағы шаруашылықтарда өндірісті тиімді жүргізу мен басқарудың аймақтық экономикалық модельдері игеріледі. АҚШ, Канада, Австралия мемлекеттеріндегі ірі қара мал төлдерін жетілдірумен айналысатын шаруашылықтар тәжірибелері зерттелінетін болады. 3 облыстың жетекші асыл тұқымды мал шаршуашылықтарында ірі қара малы төлдерін бағу және жетілдіру технологиялары мен бұқшықтарды сою жасы мен тірілей салмағы мөлшерін сараптау- зерттеулері жүргізілетін болады. Республика аймақтарының табиғи-климаттық ерекшеліктері ескеріліп, төл өсірудің тиімді шетелдік технологиясы тауарлы шаруашылықтарға енгізіледі. Мал басының сатылатын уақыты мен тірілей салмақ мөлшері анықталатын болады. Жергілікті төл өсіру технологиясы мен шетелдік төл өсіру технологияларының экономикалық тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қазақстанның түрлі аймақтарында төлді жетілдірудің тиімді технологиясы бойынша ұсыныстар дайындалады. 6 облыстың тауарлы мал шаршуашылықтарында тұқымдық-бұқалардың пайдаланылуына сараптау жүргізіледі. Аналық сиырлардың төлдеу мерзімдері анықталады. Жылдың әр мезгілінде туылған бұзаулардың өсіп-жетілуі мен тірі салмағының өзгеру қарқыны зерттеледі. Зерттеулер нәтижесі бойынша табиғи-климаттық аймақтарға байланысты сиырлардың тиімді төлдеу мерзімдері бойынша ұсыныстар игеріледі. Республикадағы 6 облыстың тауарлы мал шаршуашылықтарында аналық сиырларды төлдетудің тиімді мерзімдері, бұзауларды өсіріп-бағу технологиясы, азық қоры мен жайылым жөніндегі мәліметтерге сараптау жүргізіледі. Экономикалық тиімділік анықталады. Зерттеулер нәтижесі бойынша табиғи-климаттық аймақтарға байланысты сиырларды тиімді төлдету мерзімдері жөнінде ұсыныстар жасалынады. Республикадағы 3 облыстың орташа және ұсақ тауарлы шаруашылықтарында аналық сиырларды төлдету технологиясы мен тиімді төлдету мерзімдері, бұзауларды өсіріп-бағу әдістері, азық қоры мен жайылым жөніндегі мәліметтерге сараптау жүргізіледі. Бұзаулардың туылғаннан бастап енесінен бөлінгенге дейінгі салмақ өсімі анықталады. Зерттеулер нәтижесі бойынша республика аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларына байланысты сиырлардың тиімді төлдету мерзімдері және бұзауларды туылғаннан бастап енесінен бөлінгенге дейінгі кезеңде өсіру технологиясы бойынша ұсыныстар жасалынады. Төрт облыстың (батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік өңірлер) тауарлы шаруашылықтарында бұзауларды әр түрлі технологиямен күтіп бағуда төсеніштің шығымы анықталатын болады. Алынған мәліметтер негізінде төсеніштің негізгі түрлерін 1 басқа/тәулігіне пайдалану мөлшері бойынша ұсыныстар жасалынады. Тауарлы шаруашылықтарда малды жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес аурулардан қорғау үшін ветеринариялық-профилактикалық шараларды жүргізудің техникалық деңгейін анықтау жұмыстары жүргізілетін болады. Бұқашықтырды піштіру үшін қолданылатын әдістер анықталады. Аталған шаруашылықтарда бұқашықтарды әр түрлі әдіспен піштіру (қанды, қансыз) жұмыстары жүргізіледі. Піштірудің оңтайлы және аурудың қаупін азайтатын әдістері ұсынылады. Тауарлы шаруашылықтарда зооветеринарлық жұмыстарды жүргізуге қолданылатын арнайы қармауыштар мен қоршаулардың пайдаланылу барысы талданатын болады. Қармауыштар, қоршаулар мен басқа да құрылғылардың өндірісі үшін (өлшемдер, конструкциялық сызбалар, қажетті материалдар, шығындар, Қазақстандағы өндірушілер) технологиялық шешімдер дайындалады. Оларды тиімді қолдану бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілетін болады. Тауарлы шаруашылықтарда мал азығы, еңбек шығындары сондай-ақ, малдың өлім-жітімі, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шығындарына талдау жүргізіледі. Негізгі өнім – бұзау мен оның тірілей салмағы өсуінің өзіндік құны есептелінетін болады. Шаруашылықтардың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері анықталады. Тауарлы шаруашылықтарда бастапқы есеп жүргізуді ұйымдастыру арқылы өндірістік үдерісті тиімді басқарудың, ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, шығындардың барлық түрлерін есептеу, пайда, экономиканың негізгі және қосалқы өнімдерін сату, негізгі құралдардың тозу қарқынын және т.б. есептеу бойынша жұмыстары жүргізуге арналған экономикалық-математикалық модельдер (әдістер) игерілетін болады. Республиканың 6 аймағында орналасқан тауарлы шаруашылықтарда жем-шөп базасы зерттеледі: жайылымдардың, шабындықтардың, жиналған сабақты, шырынды және жемдік азықтардың мөлшері; құнарлылық құндылығын анықтау жолымен азық сапасы бағаланатын болады. Ірі қара малдың қысқы рационындағы негізгі азықтардың химиялық құрамы анықталады. Алынған мәліметтердің негізінде тиімді рациондар құрылып, азықтандырудың негізгі элементтеріне сәйкес теңдестіріледі. Осы рациондардың тірі салмақты жоғарылатуға әсерін зерттеу үшін ғылыми-өндірістік зертеулер жүргізіледі. Малдың тәжірибелік топтарының тірі салмағының өзгеру динамикасы зерттеледі. Ірі қара малды азықтандыру үшін түрлі рациондарды қолданудың экономикалық тиімділігі анықталады. Республиканың әр өңіріндегі шаруашылықтарда жыныс, жас топтары түрліше малға арналған тиімді рациондар ұсынылады. Республиканың әртүрлі өңірлерінде орналасқан тауарлы шаруашылықтарда малды азықтандыруды ұйымдастырудың қазіргі жағдайы, жыныс, жас ерекшеліктері түрліше мал топтары бойынша зерттеледі, мал азықтарының химиялық құрамы анықталады. Алынған мәліметтер негізінде әртүрлі жас топтарындағы малдың қыс мезгілінде макро және микро элементтермен қамтамасыз етілуі анықталады. Ғылыми-өндірістік зерттеулерде минералды қоспаларды рационға қосу арқылы малдың макро және микроэлементтер бойынша тапшылығы толықтырылатын болады. Көктемде, жаз айының соңында және күзгі жайылымдық кезеңдерде минералдық қоспалардың бұзаулардың салмақ өсіміне әсері зерттеледі. Мал азығы рациондарына минералдық қоспаларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленеді. Елдің әртүрлі өңірлерінде орналасқан ірі, орташа және кіші бордақылау алаңдарындағы бұқашықтарды піштіру әдістері, бордақыланған бұқашықтардың белсенділігін басу үшін қолданылатын препараттар, бұқашықтарды сұрыптау бойынша шешімдер, тәуліктік тірілей салмақ өсімі және т.б. анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаруашылықтарда бұқашықтарды әр түрлі әдіспен піштіру (қанды, қансыз) жұмыстары жүргізіледі. Піштірудің тиімді және аурудың қаупін азайтатын әдістері ұсынылады. Еліміздің түрлі аймақтарында орналасқан бордақылау алаңдарында қазіргі заманғы технологияларды (ультрадыбыстық сканерлер) пайдаланып, ет сапасын (еттің мәрмәрлігі, тері астындағы майдың қалыңдығы) бағалау үшін зерттеулер жүргізіледі. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, типтері және азықтандырылу деңгейі әртүрлі рациондардың еттің мәрмәрлігіне және малдың тері астындағы майының қалыңдығына әсері анықталады. Сондай-ақ, салыстырмалы түрде, еттің мәрмәрлігі, тері астындағы майдың қалыңдығына малдың асыл тұқымдылығының әсері анықталады. Республиканың әртүрлі өңірлерінде орналасқан ірі (1000 бастан аса) орташа және кіші (500 басқа дейін) бордақылау алаңдарында малды азықтандыру рациондары, абсолютті және орташатәулік тірілей салмақ өсімі, бордақылау мерзімдерінің ұзақтығы, 1 басқа шаққанда 1 кг салмақ өсіміне мал азығы шығындары зерттеледі. Мал азығы құнарлылық құндылығын анықтау үшін азық сынамалары алынатын болады. Алынған нәтижелердің негізінде ірі бордақылау алаңдарында малдың тірілей орташатәуліктік салмақ өсімін кем дегенде 10%-ға, орта және кіші бордақылау алаңдарында 6-8%-ға арттыруға мүмкіндік беретін, негізгі қоректік заттары теңдестірілген азықтандыру рациондары әзірленетін болады. Құрылған азықтандыру рационын пайдалану кезеңінде бордақылаудағы бұқашықтардың орташатәуліктік тірілей салмақ өсімі өзгерісін бақылау үшін монитонинг жүргізілетін болады. Ірі қара малды ұсынылатын сойыс салмағына дейін бордақылау мерзімдері зерттелетін болады. Теңдестірілген рациондарды енгізуге байланысты бордақылау алаңдарының экономикалық тиімділігі анықталатын болады. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бордақылау алаңдарында сүт қышқылдары бактерияларына негізделген пробиотикалық препараттарды қосу және мал азығы рациондарына сыра қайнатудан, спирт, қант және крахмалөндірісі қалдықтарын пайдаланып мал бордақылау тиімділігі анықталатын болады. Әр түрлі өнеркәсіптік қалдықтарды қолданудың экономикалық тиімділігі анықталады. Аусыл вирусын индикациялау және идентификациялау үшін молекулярлық-генетикалық тест-жүйе (нақты уақыт RT-ПТР) әзірленетін болады. Бруцеллезді диагностикалауда серологиялық сынау кешенін (РCК/РДСK, РБП) игеру үшін бруцеллез антигені жасалады. Туберкулезге аллергиялық диагноз қою үшін БЦЖ штаммынан жасалған туберкулин әзірленеді және енгізіледі. Жұмыс істейтін зертханалық үлгі жұмыс элементінің өлшемін, қыздыру элементтерінің қуатын, жұмыс элементінің температуралық тәртібін, цеолит қабатының қалыңдығын және жұмыс элементіне кептіруге қойылған барда қабатының қалыңдығын есептеу. Спирт бардасын кептіруге арналған контактілі кептіргіштің зертханалық үлгісінің тетіктері мен бөлшектері жасалынады. Барда кептіруге арналған эксперименттік контактілі кептіру қондырғысы әзірленетін болады. Қондырғыны іске қосу-үйлестіру жұмыстары жүргізілетін болады. Барданы кептірудің технологиялық көрсеткіштері зерттеледі. Көлемі ірі мал бордақылау алаңдарына (Алматы, Ақмола, Қостанай облыстарында) келесідей көрсеткіштер мен баптар бойынша талдау жасалынады: бір мезгілде бордақыланатын мал саны, малдың тұқымы мен жасы, қоршау ауданы, малдың бағылу типі, мал азығының өндірілуі, мал азығы рациондары, еңбек шығындары, өлім-жітімнен болған шығындар, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шығындары, өндірістік процестердің механикаландырылу дәрежесі. Негізгі өнім – тірілей салмақ өсімінің өзіндік құны есептелінеді. Шаруашылықтың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері анықталады. Бордақылау алаңында бастапқы есепті ұйымдастыру, зооветеринарлық іс-шараларды жоспарлау, шығындардың барлық түрлерін, пайданы, экономиканың негізгі және қосалқы өнімдерін сатуды, негізгі құралдардың тозуын және т.б. есептеу арқылы өндірістік процесті тиімді басқарудың экономикалық-математикалық модельдері игеріледі. Малды бордақылау алаңдарында идентификациялау жүйесінің жұмыс істеу принциптері зерттеледі. RFID жүйесінің жабдықтарын орнату (малға арналған сырғалар мен ақпар беру тетіктері, бағдарламалар, малға арналған алғашқы деректерді енгізу және бағдарламалық өнімді жұмыс күйіне келтіру) ұйымдастырылды. Малды бағыттау және дәл идентификациялау жүйесін жұмыс күйіне келтіру іске асырылады. 1С бухгалтерлік есеп және RFID идентификациялау жүйелері сәйкестендіріледі жүйесі. Малды есепке алудың электрондық паспорты жасалды. Мал басы бойынша нақты шығындарды есепке алу жүйесі іске қосылады. Шаруашылықтарға электронды есептеу жүйесі енгізіледі. RFID технологиясы азықтандыру және оңтайлы рационды дайындау жүйелерімен кіріктіріледі. RFID мониторинг ескеріліп, технологиялық карталар және малды азықтандыру технологиялық процестеріндегі өзгерістер дайындалады. Малды мониторингтеудің қарапайым ГАЖ жүйесі әзірленеді. RFID негізінде малды жеке есепке алу бойынша есеп беру жүйесі игеріледі. Бордақылау алаңдарында, өндірісті жүргізудің дәстүрлі әдісімен салыстырмалы түрде, RFID жүйесін пайдаланудың экономикалық тиімділігі зерттелетін болады. " Ірі қара мал етін өңдеу" Тірі малды әр түрлі қашықтыққа тасымалдауға қойылатын нормативтер, ережелер мен талаптар құрылатын болады. Тірі малды тасымалдау нормалары мен талаптары анықталады, тасымалдау кезіндегі тірі салмақты зерттеледі. Түрлі қашықтыққа малды тасымалдау шығындары және тасымалдау құнын төмендету әдістері анықталады. Ет және ет өнімдерінің ұлттық халал стандарты стандарттық жобасы жасалады. Ет өңдеу кәсіпорындарының тоңазытқыш жабдықтарының санитариялық жайын шайуда микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі, ет және ет өнімдерін сақтау мерзіміне тоңазытқыш жабдықтардың санитарлық жағдайының әсері зерттеледі, ет және ет өнімдерін сақтау мерзіміне тоңазытқыш жабдықтардың санитарлық жағдайының әсері бойынша әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қолданыстағы құжаттарға сәйкес ет және ет өнімдерінің логистикасы бойынша нормалары мен талаптары анықталады. Етті рефрижераторларда тасымалдаудың нормативтері, ережелері мен талаптары құрастырылады. Автомобиль-рефрижераторларда жүк тасымалдау тиімділігіне әсер ететін факторлары (жүк көтеру, тасымалдау шарттары, тоңазытқыш қондырғының қуаты, конструкциясы және т. б.). анықталады. Етті автомобиль көлігімен жеткізудің логистикалық сызбасы (тиеу, тасымалдау, түсіру, сақтау және т. б.) жасалады. Логистикалық тізбек бойы етті автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі шығын есепке алынады. Авторефрижераторларда ет тасымалдау шығындарын есептеудің әдістемесі әзірленді. «Сүтті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды құру». Тауарлы фермаларында өндірістік процестерді ұйымдастыру және басқару үшін шаралар әзірленеді. Сүтті тауарлы фермаларда малды ұстауға байланысты жобалау нормаларына сәйкестігі анықталды. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану үшін, сонымен бірге малдың өнімділігі мен физиологиялық жағдайын ескере отырып жемшөп тиімді пайдалану кезінде оларды технологиялық топтарға қалыптастыру әдістемесі қолданылды. Малдың ұрпақ беру қабілетін 5,2% -ға көтеруге байланысты ұдайы өсірудің тиімді әдістері жасалынады. Сүтті тауарлы фермаларында өндірістік процестерді басқарудың тиімді үлгілері анықталды. Сүтті ірі қара малды сауу, ұстау және өсіруге байланысты қарқынды технологияның элементтері әзірленетін болады. Технологиялық үрдістің толық циклі жасалды (ұрықтандыру және ректалды тексеру, сиыр мен құнажындарды төлдеуге дайындау, бұзаулауды жүргізу, бұзау және табынды толықтыратын малды өсіру). Тауарлы шаруашылықтар жағдайында сиырды сауу және ұстаудың технологиялық параметрлері әзірленді, бұл бұзаудың қауіпсіздігін 5-6% -ға арттырып, 14-16 айларда алғашқы ұрықтандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жас төлді өсіруге арналған қаймағы алынбаған сүтті алмастырғыштарды (ҚАСА) қолдану бойынша әлемдік тәжірибе зерттелінді. Төлді толыққанды сүтті алмастырғыштармен сүттендірудің әртүрлі нобайы тәжірибеге қойылды. Сүтті тауарлы фермалар арасында кеңінен таралған нобайдың үздік нұсқасы анықталынды. Бұзауды айыру кезінде стресс жағдайлардың әсерін зерттеу үшін салыстырмалы түрде тәжірибе жүргізілді. Бұзауды айыру кезінде стресске тұрақты әсер етудің негізгі себебі анықталынды. Бұзауды залалсыздандырудың заманауи әдістері зерттелініп, әртүрлі препараттарды қолдану арқылы залалсыздандырудың түрлі нобайын пайдалана отырып тәжірибелер жүргізіледі. Зоогигиеналық талаптарға сәйкес қара - жайдың микроклиматы зерттелінеді. Бұзауды залалсыздандырудың ең тиімді әдісі анықталынып, олар кеңінен таратылады. Үш базалық шаруашылықтарда (n = 200) жұмыс жүргізу отылып, малға стресс тудыратын негізгі себептері анықталынып, олардың технологиялық үрдістері зерттелінеді. Бөлгішті пайдалану немесе пайдаланбауға байланысты малдың өнімділігі зерттелінеді. Арнайы бөлгіш өндірісінде малға аз стресс тудыратын, қолдану тімділігі жоғары қызмет жасайтын әдістеме әзірленеді. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тауарлы шаруашылықтардағы пайдаланғанған мал азықтарына талдау жасалынып, сауын сиырлардың сүт өнімділігі мен азық рационы зерттелінді. Тәжірибелі шаруашылықтарда пайдаланған мал азықтарының химиялық құрамы мен нәрлілігін анықтау үшін азық үлгілері алынып, сауын және туу уақыты жақын қалған сиырларға қажетті негізгі сіңімді заттар белгілі болды. Әр тәжірибелі шаруашылықтардағы бар азық қорының нәрлілігін негізге ала келе, сауын және туу уақыты жақын қалған сиырларға нормаға сәйкес компьютерлік база мәліметтері жасалынады. Тауарлы шаруашылықтарда азық рационын жақсартудың нәтижесінде сиырдың сүт өнімділігі 15-20 % - артады. Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы тауарлы шаруашылықтардағы жергілікті азықтардың химиялық құрамы анықтап, химиялық талдауды ескере келе, есептеу арқылы азықтың лимитті жағдайларын (амин қышқылдарының құрамын, ақуыз, микро және макроэлементтер т.б.) шығарамыз. Әртүрлі түрдегі азықтандырғаштар мен заманауи биологиялық – дәруменді - минералды қоспаларды пайдалану арқылы азықтандыру рационының құрылымына оңтайландыру жасалынады. Салыстырмалы түрде малды күтуіне байланысты азық рационына биологиялық – дәруменді - минералды қоспаларды беріп, сонымен бірге аталған қоспаларды бермеген кездегі өнімділіктері зерттелінеді. Минералды қоспаларды пайдаланған кездегі экономикалық тиімділігі анықталынады. Республика нарығында сатылатын 10 кем емес әртүрлі құрама жемге таңдау жүргізіледі. Оларға нәрлілік құндылығына байланысты сынамаларға химиялық талдау жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысындағы 1 базалық шаруашылық пен Алматы облысындағы 2 шаруашылықта 50 бастан кем емес сүтті малдарға әртүрлі құрама жемді пайдалану арқылы тәжірибе қойылып, олардың түрлі нәрлілік құндылығы ескере келе, сауын сиырлардың сүт өнімділігі анықталынады. Шаруашылыққа әртүрлі құрама жемді пайдалануға байланысты экономикалық есеп жүргізіледі. «Қой шаруашылығы саласындағы тиімді технологияларды әзірлеу» Ғылыми-экономикалық технология негізінде Қазақстанның солтүстік, орталық, батыс және шығыс аймақтарында қысқы малды қорада ұстап азықтандыруды ұйымдастыру дамытылады. Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Шығыс-Қазақстан облыстарында 4900 басты қорада ұстау мезгілін жалғастыру тағайындалады. Қысқы малды қорада ұстауда тиімді азықтандыру рационын пайдаланудың экономикалық тиімділігі зерттеледі. Республиканың аймақтарында жайылым территорияларында оттық шөп сапасын зерттеу мақсатында геоботаникалық зерттеулер жүргізіледі. Жыл мезгілдері бойынша астық өнімділігіне есеп жүргізіліп, 1 гектар жайылым жүктемесі анықталады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Атырау және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда 1600 бас малға көктемгі, жазғы, күзгі мезгілдерде қойды бағудың тиімді әдістерін ұйымдастыру енгізіледі. Жайылып мезгілін тиімді пайдалану әдісі әзірленеді. Азыққа жеткіліксіз элементтердің орнын толтыру жолымен, қойды қыста бағу тиімділігін пайдалану жайылымның мүмкіндігін толық қанды пайдалану есебі зерттеледі. Қысқы жайылымды пайдалану ұзақтығы анықталды. Тәжірибелер 3600 бас қойға Алматы, Жамбыл, Ақмола және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда зерттеу жүргізілетін болады. Қойларды қысқы қорада ұстау мезгілінде күндік қосымша азыққорына құрамына дайындау (сабақты және жемдік азықтар, минералды қоспалар) ұсыныстарды әзірлеу. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында 4200 малдың рационында қойдың етті және жүн өнімділігі қосымша азық беру және минералды қоспалар есебінен жоғарылады. Қосымша азық қоры мен минералды қоспалар қой өнімдлігін 10-15% көтереді. Сапалы майлылығы төмен ет алу мақсатында тиімді мезгілдер ұзақтығы және жас малды будандастыру варианттары, белгілі рациондарды пайдалану есебінен бордақылау, әр тұқымнан қозы етін өндіру және қой өнімділігі бағытын оларды аймақтарында дамыту есебінен жаңа технологиялар енгізіледі. Тәжірибелер 6000 бас қойға Алматы, Жамбыл, Ақмола және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Майлылығы төмен ет алу үшін рационың құрамын әзірлеу. Шағын индустрия инфрақұрылымын құру арқылы қаракөл елтірісін өндірудің, қайта өңдеудің және сақтаудың бәсекелестікке қабілетті технологиясы жасалады. Шағын индустрия инфрақұрылымын құру арқылы тондық қой терісін өндірудің, қайта өңдеудің және сақтаудың бәсекелестікке қабілетті технологиясы жасалады. «Өнімді жылқы шаруашылығы саласында тиімді технологиялар дайындау». Бие сүті өндірісімен айналысатын сайлы шаруашылықтарды дайындап алынады. Шаруашылық және жемшөп жағдайын, өнімділігін, маусымдық жайылымды пайдалануы зерттеледі. Сауын биелердің желін және үрпек пішіндері анықталады. Маусымдық және тұрақты бие сүтін өндірудің экономикалық тиімділігі анықталады. Бие сүті өндірісінің және асылдандыру есебінің жүйесі оңтайландырылады. Маусымдық және тұрақты бие сүтін өндірудегі механикаландырылған технологияларының элементтері енгізіледі. Механикаландырылған сауын қондырғысының тұрақты өткелегі дайындалады. Сауын маусым кезінде құлындарды қосымша жемдеу бойынша тәжірибелер жүргізіледі. Жергілікті жылқы тұқымдарының сүт өнімділігі бақылап сауу әдісі бойынша (n=100) анықталады. Шаруашылықтарда алдын-ала дайындалған жайылымды пайдалану технологиялары арқасында сүт өндіру 15-20% көбейеді. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сүтті жылқы шаруашылықтарындағы өндірістік үдерістерді тиімді басқарудың моделі дайындалады. Сайлы шаруашылықтарда бие сауудың мобильді қондырғыларына сынақ жүргізіледі. «Құс шаруашылығы саласының тиімді технологияларын жасау». Іскерлік жас тауықтардың біртекті тобының шығуын, жұмыртқа өнімділігін, тауықтардың сақталушылығын арттыруға және жем конверсиясын төмедетуге мүмкіндік беретін, жас тауықтарға лимиттелген жем беру және торда ұсталатын ересек тауықтарға фазалық жем беру технологииялары жасалатын болады. Жас тауықтар мен ересек тауықтар үшін шикі протеинге, лизинге, метионинге, цистинге және триптофанға қажеттілік нормалары жасалатын болады. Алмасу энергиясы, шикі протеин, аминқышқылдық, минералдық құрам бойынша жас тауықтарға және ересек тауықтарға жем беру жөнінде ұсыныстар жасалатын болады. Жұмыртқалайтын құстың рациондарында жас тауық пен ересек құстың иммунитететінің, сақталғыштығының 98% дейін артуына жағдай жасайтын, құрамында йод бар жемдік қоспалар пайдаланылады. Жем конверсиясының 2,5%-ға, жұмыртқалайтын тауықтардың жұмыртқала-ғыштығының 4%-ға артуымен және 1000 дана жұмыртқаға жем шығындарының 3%-ға төмендеуімен, зат алмасу және құрама жемдердің сіңімділігі жақсартылатын болады. Табыспен іске асыру және алынған нәтижелерді одан әрі өндірісте пайдалану үшін, Қазақстан өңірлерінің қимасында көпжылдық шөптердің құрамдары зерттелетін болады. Алынған нәтиже пилоттық өндіріске енгізілетін болады. Қазақстанда алғаш рет өндірістік ауқымда жасыл конвейердің негізінде түйіршіктелген жем өндіру технологиясы енгізілетін болады. Жас тауықтарға лимиттелген жем берудің және ересек тауықтарға фазалық жем берудің жасалған технологиялары іскерлік жас тауықтың біртекті тобының шығымын, жұмыртқа өнімділігін, тауықтардың сақталушылығын арттыруға және жем конверсиясын төмендетуге мүмкіндік береді. Жас тауықтар мен ересек тауықтар үшін шикі протеинге, лизинге, метионинге, цистинге және триптофанға қажеттілік нормалары жасалатын болады. Жас тауықтарға және ересек тауықтарға алмасу энергиясы, шикі протеин, аминқышқылдық, минералдық құрам бойынша жем беру жөнінде ұсыныстар жасалатын болады. Құрамында йод бар жемдік қоспаларды жұмыртқалайтын құстың рациондарында пайдалану жас тауық пен ересек құстың иммунитетін, сақталушылығын 98% дейін арттыруға жағдай жасайтын болады. Жем конверсиясы-ның 2,5%-ға, жұмыртқалайтын тауықтардың жұмыртқала-ғыштығының 4%-ға артуымен және 1000 дана жұмыртқаға жем шығындарының 3%-ға төмендеуімен, зат алмасу және құрама жемдердің сіңімділігі жақсартылатын болады. "Түйе өнімдерін өндіру " Түйе популяцияларының өнімділік ерекшеліктері және әр түрлі аймақтарында орналасқан (Арыс-Түркістан, Вавилов, Атырау, Маңғыстау, Каспий маңы, Балқаш маңы, Қаратау-Мойынқұм) өнімді түйе шаруашылығының қолданыстағы технологиялары анықталады. Аналық түйе шаруашылық-құнды белгілері зерттеледі және түбіт талшықтарын олардың ұзындығы мен жіңішкелігі бойынша іріктеу критерийлері орнатылады. Отандық тұқымды түйе өнімділігін арттырудың түйе өнімін дәстүрлі-қолданылатын технологиямен салыстырғанда 30-45% -ға арттыратын қарқынды технологиясы жасалады. «Панталы бұғы шаруашылығы (марал шаруашылығы) саласында тиімді технологияларын құру» Шығыс Қазақстан облысының: (Катонқарағай бұғы паркі» ш/қ, «Багратион-2» ш/қ, «Дамир» ш/қ, «Баян» ш/қ, «Жоғарғы Катон» ЖШС, «Мараленок» ЖШС) 6 марал шаруашылықтарында 2000 мал басымен жұмыстар жүргізілетін болады. Төл алудың шығымы 55-60% арттырылатын болады. Органикалық панты өндірісінің деңгейі 25-30% арттырылды. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, соңғы өнімді өткізу бағасын арзандату, органикалық өнімді өндірудің өзіндік құнын төмендету, экспорттқа бағытталған жоғарғы қосымша құнды өнімді алу бойынша марал шаруашылығын жүргізудің моделі дайындалды. «Ара шаруашылығы саласында тиімді технологияларын құру». Негізгі шаруашылықтарда ара шаруашылығының органикалық өнімдердің нормативтік-техникалық құжаттамасын (2 техникалық құжат) қорытынды түпкілікті құжаты әзірлеу болып табылады. Қажетті заттармен байытылған сахарозды ашыту арқылы жаңа азықтарды дайындау әдістемесін әзірлеу. Жұмысшы аралардың ұшу белсенділігіне, ара аналықтарының жұмыртқалағыштығына, ара отбасыларының дамуына азықтандырудың жаңа түрінің әсерін зерттеу. Ара отбасыларының өнімділігіне жасалған азықтандыру түрінің әсерін нақтылау. Негізгі шаруашылықтарда ара шаруашылығының өнімдерін шығаруға ынталандыратын жаңа тыңайтқыштарды (2 рецепт) қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау. Бағаның жоғары өтуіне қарай экспорттық бағытталған өнімді алу үшін ара шаруашылығының өнімдерін терең өңдеу технологиясын жасау. Ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндіру үшін экономикалық-тиімді сараптама жасау. Ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігіне сараптама жасалады. Аралар үшін балды алмастыру технологиясы негізінде жаңа азық құралдарын жасау. 01.01 «Мал шаруашылығының салалары бойынша қарқынды технологияларды құру» 68.39; 68.39.01; 68.39.15; 68.39.17; 68.39.18; 68.39.19; 68.39.29; 68.39.31; 68.39.37; 68.39.43; 68.39.49; 68.39.55 Ірі қара мал, бордақылау алаңы, рацион, жайылымдар, азықтандыру, төл өсіру, піштіру, өзіндік құн, азық қоспалары, тірі мал тасымалы, сүт өнімділігі, жұмыртқалау, қой, қозы еті,биесүті, түйе шаруашылығы, панталы бұғы шаруашылығы, ара, бал «ҚазМШЖӨҒЗИ» ЖШС «ҚазМШЖӨҒЗИ» ЖШС «ҚШҒЗИ» филиалы «СҚАШҒЗИ» ЖШС «ОБМШӨШҒЗИ» ЖШС «ҚАШҒЗИ» ЖШС «ҚАӨКЭААДҒЗИ» ЖШС «ҚАШМЭҒЗИ» ЖШС «ҚӨҚӨАҒЗИ» ЖШС «ҚВҒЗИ» ЖШС РМШАО «Асыл түлік»» АҚ «ААШТС» ЖШС «ШҚАШТС» ЖШС «С.Сейфуллин атындағы ҚАУ» АҚ «Жәңгір хан ат. БҚАТУ» КЕАҚ КЕАҚ «КазҰАУ» «С. Торайгыров ат. ПМУ» ШЖҚ РМК «Ш. Уәлиханов ат. КМУ» ШЖҚ РМК 071040001151 080141007317 081040007093 070940015984 071140009276 081040010330 071140007530 100440018493 071240018450 931040000055 080240010880 080240010711 070740004377 021140000 425 990240005606 990140004654 1 Омбаев Ә.М., а.ш.ғ.д. 3-тоқсан 2018 4-тоқсан 2018 746000 - 746000 - - - «Етті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды игеру» Республиканың 7 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарда алынған бұзаулардың сақталу деңгейі талданып, олардың шығынға ұшырау себептері анықталатын болады. Республиканың 7 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарда жайылымдық қорлар бойынша жалпы талдау жасалынатын болады. Күзгі жайылымдар шөбінің өнімділігін, ботаникалық құрамын анықтау бойынша зерттеу жүргізіледі. Күзгі жайылымдар өсімдіктерінің құнарлылық құндылығын бағалау үшін сынамалар алынатын болады. Жас, жыныс мөлшерлері түрліше малдың тіріл
01.02 «Мал шаруашылығының салалары бойынша қарқынды технологияларды құру» "Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Омбаев Абдирахман Молданазарович «Етті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды игеру» Аналықтардың төлдеуіне мониторинг жасалынып, сиырлардың қалай төлдегендігінің ара-қатынасы (ауыр, орташа, жеңіл, адамның көмегімен және т.б.) айқындалатын болады. Сиырлардың қалай төлдегендігіне байланысты бұзаулардың өсіп жетілуі зерттеледі. Бұзаулардың шығынға ұшырауы мен олардың қалай төлдеуі және түрлі ауруларға (жұқпалы, жұқпалы емес) ұрынуы арасындағы байланыс зерттелетін болады. Республиканың 4 облысында орналасқан жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарда сиырларды көктемде және күзде ректальді тексеру және УДТ диагностика әдістерін пайдалануға негізделген акушерлік-гинекологиялық диспансерлеу жүргізілетін болады. Сиырлардың жалпы санына шаққанда буаз малдың үлес салмағы анықталады. Репродукторлық мүшелері ауруға ұшыраған сиырлар саны айқындалады. Бұқаны аналық сиырларға пайдалану мөлшері және ұрық сапасы анықталады. Бірнеше жыл қатарынан өсімдіктер ассоциацияларының типтері бойынша контурлар өзгерісін анықтау мақсатында жайылымдық алқаптарға қосымша геоботаникалық зерттеу жүргізілетін болады. Жыл маусымдары бойынша жайылымдық өсімдіктердің өнімділігі есепке алынып, жайылымда малды бағудың шекті мөлшері анықталады. Жайылымда малды бағудың шекті мөлшерін анықтай отырып, жайылым алмастырудың тиімді сызбасы игеріледі. Жайылымдық кезеңнің соңында жыныс, жас мөлшерлері түрліше малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы анықталады. Республиканың 4 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарда мал азығы қоры келесідей көрсеткіштер бойынша анықталатын болады: сабақты, шырынды және концентратты мал азықтарының көлемі, мал азықтарының құнарлылық құндылығын анықтай отырып, сапасын бағалау, малды қолда бағу кезеңінің ұзақтығы. Шарты 1 басты азықтандыру шығындары есептелетін болады. Алынған нәтижелер негізінде жыныс, жас ерекшеліктері түрліше ірі қара топтары бойынша қолда бағу кезеңіне арналған теңгерілімді рациондар дайындалатын болады. Ғылыми-шаруашылық тәжірибелер жүргізіліп, олардың тиімділігі (мал азығының желіну және сіңірілу деңгейі, тірілей салмақ өзгерісі) анықталатын болады. Ерте көктемде мал жайылатын жайылымдықтар зерттелініп, олардың ішінен күздің соңғы айлары мен қыста мал жаюға жарамды жайылымдықтар анықталады. Қысқы жайылымдық жерлерде мал азығын дайындау, сақтау оларды пайдалану жағдайлары анықталады. 1 табын малды қысқы жайылымда бағу бойынша іс-шаралар жасалынады. Республикадағы 7 облыстың жетекші асыл тұқымды мал шаршуашылықтарында бұқашықтар мен таналарды енесінен бөлген кездегі орташа салмақтары анықталынады. Еліміздің әр түрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы тауарлы ет бағытындағы шаруашылықтарға ет өндірудің отандық және шетелдік технологиялары ұсылынады. Өндірістің экономикалық тиімділігі мен рентабельдігі есептелінеді. Тауарлы ет бағытындағы шаруашылықтарда өндірісті тиімді жүргізу мен басқарудың аймақтық экономикалық модельдері игеріледі. Республика аймақтарының табиғи-климаттық ерекшеліктері ескеріліп, төл өсірудің тиімді шетелдік технологиясы тауарлы шаруашылықтарға енгізіледі. Мал басының сатылатын уақыты мен тірілей салмақ мөлшері анықталатын болады. Жергілікті төл өсіру технологиясы мен шетелдік төл өсіру технологияларының экономикалық тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қазақстанның түрлі аймақтарында төлді жетілдірудің тиімді технологиясы бойынша ұсыныстар дайындалады. Республикадағы 6 облыстың тауарлы мал шаршуашылықтарында тұқымдық-бұқалардың пайдаланылуына сараптау жүргізіледі. Аналық сиырлардың төлдеу мерзімдері анықталады. Қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында туылған бұзаулардың тірілей салмақтары анықталады. Ірі тауарлы шаруашылықтарда аналық сиырларды төлдетудің тиімді технологиясы мен мерзімдері, бұзауларды өсіріп-бағу технологиясы, азық қоры мен жайылым жөніндегі қолданыстағы технологияларға сараптау жүргізіледі. Экономикалық тиімділік анықталады. Зерттеулер нәтижесі бойынша республика аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларына байланысты сиырларды тиімді төлдету мерзімдері және бұзауларды туылғаннан бастап енесінен бөлінгенге дейінгі кезеңде өсіру технологиясы бойынша ұсыныстар жасалынады. Тауарлы шаруашылықтарда зооветеринарлық жұмыстарды жүргізуге қолданылатын арнайы қармауыштар мен қоршаулардың пайдаланылу барысы талданатын болады. Қармауыштар, қоршаулар мен басқа да құрылғылардың өндірісі үшін (өлшемдер, конструкциялық сызбалар, қажетті материалдар, шығындар, Қазақстандағы өндірушілер) технологиялық шешімдер дайындалады. Оларды тиімді қолдану бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілетін болады. Тауарлы шаруашылықтарда бастапқы есеп жүргізуді ұйымдастыру арқылы өндірістік үдерісті тиімді басқарудың, ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, шығындардың барлық түрлерін есептеу, пайда, экономиканың негізгі және қосалқы өнімдерін сату, негізгі құралдардың тозу қарқынын және т.б. есептеу бойынша жұмыстары жүргізуге арналған экономикалық-математикалық модельдер (әдістер) игерілетін болады. Тірі салмақтың өсуіне түрлі рациондардың әсерін зерттеу үшін ғылыми-өндірістік тәжірибелер жүргізіледі. Малдың тәжірибелік топтарының тірі салмағының өзгеру динамикасы зерттеледі. Ірі қара малды азықтандыру үшін түрлі рациондарды қолданудың экономикалық тиімділігі анықталады. Республиканың әр өңіріндегі шаруашылықтарда жыныс, жас топтары түрліше малға арналған тиімді рациондар ұсынылады. Бұзауларды көктемгі жайылымдарда бағу кезінде минералды қоспаларды пайдаланудың төлдің өсуіп-жетілуіне әсері, зерттеу топтарындағы малдың тірілей салмағының ұлғаюы зерттеледі. Отандық және шетелдік өндірушілердің минералды азық қоспаларын азықтандыру рационына қосудың экономикалық тиімділігі анықталады. Үлкен бордақылау алаңдарында бұқашықтарды піштіру әдістері, бордақыланған бұқашықтардың белсенділігін басу үшін қолданылатын препараттар, бұқашықтарды сұрыптау бойынша шешімдерді, тәуліктік тірілей салмақ өсімін және т.б. анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаруашылықтарда бұқашықтарды әр түрлі әдіспен піштіру (қанды, қансыз) жұмыстары жүргізіледі. Піштірудің тиімді және аурудың қаупін азайтатын әдістері ұсынылады. Қазіргі заманғы технологияларды (ультрадыбыстық сканерлер) пайдалана отырып, ет сапасын (еттің мәрмәрлігі мен тері астындағы майдың қалыңдығын) бағалау үшін келесі облыстардың (Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай) бордақылау алаңдарында зерттеулер жүргізіледі. Алынған нәтижелерді аймақ, тұқым, бағу және азықтандыру технологиясы бойынша ерекшеліктерге сай талдау жүргізіледі. Құрылған азықтандыру рационын пайдалану кезеңінде бордақылаудағы бұқашықтардың орташатәуліктік тірілей салмақ өсімі өзгерісін бақылау үшін монитонинг жүргізілетін болады. Ірі қара малды ұсынылатын сойыс салмағына дейін бордақылау мерзімдері зерттелетін болады. Қажет жағдайда рациондарға толықтыру енгізілетін болады. Теңдестірілген рациондарды енгізуге байланысты бордақылау алаңдарының экономикалық тиімділігі анықталатын болады. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының бордақылау алаңдарында сүт қышқылдары бактерияларына негізделген пробиотикалық препараттарды қосу және спирт өнеркәсібі қалдықтарын қолданудың бордақылаудың тиімділігі мен ұзақтығына әсері анықталатын болады. Осы азық қоспасын мал азығы рациондарына қосудың тірілей салмақ өсімі мен бордақылау мерзімінің ұзақтығына әсері зерттеледі. Экономикалық тиімділік анықталады. Алматы облысының бордақылау алаңдарында сүт қышқылдары бактерияларына негізделген пробиотикалық препараттарды қосу және спирт өнеркәсібі қалдықтарын қолданудың бордақылаудың тиімділігі мен ұзақтығына әсері анықталатын болады. Осы азық қоспасын мал азығы рациондарына қосудың тірілей салмақ өсімі мен бордақылау мерзімінің ұзақтығына әсері зерттеледі. Экономикалық тиімділік анықталады. Алматы облысының бордақылау алаңдарында сүт қышқылдары бактерияларына негізделген пробиотикалық препараттарды және крахмал және қант өнеркәсібі қалдықтарын қолданудың бордақылаудың тиімділігі мен ұзақтығына әсері анықталатын болады. Осы азық қоспаларын мал азығы рациондарына қосудың тірілей салмақ өсімі мен бордақылау мерзімінің ұзақтығына әсері зерттеледі. Экономикалық тиімділік анықталады. Алматы, Түркістан, Қостанай облыстарының ірі көлемді бордақылау алаңдарында туберкулез, бруцеллез және аусыл ауруларын анықтаудың жедел әдістеріне арналған диагностикумдардың өндірістік сынақтары жүргізіледі. Жаңадан игеріленген диагностикумдарды, белгілі диагностикалық препараттармен салыстыра сынау жүргізіледі. Жұмыс істейтін зертханалық үлгі жұмыс элементінің өлшемін, қыздыру элементтерінің қуатын, жұмыс элементінің температуралық тәртібін, цеолит қабатының қалыңдығын және жұмыс элементіне кептіруге қойылған барда қабатының қалыңдығын есептеу. Спирт бардасын кептіруге арналған контактілі кептіргіштің зертханалық үлгісінің тетіктері мен бөлшектері жасалынады. Бордақылау алаңында бастапқы есепті ұйымдастыру, зооветеринарлық іс-шараларды жоспарлау, шығындардың барлық түрлерін, пайданы, экономиканың негізгі және қосалқы өнімдерін сатуды, негізгі құралдардың тозуын және т.б. есептеу арқылы өндірістік процесті тиімді басқарудың экономикалық-математикалық модельдері игеріледі. Малды бағыттау және дәл идентификациялау жүйесін жұмыс күйіне келтіру іске асырылады. 1С бухгалтерлік есеп және RFID идентификациялау жүйелері сәйкестендіріледі жүйесі. Малды есепке алудың электрондық паспорты жасалды. Мал басы бойынша нақты шығындарды есепке алу жүйесі іске қосылады. Шаруашылықтарға электронды есептеу жүйесі енгізіледі. RFID технологиясы азықтандыру және оңтайлы рационды дайындау жүйелерімен кіріктіріледі. RFID мониторинг ескеріліп, технологиялық карталар және малды азықтандыру технологиялық процестеріндегі өзгерістер дайындалады. Малды мониторингтеудің қарапайым ГАЖ жүйесі әзірленеді. RFID негізінде малды жеке есепке алу бойынша есеп беру жүйесі игеріледі. " Ірі қара мал етін өңдеу" Шетел нарығына сұранысқа ие ұлттық ет өнімдерінің потенциалды өткізу, техникалық, экономикалық және басқа да талаптарына талдау жүргізіледі. Халықаралық тәжірибелер зерттеліп, жобаның негізгі талаптарының Қазақстан республикасының заңнамасына, халықаралық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ шет елдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігі анықталады. Ет және ет өнімдерінің ұлттық халал стандарты жобасының бірінші редакциясы әзірленеді. Ет өңдеу кәсіпорындарының тоңазытқыш жабдықтарының санитариялық жайын шайуда микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі. «Сүтті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды құру». Сүтті ірі қара малды сауу, ұстау және өсіруге байланысты қарқынды технологияның элементтері әзірленетін болады. Технологиялық үрдістің толық циклі жасалды (ұрықтандыру және ректалды тексеру, сиыр мен құнажындарды төлдеуге дайындау, бұзаулауды жүргізу, бұзау және табынды толықтыратын малды өсіру). Тауарлы шаруашылықтар жағдайында сиырды сауу және ұстаудың технологиялық параметрлері әзірленді, бұл бұзаудың қауіпсіздігін 5-6% -ға арттырып, 14-16 айларда алғашқы ұрықтандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әртүрлі меншік түріндегі шаруа қожалықтарында бұзауларға қаймағы алынбаған сүтті алмастырғыштармен (ҚАСА) сүттендірудің әр түрлі нобайын пайдалануға байланысты тәжірибе жүргізіледі. Нобайдың одан әрі кең таралуы арқылы ең тиімді нұсқасы анықталды. Бұзауды айыру кезінде стресске тұрақты әсер етудің негізгі себептері анықталынады (сүттендіру жүйесінің бұзылуы, сүттің ҚАСА ауыстырғанда т.б.). Бұзауларды сүттендіру кезінде технологиялық үрдістерді сақтағанда елдің әр түрлі аумағындағы (оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс) тәжірибелік шаруашылықтарда олардың өсу қарқыны сақталып, 10-15%-ға арттыруға көмектеседі. Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы тауарлы шаруашылықтардағы жергілікті азықтардың химиялық құрамы анықтап, химиялық талдауды ескере келе, есептеу арқылы азықтың лимитті жағдайларын (амин қышқылдарының құрамын, ақуыз, микро және макроэлементтер т.б.) шығарамыз. Әртүрлі түрдегі азықтандырғаштар мен заманауи биологиялық – дәруменді - минералды қоспаларды пайдалану арқылы азықтандыру рационының құрылымына оңтайландыру жасалынады. Салыстырмалы түрде малды күтуіне байланысты азық рационына биологиялық – дәруменді - минералды қоспаларды беріп, сонымен бірге аталған қоспаларды бермеген кездегі өнімділіктері зерттелінеді. Минералды қоспаларды пайдаланған кездегі экономикалық тиімділігі анықталынады. «Қой шаруашылығы саласындағы тиімді технологияларды әзірлеу» Буаздығының бірінші және екінші кезеңнің аралықтарындағы саулықтарға беретін тендестірілген азықтандыру рацион жасап және олардың өнімділігі анықталады. Малды қыста қорада ұстау кезенде әр түрлі жыныстық-жастық топтарының азықтандыру рациондарын жасау бойынша әдістемесіні әзірлеу үшін деректерді жинау және талдау. Тәжірибелер 2500 бас қойға Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтобе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Буаздығының бірінші және екінші кезеңнің аралықтарындағы саулықтарға беретін тендестірілген азықтандыру рацион жасап және олардың өнімділігі анықталады. Тұсақтар мен еркек тоқтыларға тендестірілген азықтандыру рацион жасап және олардың өнімділігі анықталады. Малды қыста қорада ұстау кезенде әр түрлі жыныстық-жастық топтарының азықтандыру рациондарын жасау бойынша әдістемесіні әзірлеу. Тәжірибелер 2400 бас қойға Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Ақтобе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Жылдың мезгіліне және аймаққа байланысты жайылым шөптерінің ботаникалық және химиялық құрамы зерттеледі. Ауыспалы жайылым технологиясын әзірлеу (кезектестіру, беткейлі жақсарту және жайылым қосымша себу). Жайылымға түсетін жүктемені зерттеу. Күзгі шиен бағу технологиясын зерттеу. Тәжірибелер 5500 бас қойға Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Химиялық құрамын және күзгі жайылым жемшөп қоректілігін анықтау. Буаздығының бірінші және екінші кезеңнің аралықтарындағы саулықтарға беретін тендестірілген азықтандыру рацион жасап және олардың өнімділігі анықталады. Қысқы-жайылымдық күтіп-ұстау бойынша әр түрлі жыныстық-жастық топтарының азықтандыру рациондарын жасау тұралы ұсыныстар әзірлеуге деректерді жинау және талдау. Тәжірибелер 3600 бас қойға Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Буаздығының бірінші және екінші кезеңнің аралықтарындағы саулықтарға беретін рационның энергетикалық қоректендіру тиімділігі зерттеліді және олардың өнімділігі анықталады. Зерттеу нәтижелері бойынша энергетикалық қоректендіру деңгейі толықтырылады. Тәжірибелер Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Туыт кезінде қозылардың есебі жүргізіледі және өсу мен дамуы зерттеледі. Шағылыстыру нұсқалары бойынша 2 мен 4 айлық жасында және бордақылаудан кейін еттін сапасы зерттеледі. Химиялық пен ботаникалық құрамы және сабақты, шырынды және құнарлы жемдердің қоректілігі зерттеледі. Бордақылауға алынған қой төліне азықтандыру рацион жасалады. Алматы, Жамбыл, Ақмола және Түркістан облыстарында бордақылау алдында және кейін қозылардың ет сапасы зерттеледі. Шағын индустрия инфрақұрылымын құру арқылы тондық қой терісін өндірудің, қайта өңдеудің және сақтаудың бәсекелестікке қабілетті технологиясы жасалады. Жергілікті флораның илегіш өсімдік заттар пайдалана отырып қой терісін өндірудің, қайта өңдеу және сақтау технологиясы әзірленеді. «Өнімді жылқы шаруашылығы саласында тиімді технологиялар дайындау». Сауын биелердің желін және үрпек пішіндері анықталады. Маусымдық және тұрақты бие сүтін өндірудің экономикалық тиімділігі анықталады. Бие сүті өндірісінің және асылдандыру есебінің жүйесі оңтайландырылады. Маусымдық және тұрақты бие сүтін өндірудегі механикаландырылған технологияларының элементтері енгізіледі. Механикаландырылған сауын қондырғысының тұрақты өткелегі дайындалады. Сауын маусым кезінде құлындарды қосымша жемдеу бойынша тәжірибелер жүргізіледі. Жергілікті жылқы тұқымдарының сүт өнімділігі бақылап сауу әдісі бойынша (n=100) анықталады. Шаруашылықтарда алдын-ала дайындалған жайылымды пайдалану технологиялары арқасында сүт өндіру 15-20% көбейеді. «Құс шаруашылығы саласының тиімді технологияларын жасау». Базалық шаруашылықтарда іскерлік жас тауықтың біртекті тобының шығымын 5,7%-ға және құс басының сақталушылығын 1,5%-ға көбейтуге жағдай жасайтын, торда ұсталатын тауықтардың жас тауықтарына лимиттелген жем беру технологиясы жасалатын болады. Жас тауықтар үшін шикі протеинге, лизинге, метионинге, цистинге және триптофанға қажеттілік нормалары жасалатын болады. «Алель Агро» АҚ-да тауықтардың жұмыртқа-лағыштығы 4%-ға, жұмыртқаның салмағы 2%-ға, құс басының сақталынғыштығы 98% дейін арттырылатын болады. 1000 жұмыртқаға жем шығындары 3%-ға төмендетілетін болады. Жекелеген шаруашылықтар үшін суда жүзетін құстардың өнімділігін, сақталғыштығын арттыру және инкубациялық көрсеткіштер бойынша жасыл массадан түйіршіктелген жем өндірудің ең жарамды технологиясы ұсынылатын болады. Іскерлік жас тауықтың біртекті тобының шығымын 5,7%-ға және құс басының сақталушылығын 1,5%-ға арттыруға жағдай жасайтын, жас тауыққа лимиттелген жем беру технологиясы жасалатын болады. Жас тауықтар үшін шикі протеинге, лизинге, метионинге, цистинге және триптофанға қажеттілік нормалары жасалатын болады. Тауықтардың жұмыртқалағыштығы 4%-ға, жұмыртқаның салмағы 2%-ға, құс басының сақталынғыштығы 98% дейін арттырылатын болады. 1000 жұмыртқаға жем шығындары 3%-ға төмендетілетін болады. "Түйе өнімдерін өндіру " Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірінің 11 шаруашылығында арвана және бактриан тұқымды аналық түйелердің сүт өндіру рентабельділігі 30-45% 1200 басқа 10 айда сүт майлылығы кемінде 4,2%, 2550 кг-1500 кг сүт беретін технология жасалады. Осы шаруашылықтарда түрлі жыныстық-жастық топтағы 6300 бас түйеден биязы жүн (түбіт) өндірудің технологиясы әзірленді, түйе тұқымдарының әр түрлі жыныстық-жас топтары бойынша түбіт талшықтарының орнатылған олардың ұзындығы мен жіңішкелігі бойынша іріктеу критерийлері анықталады. «Панталы бұғы шаруашылығы (марал шаруашылығы) саласында тиімді технологияларын құру». Мал өнімдерінің (марал пантысы) және жас төлдердің шығымы арттыралатын болады. Маралдарды азықтандырудың оңтайлы технологияларын анықтаумен оларды ұстаудың әртүрлі әдістері кезінде панты құрамындағы амин қышқылдарының құрамы анықталды. «Ара шаруашылығы саласында тиімді технологияларын құру». Қажетті заттармен байытылған сахарозды ашыту арқылы жаңа азықтарды дайындау әдістемесін әзірлеу. Негізгі шаруашылықтарда ара отбасыларының (10 отбасы) өнімділігіне жасалған азықтандыру түрінің әсерін нақтылау. Ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндіру үшін экономикалық-тиімді сараптама жасау. Ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігіне сараптама жасалады.
01.03 «Мал шаруашылығының салалары бойынша қарқынды "Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Омбаев Абдирахман Молданазарович «Етті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды игеру» Өткен жылдарда алынған мәліметтер негізінде буаз сиырларды теңгерілімді азықтандыру, мал төлдетуді квалификациялы жүргізу, бұзау өсіруде зоогигиеналық талаптарды сақтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілетін болады. Енелерінен бөлу кезіндегі бұзаулар шығымдылығын арттыру бойынша ұсыныс дайындалатын болады. Сиырларды көктемде және күзде ректальді тексеру және УДТ диагностика әдістерін пайдалануға негізделген акушерлік-гинекологиялық диспансерлеу жүргізілетін болады. Сиырларды емдеудің тиімді әдістері бойынша іс-шаралар атқарылады. Жас тұқымдық-бұқалардың ұрық сапасы бағаланатын болады. Сиырлардың жалпы санына шаққанда буаз малдың үлес салмағы анықталады. Репродукторлық мүшелері ауруға ұшыраған сиырлар саны айқындалады. Акушерлік-гинекологиялық ауруға ұшыраған сиырларды емдеу бойынша ұсыныс игеріледі. Бірнеше жыл қатарынан өсімдіктер ассоциацияларының типтері бойынша контурлар өзгерісін анықтау мақсатында жайылымдық алқаптарға қосымша геоботаникалық зерттеу жүргізілетін болады. Жайылымдық кезеңнің соңында жыныс жас мөлшерлері түрліше малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы анықталады. Зерттеулердің барлық кезеңі аралығында жыл маусымдары бойынша жайылымның өнімділігіне, малдың тірілей салмақ өзгерісіне және қоңдылығына салыстырмалы талдау жасалынады. Әр аймаққа арналған жайылымды тиімді пайдалану бойынша нақты ұсыныстар игерілетін болады. Жайылымда малды жыл мезгілдері бойынша бағудың тиімді ұсыныстары (жайылымда малды бағудың шекті мөлшері, мал азығы қоры мен жайылым алмастырулардың тиімді сызбасы) республиканың 7 облысындағы жетекші асыл тұқымды шаруашылық-тардың жайылымдық алқаптарында жүргізілген зерттеулер мен цифрлы технологияларды пайдалану нәтижелеріне сай, игерілетін болады. Мал санына байланысты мал азықтық дақылдарды егу сызбасы игеріліп, кейіннен олардың өнімділігі анықталады. Мал азығын дайындау мен сақтаудың ғылыми-негізделген әдістері ұсынылатын болады. Дайындалған мал азықтарының химиялық құрамы анықталып, малды қолда бағуға детальді рациондарды қолдану ұсынылатын болады. Детальді рационды пайдаланудың экономикалық тиімділігі есептеледі. Аймақтар ерекшеліктері мен мал азықтарының өзіндік құнын ескеріп, малды қыста бағуды ұйымдастыруда теңгерілімді рациондарды қолдану бойынша тиімді ұсыныстар игерілетін болады. Тәжірибедегі және бақылаудағы мал топтарын өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Қысқы жайылымдағы мал мен қорада бағылған малдың салыстырмалы экономикалық тиімділігі анықталынады. Жайып семірту кезінде бақылауда тұрған малдың қоңдылығы жөнінде мониторинг жүргізіледі. Зерттеулер нәтижесіне ірі қара малын қысқы жайылымда бағудың экономикалық тиімділігі жөнінде ұсыныстар игеріледі. Жылдың әр мезгілінде (күзде, қыста, көктемде, жазда) туылған бұзаулардың өсіп-жетілуі мен тірі салмағының өзгеру қарқыны зерттеледі. Былтырғы және биылғы зерттеулер нәтижесі бойынша табиғи-климаттық аймақтарға байланысты сиырлардың тиімді төлдеу мерзімдері бойынша ұсыныстар игеріледі. Мал жайылымындағы тәжірбиедегі бұзауларға 3 ай көлемінде қосымша азықпен азықтандыру жұмыстары жүргізіледі. 2 топтағы бұзаулардың да енелерінен бөлінгеннен кейінгі салмақ өлшемдері алынады. Қосымша азықтандырудың тиімділігі анықталынады. Бұзауларға азықтық қосымшалар берудің тиімді мөлшері белгіленеді. Жайылымдағы бұзауларды қосымша азықтандырудың экономикалық тиімділігі есептелінеді. Бұзауларды қосымша азықтандырудың экономикалық тиімділігі жөнінде ұсыныстар игеріледі. Орташа және ұсақ тауарлы шаруашылықтарда аналық сиырларды төлдетудің тиімді технологиясы мен мерзімдері, бұзауларды өсіріп-бағу технологиясы, азық қоры мен жайылым жөніндегі қолданыстағы технологияларға сараптау жүргізіледі. Экономикалық тиімділік анықталады. Зерттеулер нәтижесі бойынша республика аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларына байланысты сиырларды тиімді төлдету мерзімдері және бұзауларды туылғаннан бастап енесінен бөлінгенге дейінгі кезеңде өсіру технологиясы бойынша ұсыныстар жасалынады Үш облыстың (Алматы, Ақмол, Қостанай өңірлер) тауарлы шаруашылықтарында бұзауларды әр түрлі технологиямен күтіп бағуда төсеніштің шығымы анықталатын болады. Алынған мәліметтер негізінде төсеніштің негізгі түрлерін 1 басқа/тәулігіне пайдалану мөлшері бойынша ұсыныстар жасалынады. Бұзауларды жаздың соңы және күзгі жайылымдарда бағу кезінде минералды қоспаларды пайдаланудың төлдің өсуіп-жетілуіне әсері, зерттеу топтарындағы малдың тірілей салмағының ұлғаюы зерттеледі. Отандық және шетелдік өндірушілердің минералды азық қоспаларын азықтандыру рационына қосудың экономикалық тиімділігі анықталады. көктемгі жайылымдарды күтіп-ұстау кезінде жануарлардың зерттеу топтарының тірі салмағының ұлғаюы зерттеледі. Отандық және шетелдік өндірушілердің минералды азық қоспаларын азықтандыру рационына қосудың экономикалық тиімділігі анықталады. Жас, жыныс ерекшеліктері түрліше мал топтарының рациондарына минералдық қоспаларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленеді. Орта және кіші бордақылау алаңдарында бұқашықтарды піштіру әдістері, бордақыланған бұқашықтардың белсенділігін басу үшін қолданылатын препараттар, бұқашықтарды сұрыптау бойынша шешімдерді, тәуліктік тірілей салмақ өсімін және т.б. анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаруашылықтарда бұқашықтарды әр түрлі әдіспен піштіру (қанды, қансыз) жұмыстары жүргізіледі. Піштірудің тиімді және аурудың қаупін азайтатын әдістері ұсынылады. Өткен кезеңде зерттеулер жүргізілмеген шаруашылықтар бойынша бордақылау алаңдарында қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен (ультрадыбыстық сканерлер) ет сапасын бағалау (еттің мәрмәрлігі, тері астындағы майдың қалыңдығы) жүргізіледі. Алынған нәтижелерді аймақ, тұқым, бағу және азықтандыру технологиясы бойынша ерекшеліктерге сай талдау жүргізіледі. Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орташа және шағын бордақылау алаңдарында (500 басқа дейін) малды азықтандыру рациондары, абсолютті және орташатәулік тірілей салмақ өсімі, бордақылау мерзімдерінің ұзақтығы, 1 басқа шаққанда 1 кг салмақ өсіміне мал азығы шығындары зерттеледі. Мал азығы құнарлылық құндылығын анықтау үшін азық сынамалары алынатын болады. Алынған нәтижелердің негізінде орташа және шағын бордақылау алаңдарында малдың тірілей орташатәуліктік салмақ өсімін кем дегенде 6-8%-ға арттыруға мүмкіндік беретін, негізгі қоректік заттары теңдестірілген азықтандыру рациондары әзірленетін болады. Құрылған азықтандыру рационын пайдалану кезеңінде бордақылаудағы бұқашықтардың орташатәуліктік тірілей салмақ өсімі өзгерісін бақылау үшін монитонинг жүргізілетін болады. Ірі қара малды ұсынылатын сойыс салмағына дейін бордақылау мерзімдері зерттелетін болады. Теңдестірілген рациондарды енгізуге байланысты бордақылау алаңдарының экономикалық тиімділігі анықталатын болады. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бордақылау алаңдарында туберкулез, бруцеллез және аусыл ауруларын анықтаудың жылдам әдістеріне арналған диагностикумдарды өндірістік сынау жүргізіледі. Жаңадан игеріленген диагностикумдарды, белгілі диагностикалық препараттармен салыстыра сынау жүргізіледі. Барда кептіруге арналған эксперименттік контактілі кептіру қондырғысы әзірленетін болады. Қондырғыны іске қосу-үйлестіру жұмыстары жүргізілетін болады. Барданы кептірудің технологиялық көрсеткіштері зерттеледі. Бордақылау алаңдарында, өндірісті жүргізудің дәстүрлі әдісімен салыстырмалы түрде, RFID жүйесін пайдаланудың эконо-микалық тиімділігі зерттелетін болады. " Ірі қара мал етін өңдеу" Стандарттық жоба мүдделі ұйымдарға пікір алу үшін тарату. Келісуші органдарға алынған пікірлерді талдап, қабылданған және қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстарды жинақтарды енгізе отырып жинама анықтама беріледі. Ұлттық стандарт жобасының соңғы редакциясы әзірленіп мемлекеттік тілге аударылады. Мүдделі ұйымдарға қайта келісу және дауысқа салу үшін таратылатын болады. Ет және ет өнімдерін сақтау мерзіміне тоңазытқыш жабдықтардың санитарлық жағдайының әсері зерттеледі. Алынған нәтижелер камеральды өңдеуден өткізіледі, жылдық және патенттік есеп беріледі. Ет және ет өнімдерін сақтау мерзіміне тоңазытқыш жабдықтардың санитарлық жағдайының әсері бойынша әдістемелік ұсыныстар беріледі. «Сүтті ірі қара шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды құру». Бұзауды залалсыздандырудың заманауи әдістері зерттелініп, әртүрлі препараттарды қолдану арқылы залалсыздан-дырудың түрлі нобайын пайдалана отырып тәжірибелер жүргізі-леді. Зоогигиеналық талаптарға сәйкес қара - жайдың микроклиматы зерттелінеді. Бұзауды залалсыздандырудың ең тиімді әдісі анықталынып, олар кеңінен таратылады. Үш базалық шаруашылықтарда (n = 200) жұмыс жүргізу отылып, малға стресс тудыратын негізгі себептері анықталынып, олардың технологиялық үрдістері зерттелінеді. Бөлгішті пайдалану немесе пайдаланбауға байланысты малдың өнімділігі зерттелінеді. Арнайы бөлгіш өндірісінде малға аз стресс тудыратын, қолдану тімділігі жоғары қызмет жасайтын әдістеме әзірленеді. Тәжірибелі шаруашы-лықтарда пайдаланған мал азықтарының химиялық құрамы мен нәрлілігін анықтау үшін азық үлгілері алынып, сауын және туу уақыты жақын қалған сиырларға қажетті негізгі сіңімді заттар белгілі болды. Әр тәжірибелі шаруашылықтардағы бар азық қорының нәрлілігін негізге ала келе, сауын және туу уақыты жақын қалған сиырларға нормаға сәйкес компьютерлік база мәліметтері жасалынады. Сиырдың сүттілігіне мониторинг жасай отырып, жыл бойы азық рационына өзгертулер енгізіледі Республика нарығында сатылатын 10 кем емес әртүрлі құрама жемге таңдау жүргізіледі. Оларға нәрлілік құндылығына байланысты сынамаларға химиялық талдау жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысындағы 1 базалық шаруашылық пен Алматы облысындағы 2 шаруашылықта 50 бастан кем емес сүтті малдарға әртүрлі құрама жемді пайдалану арқылы тәжірибе қойылып, олардың түрлі нәрлілік құндылығы ескере келе, сауын сиырлардың сүт өнімділігі анықталынады. Шаруашылыққа әртүрлі құрама жемді пайдалануға байланысты экономикалық есеп жүргізіледі. «Қой шаруашылығы саласындағы тиімді технологияларды әзірлеу» Жайылымдардың ұзақ мерзімді өнімділігін қамтамасыз ету үшінтоларды пайдаланудың рационалды тиімды жүйесін даярлау, маусым және жылдық мерзімде ауыстырылып тұрылуын жүргізу. Шабындық шөпті қалпына келтіру және жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу және әртүрлі аймақтардағы жайылымдар ротациялары схемаларын жасау. Тәжірибелер 6000 бас қойға Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Тұсақтар мен еркек тоқтылар үшін теңдестірілген азықтандыру рацион жасау, олардың өнімділігін анықтау. Жайылым жағдайында қойларды қыста ұстап азықтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Тәжірибелер 3600 бас қойға Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы шаруашылықтарда жүргізілетін болады. Тұсақтар мен еркек тоқтылардың рациондағы минералды қоспалардың тиімділігін зерттеу, олардың өнімділігін анықтау. Жемшөп химиялық құрамы нәтижелерін негізге ала отырып, минералды қоспалар толықтыры-лып және рецепт анықталады. Тәжірибелер Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарын-дағы шаруашылық-тарда өткізілетін болады. «Өнімді жылқы шаруашылығы саласында тиімді технологиялар дайындау». Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сүтті жылқы шаруашылықтарындағы өндірістік үдерістерді тиімді басқарудың моделі дайындалады. Сайлы шаруашылық-тарда бие сауудың мобильді қондырғы-ларына сынақ жүргізіледі. Модельді ферма жағдайында биелерді сауу, азықтандыру, бағып-күтудың технологиялық үдерістерін басқару бойынша семинарлар жүргізіледі. «Құс шаруашылығы саласының тиімді технологияларын жасау». Алмасу энергиясы, шикі протеин, аминқышқылдық, минералдық құрам бойынша жас тауықтарға және ересек тауықтарға жем беру жөнінде ұсыныстар жасалатын болады. Жас тауықтың және ересек құстың қанының гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштері зерттеле-тін, организмнің иммунндық мәртебесі зерттелетін, тағамдық жұмыртқаның сапалық көрсеткіштері (жұмыртқаның салмағы, қабығының қалыңдығы, йодтың және басқа микроэлементтердің және дәрумендердің мөлшері) зерттелетін болады. Жасыл конвейердің негізінде түйіршіктелген жем өндірудің ұсынылған технологиясы өндіріске енгізілетін болады. Алмасу энергиясы, шикі протеин, аминқышқылдық, минералдық құрам бойынша жас тауықтарға және ересек тауықтарға жем беру жөнінде ұсыныстар жасалатын болады. Жас тауықтың және ересек құстың қанының гематологиялық және биохимиялық көрсет-кіштері зерттелетін, организмнің иммун-дық мәртебесі зерттелетін, тағамдық жұмыртқаның сапалық көрсеткіштері (жұмыртқаның салмағы, қабығының қалыңдығы, йодтың және басқа микроэлементтердің және дәрумендердің мөлшері) зерттелетін болады. "Түйе өнімдерін өндіру " Отандық тұқымды түйе өнімділігін арттырудың түйе өнімін дәстүрлі-қолданылатын технологиямен салыстырғанда 30-45% -ға арттыратын қарқынды техноло-гиясы жасалады. «Панталы бұғы шаруашылығы (марал шаруашылығы) саласында тиімді технологияларын құру». Өнімнің шығымы (марал пантысы) және жас төлдердің шығымы арттырылатын болады. Қазақстанның марал шаруашылықтарында марал пантысын терең қайта өңдеу технологияларын одан әрі енгізу үшін ғылыми-негізделген технологиялар дайындалды. Жоғары қосымша құнмен экспортқа бағытталған органикалық өнім алу үшін марал пантысын қайта терең өңдеудің технологиялары дайындалды. «Ара шаруашылығы