ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ
ЖТНBR06249216, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК01288
Атауы«Мал шаруашылығы салалары бойынша селекцияның тиімді әдістерін игеру»
Басымдық бағытыУстойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции
Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер
Өтінім берушіТоварищество с ограниченной ответственностью "Казахский научно-исследовательский институт животноводства и кормопроизводства"
Ғылыми жетекшіМусабаев Бакитжан Ибраимович
МҒТС балдары23.67
Жалпы бекітілген сома849000000
КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Реферат (Абстракт) - 2018 жыл
Реферат (Абстракт) - 2018 жыл
Реферат (Абстракт) - 2019 жыл
2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)
2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)
Реферат (Абстракт) - 2020 жыл
2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)
2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)
Реферат (Абстракт) - 2020 жыл
01 |
«Мал шаруашылығы салалары бойынша селекцияның тиімді әдістерін жасау» |
"Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Мусабаев Бакитжан Ибраимович |
«Қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылындағы тиімді селекциялық әдістерді әзірлеу»
Тауарлы қойлармен етті тұқымды қойларды будандастырудың салыстырмалы нәтижелерімен әдістеме әзілеу және оларды әртүрлі аймақтарда пайдалану туралы нақты әдістемесі беріледі. Облыстар бойынша қой басының қамтылуы 15800 басты құрайды: Алматы - 5200 бас, Жамбыл - 1500 бас, Карағанды - 1300 бас, Атырау - 1300 бас, Батыс Қазақстан – 1300 бас, Түркістан – 2600 бас, Солтүстік Қазақстан – 1300 бас, Шығыс Қазақстан – 1300 бас. Будандастырылған етті қозылардың сойыс және етті сапалығы зерттеліп және будандастырудың әртүрлі нұсқаларының экономикалық тиімділігі анықталады. Республиканың өңірлері бойынша: Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары 49400 басты құрайтын қой басының барлық бағыттарындағы өнімділігі бойынша өз төлінен өсіп-өңудің ең озат және оңтайлы технологиялар ұсынылады. Қойларды қолдан ұрықтандыру әдістерінің және қой шаруашылығындағы оңтайлы технологияларды қолдану тиімділігі мен ұсынысы беріледі. Ұрықты қатыру технологиялары мен аталық текенің ұрығын криоконсевациялау үшін ортаның құрамын сынау жұмыстары өткізіледі. Аталық текенің ұрығын алу және криоконсервациялау технологиялары бойынша ұсыныс дайындалады. Зерттеу жұмыстары Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жүргізіледі. Қой басының жалпы саны 1060 басты құрайды. Аталық текелерді күту және ешкілердің туу қабылеттілігі сапалығының экономикалық тиімділігі беріледі.
Отандық қой тұқымдарымен будандастыру аймағын кеңейту үшін дорпер, гемпшир және гиссар қой тұқымдарының ұрық-қошқарлары қосымша сатып алынатын болады. Өндіре және сіңіре будандастырудан алынған төлдердің шығу тегін анықтау мақсатында бірнуклеотидті полиморфизм негізінде сатып алынған ұрық-қошқарларға генетикалық ДНҚ тест жасалынатын болады.
Биязы жүнді қой шаруашылығында қойлардың шаруашылық-пайдалы белгілерін жетілдіру бойынша селекциялық бағдарлама жасалады. Қазақстан мериносы, етті мериносы, оңтүстік қазақтың мериносы, қазақтың арқармериносы, қазақтың биязы жүнді қойлардың генетикалық әлеуеті анықталып және 28,0 мыңнан астам саулықтардын басын құрайтын негізгі шаруашылықтардың асыл тұқымды отарлардың шаруашылық-пайдалы белгілеріне және өңдіру сапалығына баға беріледі. Тірі салмағы 58-68 кг, жуылған жүн түсімі 3,2-3,8 кг, талшық жіңішкелігі 18-21 мкм, шығару кезінде 56-63% болатын саулықтардың селекциялық топтары мен жоғары өнімді отарлары құрылады. Қойлардың шаруашылық- пайдалы белгілерін жетілдіру және сақтау бойынша ұсыныс жасалып шығарылады. Бірнуклеотидті полиморфизм негізінде қазақтың биязы жүнді қойы тұқымы популяциясының генетикалық профилі анықталатын болады. Осы мақсатта Қазақстанның түрлі аймақтарында өсірілетін 2000 қойдан биологиялық сынама алынады. Бірнуклеотид мөлшерінде ДНҚ ретін анықтау, ДНҚ бөлу және генотиптеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Биязылау жүнді қой шаруашылығында қойлардың шаруашылық-пайдалы белгілерін жетілдіру және сақтау бойынша селекциялық бағдарлама жасалады. Келесі селекциялық отарларындағы шаруашылық-пайдалы белгілерді жетілдіру жұмыстары жасалады: - қазақтың етті тез жетілгіш биязылау жүнді тұқымы 2000 бас, тірі салмағы 60-65 кг және жуылған жүн түсімі 2,2-2,6 кг құрайды; - қазақтың етті жүнді тұқымы 1000 бас, тірі салмағы 58-62 кг және жуылған жүн түсімі 2,3-2,8 кг құрайды; - қазақтың биязылау жүнді кроссбред жүні тұқымы 300 бас, тірі салмағы 56-60 кг және жуылған жүн түсімі 2,2-2,7 кг құрайды; - ақжайықтың етті-жүнді қой тұқымы 2200 бас, тірі салмағы 60-62 кг және жуылған жүн түсімі 2,5 кг құрайды; - цигай тұқымды қойлардың етті-жүнді қазақтың типі 500 бас, тірі салмағы 52-55 кг және жуылған жүн түсімі 2,3-2,5 кг құрайды.
Бірнуклеотидті полиморфизм негізінде ақжайық қой тұқымы популяциясының генетикалық профилі анықталатын болады. Осы мақсатта Қазақстанның түрлі шаруашылықтарында өсірілетін 2000 қойдан биологиялық сынама алынады. Бірнуклеотид мөлшерінде ДНҚ ретін анықтау, ДНҚ бөлу және генотиптеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Етті-майлы қой шаруашылығында қойлардың шаруашылық-пайдалы белгілерін жетілдіру және сақтау бойынша селекциялық бағдарлама жасалады. Жасалатын жұмыстар:- қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойлардың «Аққарабас» жаңа тұқымының ақ немесе ақшыл-сұр түсті қылшық жүнді және жоғары етті-майлы сапасы бойынша селекциялық отарларында саулықтардың саны 3,5 мың басты құрайды, тірі салмағы 66-68 кг және жуылған жүн түсімі 2,3-2,5 кг болады; - жоғары өсімталдығы (100 саулыққа шаққанда 120-125 қозы) еділбай тұқымының жаңа зауыттық сүлесінің саулық отары құрылады; - сойыс етті сапасына қарағанда өздерінің құрдастарын 5-10% асып түсетің айрықша етті пішінді, құйрықты қойлар тұқымының жоғары өнімді отар құрылады. Еділбай, сарыарқа, қазақтың қылшық жүнді құйрықты, қазақтың жартылай қылшық жүнді құйрықты, дегерес және ордабасы қой тұқымдары бойынша жалпы саны 15000 бас болатын саулықтардың селекциялық топтары құралады. Қазақтың қылшық жүнді құйрықты тұқымының байыс типті қойлардың шаруашылық-тиімді белгілерін жетілдіру бойынша селекциялық әдістерді қолданып және жаңадан шығарылып жатқан қылшық жүнді құйрықты қойлармен асыл тұқымдық жұмысы бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Бірнуклеотидті полиморфизм негізінде қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы мен сарыарқа тұқымы популяцияларының генетикалық профилі анықталатын болады. Осы мақсатта Қазақстанның түрлі аймақтарында өсірілетін қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы тұқымы қойларынан – 2000, сарыарқа тұқымы қойларынан 2000 биологиялық сынама алынады. Бірнуклеотид мөлшерінде ДНҚ ретін анықтау, ДНҚ бөлу және генотиптеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Елтірілі қой шаруашылығы. Қазақстанның оңтүстік- батыс өңірінде жоғары өнімді елтірілік бағытындағы қойлардың жоғары бағалы генотипін құруы, көбейтудін қарқынды селекциялық-генетикалық әдістерін қамтитын және елтірілік қой тұқымының шаруашылық-тиімді белгілерін жетілдіруге бағытталған кешенді селекциялық бағдарлама жасалады. Көбейтудің белгілі дәстүрлі технологиясымен салыстырғанда, жасалған селекциялық бағдарламада ауыл шаруашылық құрылымдарына әртүрлі меншік нысандарын еңгізуі, елтірілі қой шаруашылығының табыстылығын 10,0- 15,0% өсіруге жағдай жасалынады. Қазақстанның оңтүстік- батыс өңірінде шаруашылық-пайдалы елтірілік қой тұқымын сақтау және жетілдіру бойынша ұсыныс дайындалады. Ешкі шаруашылығы. Сүтті ешкілердің шаруашылық-пайдалы белгілерін сақтау мен жетілдіру бойынша селекциялық бағдарлама дайындалады. Жалпы саны 1500 бас, тірі салмағы 48-52 кг, лактация кезінде 600-700 кг сүттін мөлшерін беретін, тұқымаралық будандастыру және ешкілерді шетелдік селекция репродуктор бойынша асылтұқымдық көбейту әдісі бойынша сүтті ешкі саулықтарының селекциялық отарасы құрылады.
Шошқа шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін жасау». Қазақстан Республикасында шошқа шаруашылығының пайдаланылатын тұқымдық құрамы зерттеледі және баға беріледі және республика шаруашылықтарында шошқалардың әр тұқымдарының асыл тұқымдық шошқаларының генетикалық әлеуеті анықталады, бұл әр тұқымға жекелей минималды генетикалық параметрлерін тағайындау арқылы экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
Әртүрлі өңірлерде түрлі тұқымдардың өсімпаздықтары, бордақылануы және сойыстық сапасы бойынша генетикалық әлеуеті анықталады, бұл негізгі көрсеткіштері бар генетикалық әлеуеттен 15 %- ға жоғары болатын негізгі аталық шошқаларды іріктеу арқылы көтеруге мүмкіндік береді, бұдан өсімпаздық 10%-ға, бордақылануы 15% -ға және сойыстық сапасы 25%.-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Базалық шаруашылықтарда аталық шошқалар мен аналық шошқалардың отандық тауар өндірушілердің шетелдік асыл тұқымдық өнімге тәуелдігін төмендетуге мүмкіндік беретін, өсімпаздықты 8%-ға, бордақылануды 10% -ға және сойыстық сапасын 15%.-ға арттыруға мүмкіндік беретін генеалогиялық қатыстылығы анықталады және тұқымішілік іріктеу және пайдалану жүргізіледі. Шаруашылықтың экономикалық тиімділігі, бір аналық шошқаның төлдеуінің түсетін таза түсімнің артуы есебінен – 12627,3-39444,4 теңгені, ал табыстылық 28,4-41,6 %-ды құрайды.
Жасалған іс-шараларды ендіру генетикалық жақсартудың жыл сайынғы жиынтық тиімділігінен жылына бір сойыстық басқа 750 тг мөлшерінде, көптөлділікті арттыру 10-15 %, энергияның өсуі 20 %, жемазықтың конверсиясын қысқарту есебінен 15 %-ға арттыруға мүмкіндік мүмкіндік береді..
Мына белгілері бойынша генетикалық әлеуеті арттырылды: көптөлділік 11-12,5 торай бір ұяда, сүттілігі – 58-62 кг., тез өсуі – 180-187 күн, ортатәуліктік өсімі – 680 -720 г., шошқаның қыртыс майының қалыңдығы – 2,2-2,6 мм. жемазықтың конверсиясы - 3,8 – 4,0 кг. Шаруашылықта жасанды ұрықтандыру кең таралады.
Республика бойынша өңірлік деңгейде өсіру жүйесі жасалған, бұл экономикалық тиімділікті жоғары генетикалық әлеуетті өз толықтырма төлімен қамтамасыз етудің есебінен 30%-ға арттырады. Логистикаға және тасымалдауға шығындар төмендейді. Барлық өңір бойынша әкелік желілерді іріктеу жүйесі жетілдірілген, өсімпаздық 10%-ға, бордақылануы 15% -ға және сойыстық сапасы 25%.-ға арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір облыстың ерекшелігін ескере отырып, республика бойынша селекциялық-гибридтік орталықтар ашу қажеттігі анықталады, экономикалық тиімділігі беріледі, асыл тұқымдық төлдерге сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс қуаттылығы анықталады. Бұл таза текті және будан төлдерді шығарудың меншікті жүйесін жасауға мүмкіндік береді. ААЖ базаларын пайдаланудың және өсіруде пайдаланатын әдістерді талдаудың арқасында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстардың экономикалық тиімділігі 30%-ға артты. Тұқымішілік және тұқымаралық будандастыру әдісі арқылы өнеркәсіптің экономикалық тиімділігін 20% -ға арттыру. Барлық шаруашылықтардың бүкіл асылтұқымдық қорларын пайдалану есебінен шаруашылықтың тиімділігін арттыруға жол беру.Асылтұқымды төлдерді таңдап алу және көрсеткіштерді 25%-ға жақсартатын әкелік желілерді іріктеу үшін ең аз көрсеткіштерге ұсынымдар ұсынылады. ААЖ-да біріктірудің жергілікті жүйесі шааруашылықтың көрсеткіштерін 20%-ға жақсартатын тұқымішілік және тұқымаралық іріктеу жүргізуге мүмкіндік береді. Азықтандырудың технологиялық шешімдерін, асыраудың, шаруашылықтың ветеринарлық және биологиялық амандығын қоса алғанда, төлдерді өсірудің технологиясы ендірілген. Сүттің шығыны 0-21 күндік жаста 25%-ға және 21 – 60 күндік жаста 10%-ға төмендейді.. Торайлардың бір ұядан шығымы орта есеппен 2,3 басқа артады.. Өндіріс табыстылығы 27%-ға ұлғаяды. Торайларды азықтандырудың жаңа технологиялық шешімдері жасалады, бұл стартералдылық және стартерлік жемазықтардың шығынын 42%–ға төмендетуге мүмкіндік береді.Тұрақты температураны ұстау бойынша технологиялық шешімдер – ветеринарлық дәпі-дәрмектердің шығынын 8% –ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жұқпалы ауруларды ертерек диагностикалау және анықтау жөнінде ұсынымдар берілген, бұл мал басының сақталуын 35-ға арттыруға, бір басты алдын-ала емдеу және вакцинациялаудың шығынын 2500 теңгеге азайтуға мүмкіндік береді.
«Ара шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін құру».
Оқшауланған жерлерде краин ара тұқымдарының ұрықтық ара аналықтарын алу үшін модификациялық технологиясын өңдеп енгізу. Краин ара тұқымдарының аналықтары қолайлы ұшуы үшін түрлі табиғи-климаттық аймақтарда мониторинг жүргізіледі. Негізгі шаруашылықтарда ОҚО, Төлебий ауданы - «Мирсидиков» ЖК, ОҚО, Төлебий ауданы - «Нормухамедов» ЖК, ОҚО, Қаратау ауданы - «Демидов» ЖК, ШҚО Глубоковский ауданы -«Сыкунов» ЖК –да 30 краин тұқымды ұрықтық аналықтарды алу және ұрықтың (20 ұрықтық аналық) сіңу дәрежесін зерттеледі.
Қазақстанның шығыс және оңтүстік өңірлерінде аймақтық аралар тұқымын іріктеу және көбейту әдістері жетілдірілетін болады. Оқшауланған жерлерде ұрықтанған аналық араларды алу технологиясын енгізу және жасау.
|
01.01 |
«Мал шаруашылығы салалары бойынша селекцияның тиімді әдістерін жасау» |
"Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Мусабаев Бакитжан Ибраимович |
«Қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылындағы тиімді селекциялық әдістерді әзірлеу».
Жоғары өнімді таза қанды гиссар, ромни-марш, гемпшир, иль-де-франс, дорпер тұқымды аталық қошқалар және олардың қатырылған ұрығы сатып алу және әкелу. Шетелдік генофондты қандай шаруашылықтардың негізінде пайдалану бойынша мониторинг жүргізіледі. Шетелдік тұқымды бастапқы қой басында таңдау жобасы және аталық қошқарларды азықтандырудың үйлестірілген рационы құрылады. Тәжірибе жүргізілетін саулықтарға қолдан ұрықтандыру жүргізіледі. Жалпы саны 3800 бас құрайтын саулыққа тәжірибе жұмыстары: дорпер қой тұқымы бойынша –Алматы, Түркістан облыстарында, иль-де-франс тұқымы бойынша – Алматы облысында, гемпшир тұқымы бойынша – Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, ромни-марш тұқымы бойынша – Жамбыл облысында, гиссар тұқымы бойынша – Атырау, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізіледі.
Отандық қой тұқымдарымен будандастыру аймағын кеңейту үшін дорпер, гемпшир және гиссар қой тұқымдарының ұрық-қошқарлары қосымша сатып алынатын болады. Өндіре және сіңіре будандастырудан алынған төлдердің шығу тегін анықтау мақсатында бірнуклеотидті полиморфизм негізінде сатып алынған ұрық-қошқарларға генетикалық ДНҚ тест жасалынатын болады.
Қойларды қолдан ұрықтандыруды тиімді пайдалану бойынша жаңа әдістемелерді меңгеру және мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Қатырылған ұрықты пайдалану негізінде қолдан ұрықтандырудың лапароскопиялық әдісін өткізу және оңтайлы технологиялық шешімдерін жасап шығару. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарындағы базалық шаруашылықтарда қошқарлардың жаңадан сұйытылған және қатырылған ұрығын қолданып, 24000 басты саулықтарды церквиальді әдісімен, 200 басты лапароскопиялық әдіспен қолдан ұрықтандырады. Жасалатын жұмыстар:
- ұрықтың сапасын алу және зерттеу үшін аталық текелерден тәжірибе топтарын құрау; аталық текелердің ұрығын криоконсервациялау және ұрықты қатыру технологиялары үшін ортаның құрамын сынау; ұрықтану қабілеттілігін зерттеу үшін, аталық текелердің қатырып-ерітілген ұрығымен ешкілерді қолдан ұрықтандыру; заанен тұқымды аталық серкелерді және аналық ешкілердің селекциялық отарларының өнімділік сапасына баға беру және мониторинг жасау. Тәжірибе жұмыстары Алматы облысының Қой шаруашылығы ҒЗИ-ның зертханасында, Атырау облысының «Сарайшық» ЖШС-де, Ақтобе облысының «Шекшек Ата» АШӨК-де жүргізіледі.
Биязы жүнді қой шаруашылығында әр түрлі жыныстық-жастық топтары мен желілерінің бастапқы басының өнімділік сапасын орнату. Өнімділігі жоғары аталық-қошқарлардың табыны құрылады, жіңішкелігі 18-21 мкм аралығында меринос жүнді қойлардың қалаулы типі селекциялық аналық топтар құрылады. Бірнуклеотидті полиморфизм негізінде қазақтың биязы жүнді қойы тұқымы популяциясының генетикалық профилі анықталатын болады. Осы мақсатта Қазақстанның түрлі аймақтарында өсірілетін 2000 қойдан биологиялық сынама алынады. Бірнуклеотид мөлшерінде ДНҚ ретін анықтау, ДНҚ бөлу және генотиптеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Биязылау жүнді қой шаруашылығында отандық таза тұқымды биязылау жүнді саулықтардың өз тқлін көбейту қасиеттері анықталады, алынған натижелері бойыншасалыстырмалы баға беріледі. Әр түрлі жыныс-жас топтардың (ақжайықтың етті-жүнді, оңтүстіккавказ, куйбышев қой тұқымдары) қой терінің гистологиялық құрылымы зерттеледі. Цигай тұқымды қазақтың етті-жүнді типтің селекциялық аналық тобы n=500, тірі салмағы 52-55 кг, жүн түсімі 4-4,2 кг, құрылады. Бірнуклеотидті полиморфизм негізінде ақжайық қой тұқымы популяциясының генетикалық профилі анықталатын болады. Осы мақсатта Қазақстанның түрлі шаруашылықтарында өсірілетін 2000 қойдан биологиялық сынама алынады. Бірнуклеотид мөлшерінде ДНҚ ретін анықтау, ДНҚ бөлу және генотиптеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Етті-майлы қой шаруашылығында:
- еділбай, сарыарқа, қазақтың қылшық жүнді құйрықты, қазақтың жартылай қылшық жүнді құйрықты, дегерес және ордабасы қой тұқымдары бойынша жалпы саны 11000 бас болатын саулықтардың селекциялық топтары құралады; - шығарылып жатқан селекциялық қой табындарда өнімділік сапасы орнатылады, сондай-ақ таза тұқымды өсіру және кіріспе будандастырудан алынған қозылар, сондай-ақ көп төлгіш таңдау бойынша; - етті-майлы қой тұқымдарының жоғары бағалы генотиптерін қамтамасыз ететін тиімді таңдау нұсқаларын әзірлеу. Бірнуклеотидті полиморфизм негізінде қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы мен сарыарқа тұқымы популяцияларының генетикалық профилі анықталатын болады. Осы мақсатта Қазақстанның түрлі аймақтарында өсірілетін қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы тұқымы қойларынан – 2000, сарыарқа тұқымы қойларынан 2000 биологиялық сынама алынады. Бірнуклеотид мөлшерінде ДНҚ ретін анықтау, ДНҚ бөлу және генотиптеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Елтірілі қой шаруашылығы. Оңтүстік Батыс Қазақстан аймағында елтірілі қойлардың тұқымдары бойынша селекциялық табында өнімді қасиеттерге баға беріледі және мониторинг жүргізіледі. Елтірілі қойлардың тұқымдарының жоғары бағалы генотиптерін қамтамасыз ететін, тиімді таңдау нусқалары әзірленеді. Ешкі шаруашылығы. Тұқымаралық будандастыру әдісімен (250 бас) және шетел селекциясынан тазатұқымды ешкілер репродукторы (350 бас) сауғандағы сүт шығуы, тиісінше, 600 және 700 кг, тірілей салмағы 48 және 52 кг болатын селекциялық сүтті ешкілер отары құрылады.
«Шошқа шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін жасау». Ғылыми-зерттеу жұм ыстары Қостанай облысы, Таран ауданы, «Ленинское» МШ» ОБ-де 150 ұяда, Оңтүстік Қазақстан облысы, «Ақсұңқар» ШҚ және «Достық» ШҚ-да 60 ұяда, Алматы облысы , Іле ауданы, «Гаврилюк Л.Г.» ШҚ-да 180 ұяда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы шошқа шаруашылығының тұқымдық құрамы зерттелді және шаруашылықтарда асылтұқымды шошқалардың әртүрлі тұқымдарының генетикалық әлеуетін анықтау басталды, сондай - ақ, әкелік желілері, будандастыруға пайдалану үшін тұқымдар анықталды.
Республиканың 10 облысында асылтұқымдық базалары зерттелді. Екітұқымдық будан аналық шошқалар мен аталық шошқаларды өндіру бойынша жұмыс басталады, олардың 500 басына алдын-ала бағалау жүргізіледі. Әртүрлі таңдап алынған аналық шошқалардың ландрас аталық шошқалармен үйлестіруінен алынған ұрпақтардың өсуі мен дамуына зерттеу бойынша зерттеу жұмыстары жасалды, олардық бордақылану сапасы анықталды.. Тірілей массасы 100 кг-ға жеткенде, жасын анықтай отыра, әртүрлі туыстық топқа жататын будандық төлдерді бордақылауды ұйымдастыру бойынша зерттеулер жүргізілді., массасының ортатәуліктік өсімі, сойыстық салмақ шығымы, шошқа қыртысы майының қалыңдығының көрсеткіштері, артқы санының массасы, бұлшық ет көздерінің аумағы, 1 кг өсімге жұмсалатын жемазықтың шығыны. Аналық шошқалардың жаңғырту сапасына баға берілді: көптөлділік; сүттілік; ұяның айыру массасы; торайлардың 21 және 60 күнде сақталуы көрсеткіштері бойынша.Торайлардың 0-21 және 21-90 күндік жаста өлім-жітімінің негізгі себептеріне талдау жүргізіледі.Торайларды 3 күндік жастан бастап стартералдылық және стартерлік және ТСА-мен азықтандырудың технологиясы зерттеледі. Шошқалардың негізгі жұқпалы ауруларына талдау жасалады және зерттеледі.
«Ара шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін құру».
Краин ара тұқымдарының аналықтары қолайлы ұшуы үшін түрлі табиғи-климаттық аймақтарда мониторинг жүргізіледі, аудан-дастырылған (краин, карпат) ара тұқымдарының Оңтүстік Қазақстандық популяциясының генетикалық қорларын және олардың селекциялық жақсаруын (200 отбасы) зерттеледі.
Ара аналықтары қолайлы ұшу үшін түрлі табиғи – климаттық аймаққа мониторинг жүргізілді. Негізгі шаруашылық-тарда ОҚО, Төлебий ауданы - «Мирсидиков» ЖК, ОҚО, Төлебий ауданы - «Нормухамедов» ЖК, ОҚО, Қаратау ауданы - «Демидов» ЖК, ШҚО Глубоковский ауданы -«Сыкунов» ЖК –да 30 ұрықтанбаған аналық және 30 ұрықтық аналықтар алынып, ұрықтың (20 ұрықтық аналық) сіңу дәрежесін зерттелді. «Мёд Алтайский» ШҚ және «ВК СХОС» ЖШСда аналық араларды 1000 данаға дейін көбейту үшін среднерусская ара тұқымының ошағы қалыптастырылады.
|
01.02 |
«Мал шаруашылығы салалары бойынша селекцияның тиімді әдістерін жасау» |
"Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Мусабаев Бакитжан Ибраимович |
«Қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылындағы тиімді селекциялық әдістерді әзірлеу».
Импорттық генофондты қолдану арқылы алынған (қошқарлар немесе мұздатылған тұқым) дорпер, иль-де-франс, гемшпир, ромни-марш және гиссар тұқымдарынан алынған әртүрлі генотипті асыл тұқымды қозылардың өсүі, дамуы және өсімділік-биологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Азықтандырудан және бордақылаудан кейін 4-4,5 айлық кезінде ет өнімділігі, ет сапасы зерттелетін болады. Еттің морфологиялық және химиялық құрамы, калориясы анықталатын болады. Алматы және Түркістан облыстарында – дорпер, Алматы облысында - иль-де-франс, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында - гемшпир, Жамбыл облысында - ромни – марш, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – гиссар тұқымы бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізілетін болады. Гетероздың тиімділігіне байланысты, қозылардың тірі салмағы 10-15 % артады, жалпы саны 5000 бас. 2018 жылы лапароскопиялық және цервикалдық әдіспен өндірілген 200 қой және 24000 асыл тұқымды саулықтар есепке алынады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы негізгі шаруашылықтарда лактороскопиялық әдіспен 200 бас және цервикалдық әдіспен 25000 бас асыл тұқымды саулықтар жаңа сұйылтылған және қатырылған тұқыммен ұрықтандырылады. Келесі жұмыстар жасалынады: аталық текенің қатырып-ерітілген шәуітімен ұрықтарылған ешкілерің лақтарды есепке алу; ұрықты қатыру технологиялары мен аталық текенің ұрығын криоконсевациялау үшін ортаның құрамын сынау; шәуіттін 200 дозасы қатырылды. Ұрықтану қабілеттілігін зерттеу үшін, аталық текелердің қатырып-ерітілген ұрығымен ешкілерді қолдан ұрықтандыру. Заанен аталық текелермен жергілікті ешкілерді будандастыру арқылы сүттін өнімділігін жоғарлату мен жетілдіру үшін зерттеу жүргізіледі және ұрпақтарының шаруашылық-пайдалы белгілері зерттеледі. Тәжірибе жұмыстары Алматы облысының Қой шаруашылығы ҒЗИ-ның зертханасында, Атырау облысының «Сарайшық» ЖШС-де, Ақтобе облысының «Шекшек Ата» АШӨК-де жүргізіледі.
Биязы жүнді қой шаруашылығында әртүрлі аталық іздердің пайдалынған ұрпақтарының өнімділік және жүн сапасы анықталады, жетекші селекциялық белгілер бойынша аналықтарға қошқарды тиімді нұсқаларын таңдау орнатылады. Элита аналық басы 15,0 мыннан асыды, селекциялық аналық тобы 11,8 мын басты құрайды тірі салмағы 57,0-67,0 кг, жүылған жүн түсімі 3,7 кг аса. 2017 жылы туылған қошқарларға ұрпақтын сапасы бойынша баға беріледі және өнімділік белгілері жақсартанын қошқарлар анықталды. Биязылау жүнді қой шаруашылығында биязылау қойлардың еттілік өнімділігі, 4-4,5 айлық қозылардын ет сапасы, жайып семірту және бордақылаудан кейін, жүн өнімділігі, жүннің физико-механикалық қасиеттері зерттеледі. Қошқарларға, қозылардың туу және енесінен бөлгендегі сапасы бойынша алдын-ала сипаттамасы беріледі. Қырқылған жүн морфологиялық құрамы және талшықтардың физика-механикалық қасиеттері ескере отырып, бір жасар ұрғашы тоқталардың жүн өнімділігінің сапасы және деңгейі анықталады. Етті-майлы қой шаруашылығында асыл тұқымды өсіруден және енгізілген будандастырудан алынған, сондай-ақ көбейту арқылы іріктеуден алынған қозылар мен жас төлдердің өсуі мен даму ерекшеліктері белгіленеді. Асыл тұқымды және будандастырудан алынған қойлардың ет және ет сапасы 4 және 16 айлық кезеңде анықталады. Еділбай, сарыарқа, қазақтың құйрықты жартылай қылшық, дегерес, ордабасы және «Ақбасар» тұқымдары үшін 15 мың бас асыл тұқымды селекциялық топтар қалыптасады. Елтірілі қой шаруашылығы. Елтірілік тұқымды қойлардың бойы, дамуы және басқа биологиялық өнімді белгілеріне анықтау жүргізіледі, осыған байланысты жануарлардың қалаған түрлі селекциялық топтары құрылады. Селекциялық белгілері бойынша елтірілік тұқымды желілік атық қошқарлары анықталады.Ешкі шаруашылығы. Тұқымаралық будандастыру (400 бас) әдісімен және шетел селекциясынан тазатұқымды ешкілер репродукторы (600 бас) сауғандағы сүт шығуы, тиісінше, 600 және 700 кг, тірілей салмағы 48 және 52 кг болатын селекциялық сүтті ешкілер отары құрылады.
«Шошқа шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін жасау». Көптөлділік, бордақылану және еттік сапалары бойынша селекциялық индекстерін анықтау үшін генетикалық параметрлер жасалады. F1 ұрпағы (ақсайлық қара ала х ірі ақ) және F2 (F1хдюрок) будан ұрғашы торайлар мен еркек торайлар алынды, оларға бағалау жүргізілді. Шағылыстыру процесі барысында тұқымдардың шаруашылық-пайдалы белгілері бойынша комбинациялану қабілеттері зерттелді және осы негізде тиімдірек бастапқы ата-аналық түрлері белгіленді.
Әртүрлі таңдап алынған аналық шошқалардың ландрас аталық шошқалармен үйлестіруінен алынған ұрпақтардың өсуі мен дамуына зерттеу бойынша зерттеу жұмыстары жасалды, олардық бордақылану сапасы анықталды.. Тірілей массасы 100 кг-ға жеткенде, жасын анықтай отыра, әртүрлі туыстық топқа жататын будандық төлдерді бордақылауды ұйымдастыру бойынша зерттеулер жүргізілді., массасының ортатәуліктік өсімі, сойыстық салмақ шығымы, шошқа қыртысы майының қалыңдығының көрсеткіштері, артқы санының массасы, бұлшық ет көздерінің аумағы, 1 кг өсімге жұмсалатын жемазықтың шығыны. Аналық шошқалардың жаңғырту сапасына баға берілді: көптөлділік; сүттілік; ұяның айыру массасы; торайлардың 21 және 60 күнде сақталуы көрсеткіштері бойынша. Аталық шошқалар мен аналық шошқаларды әртүрлі үйлестіруден таңдап алынғын ұрпақ алу, олардың туған кезде, 2,4,6 айлық кезінде салмақтарын өлшеу.
Базалық шаруашылықтарда аналық шошқаны 21 күнге дейін жазып белгілеп тұратын отандық станок зерттеледі, қалыптастырылады және ендіріледі. Ұяны ерте анасынан айыру технологиясы зерттеледі және жекелей супер айыру технологиясы ендіріледі. Төлдерді өсіп-жетілдіру аймақтарының ветеринарлық аман-саулығын және биологиялық қауіпсіздігі және төлдердің иммунитеттін арттыру үшін дәрі-дәрмектерді пайдалану мәселелері зерттеледі.
Аталық шошқалардың тұқымдарын криоконсервациялап алудың және аналық шошқаларды қолдан ұрықтандыру бойынша әдістемелерді шығарудың әлемдік технологиясын ендірудің тәжірибесі зерттеледі және асылтұқымдық және тауарлық шаруашылықтарда аналық шошқаларды қолдан будандастыру әдістемесі жасалады
«Ара шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін құру».
Оқшауланған жерлерде краин ара тұқымдарының ұрықтық ара аналықтарын алу үшін модификациялық технологиясын өңдеп енгізу. Краин ара тұқымдарының аналықтары қолайлы ұшуы үшін түрлі табиғи-климаттық аймақтарда мониторинг жүргізіледі. Негізгі шаруашылықтарда ОҚО, Төлебий ауданы - «Мирсидиков» ЖК, ОҚО, Төлебий ауданы - «Нормухамедов» ЖК, ОҚО, Қаратау ауданы - «Демидов» ЖК, ШҚО Глубоковский ауданы -«Сыкунов» ЖК –да 30 краин тұқымды ұрықтық аналықтарды алу және ұрықтың (20 ұрықтық аналық) сіңу дәрежесін зерттеледі.
Қазақстанның шығыс және оңтүстік өңірлерінде аймақтық аралар тұқымын іріктеу және көбейту әдістері жетілдірілетін болады. Оқшауланған жерлерде ұрықтанған аналық араларды алу технологиясын енгізу және жасау.
|
01.03 |
«Мал шаруашылығы салалары бойынша селекцияның тиімді әдістерін жасау» |
"Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Мусабаев Бакитжан Ибраимович |
«Қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылындағы тиімді селекциялық әдістерді әзірлеу». Дорпер, иль-де-франс, гемпшир, ромни-маршжәне гиссар қой тұқымдарының асыл тұқымды қошқарларын пайдалану жолымен тауарлы қой басының ет сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Қазақстанның түрлі аймақтарында тауарлы қой басының ет сапасын жақсарту, 10-15%-ға арттыру жұмыстары шетелден әкелінген тұқымдық қошқарларды немесе олардың мұздатылған ұрықтарын қолдану арқылы жүргізіледі және алынған будандардың шаруашылық –пайдалы белгілері зерттеледі. Тұқымдық қошқарлар төл сапасы бойынша бағаланады. Дорпер, иль-де-франс, гемпшир, ромни-марш және гиссар қой тұқымдарының жоғары өнімді тұқымдық қошқарларымен тауарлы қой басын будандастыру бойынша ұсыныстар дайындалады. Эксперименттік жұмыстар дорпер тұқымы бойынша Алматы және Түркістан облыстарында, иль-де-франс – Алматы, гемшир- Жамбыл және Шығыс Қазақстан, ромни-марш − Жамбыл, гиссар Атырау, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізіледі. Жұмыстар 7200 бас саулыққа жүргізіліп, алынған төлдердің тірілей салмағы 10-15 %-ға арттырылады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының базалық шаруашылықтарында лапороскопиялық әдіспен ұрықтандырудан алынған 200 саулықтың, цервикалдық әдіспен ұрықтандырылған 25 000 асыл тұқымды саулықтың төлдерінің есебі алынады. Қойдың жүн түсімі, тірілей салмағы, ет өнімділігі мен өсімталдық қасиеттерін арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелері талданады Қой шаруашылығында малды қолдан ұрықтандыру әдістері мен оңтайлы технологияларын пайдалану бойынша ұсыныстар беріледі. Ешкі шаруашылығында мұздатып-ерітілген ұрықты пайдаланудан алынған лақтардың есебі жүргізіледі және тұқымдық-текелердің ұрықтарын мұздату және ұрықты мұздату технологиясы бойынша мұзатқыш сұйықтықтарды сынау жұмыстары жүргізіледі. Текелердің табиғи ұрығы сараптаудан өткізіліп, ұрықтың морфологиялық құрамы зерттеліп, жақсарту жолдары қарастырылады. Ешкілерді ұрықтандырудың нәтижелері, тұқымдық текелер ұрықтарын сақтау ұзақтығы, алынған төлдердің сапасын бағалау жұмыстары жүргізіледі. Текелер ұрығын алу және сақтау технологиялары ғылыи негізделіп, игеріледі. Тұқымдық текелер ұрығын алу және сақтау технологиялары бойынша ұсыныстар игерілетін болады. Биязы жүнді қой шаруашылығында қойлардың шаруашылық-пайдалы белгілерін сақтау және жетілдіру бойынша селекциялық бағдарлама игеріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың архармериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, етті меринос және Қазақстан мериносы қой тұқымдарының генетикалық әлеуеті анықталып, базалық шаруашылықтың 28 мың бастан астам саулықтан құралған асыл тұқымды мал топтарының шаруашылық-пайдалы белгілері мен өнімділік қасиеттері бағаланады. Өнімділігі жоғары мал топтары, тірілей салмағы 58-68 кг, жүн түсімі 3,2-3,8 кг, соның ішінде жуылған жүн шығымдылығы 56-63% құрағанда талшықтарының жіңішкелігі 18-21 мкм-ды құрайтын саулықтардың селекциялық топтары құрылады. Мал басын өсіруге қалдырылған 2017 жылы туған еркек қозылар төлдерінің сапасы бойынша бағаланады және олардың арасынан өнімділік белгілерді жақсартушылар анықталады. Биязы жүнді қойлардың шаруашылық-пайдалы белгілерін сақтау және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар дайындалады. Биязылау жүнді қой шаруашылығында қойдың шаруашылық-пайдалы белгілерін сақтау және жетілдіру бойынша селекциялық бағдарлама даярланады. Селекциялық мал топтарының шаруашылық-пайдалы белгілері жетілдіріледі: - жуылған жүн түсімі − 2,2-2,6 кг, тірілей саламағы− 60-65 кг құрайтын 2000 бас қазақтың етті тезжетілгіш биязылау жүнді қой тұқымы;
- жуылған жүн түсімі − 2,3-2,8 кг, тірілей салмағы− 58-62 кг құрайтын 1000 бас қазақтың етті-жүнді қой тұқымы; - жуылған жүн түсімі − 2,2-2,7 кг, тірілей салмағы− 56-60 кг құрайтын 300 бас қазақтың етті-жүнді биязылау қой тұқымы;- жуылған жүн түсімі − 2,5 кг, тірілей саламағы− 60-62 кг құрайтын 2200 бас қазақтың ақжайық етті-жүнді қой тұқымы; жуылған жүн түсімі − 2,3-2,5 кг, тірілей саламағы− 52-55 кг құрайтын 500 бас цигай тұқымының жүнді-етті қазақ типі. Етті-майлы қой шаруашылығында қойлардың шаруашылық-пайдалы белгілерін жетілдіру және сақтау бойынша селекциялық бағдарлама жасалады. Асылтұқымды көбейту және кіріспе будандастыру мен төлшендік бойынша таңдап алынған қозылар мен қойлардың төлінің өсу және даму ерекшеліктері анықталады. Асылтұқымды мен будандастырылған қой төлі топтарында, селекцияланатын белгілердің өзара байланыстары анықталады. Байыс типті жартылай қылшық жүнді қазақтың құйрықты қой тұқымының шаруашылық-пайдалы белгілерін жетілдіру бойынша селекциялық әдістерді қолдану және жаңадан шығарылатын қылшық жүнді құйрықты қой тұқымымен жүргізілетін асылдандыру жұмысы бойынша ұсыныстар жасау жұмысы бітіріледі. Елтірілі қой шаруашылығы. Елтірілік бағытында өнімділігі бар қойлардың әртүрлі генотиптерін көбейтудің экономикалық тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жалғастырылады. Көбейтудің белгілі дәстүрлі технологиясымен салыстырғанда, жасалған селекциялық бағдарламада ауыл шаруашылық құрылымдарына әртүрлі меншік нысандарын еңгізу, елтірілік қой шаруашылығының табыстылығын 10,0-15,0% өсіруге жағдай жасалынады. Қазақстанның Оңтүстік Батыс өңірінде шаруашылық-пайдалы елтірілік қой тұқымын сақтау және жетілдіру бойынша ұсыныс дайындалады. Ешкі шаруашылығы. Сүтті ешкілердің шаруашылық-пайдалы белгілерін сақтау мен жетілдіру бойынша селекциялық бағдарлама дайындалады. Тірі салмағы 48-52 кг, лактация кезінде 600-700 кг сүттін мөлшерін беретін, тұқымаралық будандастыру (600 бас) және ешкілерді шетелдік селекция репродуктор (900 бас) бойынша асылтұқымдық көбейту әдісі бойынша сүтті ешкі саулықтарының селекциялық отарасы құрылады.
«Шошқа шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін жасау». Аталық шошқалар мен аналық шошқалардың генеалогиялық қатыс-тылығының шошқалар-дың таза тегін өсіруде және шағылыстырудың әртүрлі нұсқаларында топтық және жекелей іріктеудің тиімділігіне әсері зерттеледі. Шошқа шаруашылығында бордақыланатын төлдің өсімталдық сапасын арттыру үшін будандастыруды ендірудің тиімділігі зерттеледі. Будандас-тыруда аналық негіз ретінде пайдалану үшін ұябасылар мен тұқымдар анықталды. Шошқалар-дың асылтұқымдық базасына,генетикалық әлеуетіне талдау жүргізілді. Бақылаулық өлшеу кезінде әрі қарай будандастырудың талаптарына көбірек сәйкес келетін түрлердің өсімталдық сапаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі, бұл өндірістің табыстылығын 20 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Шошқа өсірудің әртүрлі жүйелерінде асылтұқымдық таңдаудың тиімділігіне баға берілді. Желіішілік іріктеудің әртүрлі әдістерінде желілердің генотиптік сипаттамасы зерттеледі.Тұқымішілік іріктеуді пайдаланған кезде, саланың табыстылығы 15 % -ға артады. Әртүрлі аналық және аталық шош-қаларды үйлестірудан алынған төлдердің бордақылану сапалары анықталған. Будан аналықтардың топтары құрастырылды және оларға аталық шошқаларды іріктеу жүргізілді. Аналық шошқалардың жаңғырту сапасына баға берілді: көптөлділік; сүттілік; ұяның айыру массасы; торайлардың 21 және 60 күнде сақталуы көрсеткіштері бойынша.. Ғимараттың темпера-туралық тәртіптемесі зерттеледі және төлдер үшін температуралық тәртіптемені сақтау және ұстау жөнінде технологиялық шешім-дер жасалады. Жүргізілген зерттеулер-дің экономикалық тиімділігінің талдауы жасалды. 5-30 күндік жастағы төлдер үшін топпен азықтандырудың өндірістік макеті зерт-теледі және дайындау жөнінде ұсыным жасалады. Зерттеулер өткізіледі.
«Ара шаруашылығында селекцияның тиімді әдістерін құру».
Аналық аралардың ұрықтандыру дәрежесі мен алынған ұрықтың (20 ара отбасы) тазатұқымдылығына салыстырмалы сараптама жүргізіледі..
Краинской тұқымды бал араларының тұқымішілік жаңа түрі шығарылады. базалық шаруа-шылықтарда популя-цияларға қарағанда қысқа төзімділігі жоғары және 10-20% ерте дамитын. Ара шаруа-шылығы өнімдерін өндіру құны 10-15% -ға азаяды. Қазақстанның шығыс және оңтүстік өңірлерінде аймақтық аралар тұқымын іріктеу және көбейту әдістері жетілдірілді. Омарташы-лардың асыл тұқымды тазатұқымды материал-дарды қанықты-руына байланысты бал өндірісінің артуы. Жал-пы алғанда, ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша бағдарлама шеңберінде 2018-2020 жж 40 мақалалар, оның ішінде 1-нөлдік емес импакт-фактор 2 - ұсыныстар, 1 – әдістеме жприяланады. 2019 жылы 10 мақала жарияланды. 2020 ж. – 30 ғылыми мақала, оның ішінде 1-нөлдік емес импакт-фактор 2 - ұсыныстар, 1 – әдістеме.
2018-2020 жылдарға Мем 7.32-2001 сәйкес аралық және қорытынды есептер беріледі. |